Айрықшатәртіпбюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сомасын 50%-ке азайтуды білдіреді.
Бұл өзгерістер бизнеске салынатын салық ауыртпалығының деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді және компанияларға тауарлар өндіру мен қызметтерді көрсетуге, айналым капиталын толықтыруға, негізгі қорларды жаңартуға инвестиция жасау үшін қосымша қаржылық мүмкіндіктер береді.
Инвестициялық саясаттың негізгі мақсаты – отандық эко- номиканың өсуіне және қоғамның өндіріс тиімділігін көтеруге бағытталған инвестициялық қызметті белсендендіру болып та- ылады.
Мемлекеттік инвестициялық саясаттың қағидалары келесі- дей анықталған:
құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру және тиімді ұлттық экономиканы құру;
жоғары технологияларды енгізу негізінде өндірісті же- тілдіру;
нарық инфрақұрылымының дамуы және институционал- дық түрлендіру;
инвестициялық климатты жақсарту және қор нарығын дамыту мақсатында заң шығаруды жетілдіру;
салық жүйесін, несиелерді, кеден, баж салықтарын пай-
далана отырып, инвестициялық белсенділікті экономи- калық реттеудің жаңа және нарықтық әдістерін енгізу.
Мемлекеттік инвестициялық саясаттың стратегиялық мақ-сатыэкономикалық өсудің нақты, тұрақты және үдемелі қарқынын, прогрессивті құрылымдық жылжуды, өндірістің модернизациясын қамтамасыз ете алатын, әлеуметтік мәселе- лерді және елдің экономикалық қауіпсіздігі мәселесін шеше алатын инвестициялық ресурстарды құру мен тиімді пайдалану үшін ұйымдастырушылық-экономикалық және нормативтік- құқықтық жағдай туғызу болып табылады.
Инвестициялықсаясаттыңқұрылымыкелесілерден тұрады:
бағалы қағаздар шығару және олардың айналымы. Инвестициялық белсенділікті ынталандыру тетігі салықтық,
бюджеттік және қаржы-несиелік реттеу кұралдарының жиынты- ғына ие болуы және экономиканы инвестициялау үшін қажетті қаржыны көбейтуге ықпал етуі.
Инвестициялықсаясаттыжүргізудіңбағыттары:
халық қажеттілігін қанағаттандыру үшін өндірісті оңтай- ландыру;
қоршаған ортаға зиян келтірмеу жағдайында табиғи ресурстарды аз мөлшерде пайдалану.
Инвестициялықсаясаттыңқұрылымдықэлементтері:
инвестицияны қаржыландыру көздері мен әдістерін таң- дау;
инвестиция нарығында қызмет ету үшін қажетті норма- тивтік-құқықтық негізді салу;
инвестиция тарту үшін жағымды жағдайлар жасау.
Инвестициялық саясаттыңтиімділігіинвестициялық кли- матты жағымды жаққа қарай өзгерту дәрежесімен анықталады.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуі үшін жаңа инвестициялық толқынның берері мол. Қазіргі уақытта Қазақстан шетелдік инвестицияның адам басына шаққандағы түсімі бойынша ТМД елдері арасында ең алдынғы орынды иемденіп отыр. Экономикалық үдерістерді басқару қағидасының жүйесі Қазақстанның инвестициялық саясатының үлкен басымдылықтарына ие екендігін көрсетеді.