Оқулық Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж


Қазақстан Республикасындағы



бет8/37
Дата19.11.2022
өлшемі150.33 Kb.
#465229
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Инвестиция негіздері оқу құралы

2.3

Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестициялар

Шетелдік инвестициялар – бұл ҚР аумағындағы кәсіпкерлік қызметтің объектісіне шетел инвесторына тиесілі азаматтық құқықтардың, соның ішінде ақша қаражаттардың, бағалы қағаздардың, мүліктік, интеллектуалдық құндылықтардың және ақпарат нәтижелеріне ерекше құқықтардың ақшалай бағасына ие мүліктік құқықтар объектісі түрінде шетел капиталын салу.
Сыртқы инвестициялаудың негізгі көзі – шетелдік тікелей инвестициялар болып табылады.
Шетелдік тікелей инвестициялар тек ішкі капитал салымдарының қосымша көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа жетілдірілген технологияларға, сыртқы қарыздарды өткізу жүйесіне, қаржыландырудың жаңа көздеріне қол жеткізу әдісі ретінде қарастырылуы мүмкін және шетелдік инвесторлар жаңа өндірістерді құруға көмектесуі мүмкін.
Шетелдік тікелей инвестициялар шетелдік инвесторлар- дың салған капиталының отандық кәсіпорыннан артықшылығы болумен түсіндіріледі.
Қазақстан экономикасына 1998-2018 жылдар аралығында 300 млрд долллар көлемінде тікелей шетел инвестициясы тартылды. Шетелдік тікелей инвестициялар трансұлттық компаниялар,
халықаралық институттар, шетелдік банктер есебінен құрылған. Негізгі шетелдік инвесторлар – АҚШ, Оңгүстік Корея,
Жапония,Ұлыбритания, Қытай, Еуропа мемлекеттері болып табылады.
Әлемде 20000-нан астам трансұлттық компания бар. Қазақ- стан аумағында олардың қызметтері біріккен кәсіпорындардың құрылуымен байланысты дамыды.
Әлемдегі 100-ден аса ірі корпорацияның 35-і мұнай және осыған ұқсас секторларда жұмыс істейді. Егер осыдан 15-20 жыл бұрын ірі трансұлттық корпорациялардың барлығы Батыс Еуропа, АҚШ және Жапония елдерінің үлесінде болса, қазір едәуір бөлігін Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей және Бразилия елдерінің ірі компаниялары құрайды. Өйткені, бұл елдер транс- ұлттық корпорциялардың ел экономикасының іргесін кеңей- тудегі рөліне мән беріп, оларға барынша көмек көрсетуде.

  1. Ең ірі трансұлттық компаниялар – ІІІеврон, Вritish gas, Қытай Ұлттық компаниясы,Тексака, Филип Морис болып табылады.

  2. Халықаралық қаржы институттары:

  1. Халықаралық қайта құру және даму банкі;

  2. Азия қайта құру және даму банкі;

  3. Еуропа қайта құру және даму банкі;

  4. Жапонияның Эксим банкі;

  5. Жапонияның халықаралық серіктестік қоры.

  1. ІІІетелдік коммерциялық банктер.


2-сурет. Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясы Мемлекеттік портфельді инвестициялау кезінде олардың иесі


үшін тек табыс маңызды болады. Ал кәсіпорындарды бақылау олардың мүддесіне жатпайды. Қазақстан экономикасына шетел- ік инвесторларды тарту әлеуметтік-экономикалық дамудағы мәселелерді шешуге көмектеседі:

  • қазақстандық тауарлар мен технологияларды сыртқы нарыққа шығару;

  • әр түрлі салаларда экспорттық әлеуетті кеңейту және импорттың орнын басататын өндірісті дамыту;

  • еңбек күші көп аймақтарға және табиғи ресурстарға бай аудандарға капитал құюға көмектесу;

  • жаңа жұмыс орындарын құру және өндірісті ұйымдас- тырудың алдыңғы қатарлы орындарын шегеру;

  • кәсіпкерлік саладағы өркениетті қатынастардың нәтиже- сін игеру;

  • өндірістік инфрақұрылымның дамуына көмектесу.

