Оқулық Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж


Инвестицияның субъектілері



бет4/37
Дата19.11.2022
өлшемі150.33 Kb.
#465229
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Инвестиция негіздері оқу құралы

1.3

Инвестицияның субъектілері мен объектілері

Инвестиция түсінігі инвестициялық қызмет, инвестициялық қызметтің субъектісі және инвестициялау объектісі түсініктері- мен тығыз байланысты.
Инвестициялық қызметтің алғашқы кезеңі – инвестициялау объектісін таңдау болып табылады.
Инвестициялау объектісі дегеніміз инвестицияға бағыттал- ған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрі.
Инвестициялау объектісіне:

  • ақша-қаражаттар, мақсатты банктік салымдар, пайлар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар;

  • жылжитын және жылжымайтын мүліктер;

  • авторлық құқық, ноу-хау және тағы басқа да интеллек- туалдық құндылықтар;

  • жер учаскелері және тағы басқа да ресурстарды пайдалану құқықтары, сонымен қатар, басқа да мүліктік құқықтар мен құндылықтар жатады.

Объектілердің жіктеленуі келесідей бөлінеді:

  1. Масштабы бойынша:

  • кіші жобалар (15 млн долларға дейін);

  • мега жобалар – бұл ұзақ мерзімді жобалар (50 жылға дейін, 5 млрд доллардан жоғары), олар көптеген кіші жобалар- дан тұруы мүмкін.

  1. Инвестициялау сипатына байланысты:

  • мемлекеттік маңызды және масштабты объектілер (сала- лық, аймақтық, жергілікті).

  1. Сатып салу деңгейі бойынша:

  • тез сатып алынатын немесе белгілі бір уақыт аралығында сатып алынатын болып бөлінеді.

Инвестициялық қызметтің субъектілеріне:

Инвестициялық қызметтің субъектілері ретінде, бір жағы- нан, бос инвестициялық ресурстарға ие қатысушыларды (инвес- торларды), екінші жағынан, инвестициялық ресурстарға қажет- тілігі бар кәсіпорындарды, ұйымдарды және тағы басқаларды қарастыруға болады. Инвестициялық қызметтің үшінші жағы инвестициялық институттар мен инвестициялық ресурстардың
тұтынушылары арасындағы өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ететін делдалдар болып табылады.
Инвестициялық қызметте инвесторлар маңызды орын алады. Инвесторлар салымшылар, тапсырыс берушілер, несие беруші- лер, сатып алушылар ретінде инвестициялық қызметтің кез кел- ген қатысушының функцияларын атқара алады. Инвестор- лардың кәсіпкерлік қызметінің кез келген объектілері мен түрлеріне инвестициялар салуды жүзеге асыруға құқығы бар.
Отандық заңнамаға сәйкес инвестор – бұл инвестициялық жобаға өзіндік және басқа да тартылған меншікті қаражаттар мен интеллектуалдық қаражаттарды салуды жүзеге асыратын және шешім қабылдайтын, сондай-ақ олардың мақсатты пайда- лануын қамтамасыз ететін заңды немесе жеке тұлға деп көрсетілген. Сонымен қатар, инвесторлар:

  • мемлекеттік және жергілікті мүліктік құқықтарды, мүлікті басқаратын органдар;

  • жеке тұлғалар, соның ішінде шетелдік жеке тұлғалар;

  • кәсіпорындар, кәсіпорын одақтары және басқа заңды тұлғалар, сонымен қатар шетелдік заңды тұлғалар, мемлекеттер және халықаралық ұйымдар болуы мүмкін.

Инвесторлардың кәсіпкерлік қызметінің инвестицияларды жүзеге асыратын объектілері мен түрлеріне қатысты құқықтары мен міндеттері «Инвестициялар туралы» (күші жойылған) заңында, ҚР-ның өзге де заңнамалық актілерінде және тиісті шарттарда белгіленген. Сонымен қатар, инвестордың құқықтары мен мүдделері толық және сөзсіз қорғалады, ол ҚР-ның Конституциясымен, ҚР-ның инвестициялар туралы заңдарымен және басқа да нормативтік-құқықтық актілерімен, сондай-ақ ҚР- сы бекіткен халықаралық шарттармен камтамасыз етіледі.
Инвестор мемлекеттік органдардың ҚР-ның заң актілеріне сәйкес келмейтін актілер шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерінің салдарынан өзіне келтірілген зиянды ҚР-ның азаматтық заңда- рына сәйкес өткізуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Үкіметі инвесторлар мен ҚР- ның мемлекеттік органдары арасында жасалынған шарт-талап- тарының тұрақтылығына кепілдік береді.
Бұл кепілдіктер импорттың, өндірістің, акцизделетін тауар- ларды өткізудің тәртібі мен талаптарын өзгертетін ҚР-ның заң- дарындағы өзгерістерге және ҚР-ның халықаралық шарттарын күшіне енгізу мен олардың өзгерістеріне, сондай-ақ, ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтау мен иман- дылықты камтамасыз ету мақсатында ҚР-ның заң актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға қолданылмайды.
Сонымен қатар, инвесторлар:

  • ҚР-ның заңдарына сәйкес салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін өзінің қызметінен алынған кірістерді өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы;

  • ҚР-ның аумағындағы банктерде ҚР-ның банктік және валюталық зандарына сәйкес ұлттық валютамен және шетелдік валютамен банктік шоттар ашуға құқылы.

Инвесторлардың заңды тұлғаларды тіркеуі, олардың жарғы- лары, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеуі, берілген лицензиялар туралы ақпаратқа, сондай-ақ олардың инвестиция- лық қызметті жүзеге асыруымен байланысты коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтымайтын ҚР-ның заңнамалық актілерімен көзделген өзге де ақпаратқа еркін қол жеткізуі қамтамасыз етіледі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi индустрия және елді индустриалық-инновациялық дамыту, ғылыми-техникалық дамыту, мемлекеттік инвестициялық саясат және инвестицияларды қолдау саясаты, қолайлы инвестициялық жағдай жасау, арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс iстеуi және оларды тарату, экспорттық бақылау, инвестицияларды мемлекеттік қолдау саясатын іске асыру салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет