Инвестициялық портфель – инвестициялық объектілерге салымдардың анықталған инвестициялық стратегияға сәйкес мақсатты құрылған салымдардың жиынтығы
Инвестициялық үдерістегі мемлекеттің рөлі – мемлекет орталықтандырылған (әртүрлі деңгейдегі бюджеттер есебінен) және орталықтандырылмаған (мемлекеттік кәсіпорындардың өзіндік және қарыз қаражаттарының есебінен жүзеге асырылатын) капитал салымдарының мемлекеттік саясатын жүзеге асыру
Инвестициялық саясат – инвестициялық қызметті жандан- дыру, экономиканы көтеру мақсатында шаруашылық субъекті-леріне жағымды жағдайларды жасау бойынша шаралар жиынтығы
Инвестицияның тиімділігі – «ақшаның уақытындағы бағамы» концепциясында бағаланады және инвестициялардың тиімділігін бағалау ақша қаражаттар ағымында, жобаны жүзеге асыруда бір-біріне қатарластыруда айқындалады
Инфляция (inflation) – тауарлар мен қызметтерге жалпы баға деңгейінің өсу қарқыны
Инфляция қарқыны (inflation rate) – өлшенген СІР өсу жылдамдығы сияқты бағалардың өсу жылдамдығы
Ипотекалық несиелеу – жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға және салуға (қайта құруға) несиелер беру – көптеген нарық субъектілерінің өзара әрекетін білді- ретін маңызды экономикалық және әлеуметтік функ- цияларды орындайтын несиелік қатынастардың формасы
Капитал жұмсалымы – бұл жаңа қорларды құру, істеп тұрған негізгі қорларды кеңейту, техникалық жағынан қайта қаруландыруға жұмсалған шығындар жиынтығы
Капитал нарығы (capital markets) – ақша нарығына қарағанда жоғары тәуекелмен сипатталатын ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды кіріктіретін нарық
Клиринг (нарықтық өзгерістерді есепке алу) (marking to market) – фьючерстік позициялар бойынша міндетте- мелердің күнделікті қайта есептелуі (барлық сауда қатысушыларының әрбір жұмыс күнінің соңында сол күнгі есептесу бағалары бойынша шоттарындағы қаражаттар көлемінің корректировкасы)
Достарыңызбен бөлісу: |