Шетел инвестициясын тартудың объективті алғышарты нарықтық қатынастарға өту халықаралық қатынастардың қам- тылуын және ұлттық экономиканың әлемдік экономикалық
кеңістіктегі интеграциясын анықтайды. Осыған байланысты 1994 жылы 27 желтоқсан айында «Шетелдік инвестициялар туралы» заң (күші жойылған) қабылданды, бұл заң шетел инвесторларының құқығын және ҚР-ның аумағында инвести- циялық қызметті ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекітті. Осы заңға байланысты шетел инвестицияларын тартудың негізгі мақсаттары келесілер болып табылды:

  • өндірісті дамыту және экономиканы көтеру үшін инвес- тицияны ресурстармен қамтамасыз ету;

  • жаңа техника мен технологияны енгізу және өндіріс тиімділігін арттыру үшін еңбекті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізу;

  • әлемдік шаруашылықтың жаһандануымен байланысты шаруашылық байланыстарды дамыту.

Сонымен қатар, шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі қағидалары да анықталған:

  1. экономикалық мақсаттылық қағидасы (сала немесе мем- лекет үшін өткізудің тиімділігі және табыстылығы);

  2. экономикалық және экологиялық қауіпсіздік қағидасы, яғни инвестицияны жүзеге асыруда келесі талаптар бұзылмауы тиіс:

    • табиғи ресурстарды тиімді пайдалану;

    • экологияға қауіп туғызуға жол бермеу;

    • мемлекеттен заңсыз түрде капиталды алып шығуға тиым салу;

    • ескі техника мен технологияны енгізуге тиым салу. 1990 жылдарда шетел инвесторлары инвестицияларды капи-

талды көп қажет етпейтін тез өтелетін инвестициялық жобалар- ға, әсіресе саудаға, қоғамдық тағамға, өңдейтін өнеркәсіп сала- ларына салған. Сол уақытта капиталды көп қажет ететін сала- ларға, сонымен бірге ғылыми-техникалық прогрестің дамуын анықтайтын салаларға инвестициялардың көлемі аз болатын. Қазақстандағы шетелдік тікелей инвестициялардың маңызды көлемі отын өнеркәсібіне келді, себебі ол дамыған және басқа мемлекеттерге өнімді экспорттауға бейімделген. Осы жағдайда
шетел инвесторлары өздерінің мемлекеттерін шикізатпен қамта- масыз ету мәселелерін шешуге көмектесті.
ҚР-да шетел инвестицияларын тарту 1992 жылдан басталды. Алғашқы экспорттау кешенін – Австрия мен Германия Үкімет- тері берді.
1992-1995 жылдары ҚР шет елден техникалық көмек түрінде
270 млн доллар алды. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 1994 жылы қаржылық экономикаға өту кезінде Қазақстанның эконо- микалық жағдайы келесі факторлармен сипатталды:

  • инфляцияның 15-50%-ға кемуімен;

  • ірі компаниялардың банкротқа ұшырауымен.

1993-1995 жылдар аралығында республика экономиканы жүйелі қайта құруды жүргізу және макроэкономикалық тұрақ- тылық пен реформаны қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша Халықаралық валюта қорымен келісім жасады.
1994 жылы қазан айында парламент «Инфляция туралы» заң қабылдады. Осы заңмен біздің экономикалық салаларымызға байланысты инвесторларға келесідей құқықтар берілді:

  • пайданы еркін қолданып, шетелдік банктерде шот ашу- ларына рұқсат етілді;

  • инвесторларға өздерімен бірге мамандарды шетелден әкелуге рұқсат берді;

  • жабдықтарды, компьютерлерді әр түрлі салық салулар- дан босатты.

Тікелей инвестицияның алғышарты оның мемлекеттік қарыз- ға әсер етпеуінде, ал, халықаралық органдардан алынған займ- дар үкіметтің кепілдігімен алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет