Инвестициялауда тікелей қатысу – инвестордың инвестиция- лау және қаражаттарды салу объектілерін таңдаудағы тікелей қатысуы. Тікелей инвестициялауды инвести- циялау объектісі туралы нақты ақпаратқа ие және
инвестициялау тетігімен жақсы таныс инвесторлар жүзеге асырады
Инвестициялық банктер (investment bankers) – бағалы қағаз- дардың жаңа шығарылымдарын, колхаттар түрінде (андеррайтинг), сатуға маманданған кәсіпорындар
Инвестициялық жоба – белгілі мақсаттарға жетуді (белгілі нәтижелерді алуды) қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы
Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары – бөлімдердің жалпы қабылданған тәртібі бойынша қысқа формада инвесторды болжанатын инвестициялардың тиімділігі- не сендіруге және жобаны негіздеуге, сонымен қатар бағалауға мүмкіндік беретін жобаның басты сипаттамалары баяндалатын негізгі құжат
Инвестициялық климат – мемлекетте, аймақта инвестициялық қызмет жағдайларын анықтайтын заңдық, ұйымдас- тырушылық, экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени бір-бірімен байланысты факторлар әсерімен қалыпта- сатын жағдай
Инвестициялық компаниялар (investment companies) – жеке инвесторардың ақша қаражатарын тартатын және олар- ды бағалы қағаздарға немесе белгілі бір басқа активтерге инвестициялайтын қаржы делдалдары
Инвестициялық қызмет – инвестицияны жүзеге асыру бары- сындағы инвестициялық үдерістегі әр түрлі қызметтер жиынтығы
Инвестициялық қызметтің субъектілері – бір жағынан, бос инвестициялық ресурстарға ие қатысушылар (инвес- торлар), басқа жағынан, инвестициялық ресурстарда қажеттілігі бар кәсіпорындар, ұйымдар және т.б. деп қарастыруға болады. Инвестициялық қызметтің үшінші жағы инвестициялық институттар мен инвестициялық ресурстардың тұтынушылары арасындағы өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін делдалдар болып табылады
Инвестициялық мүмкіндіктер жиынтығы (investment oppor- tunity set) – инвестициялық портфель үшін «тәуекел- табыстылық» мүмкінді жиынтығы
Достарыңызбен бөлісу: |