ҚР-да экономиканың басым секторларын дамытуды және индустриалды-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру ел келешегінің дамуындағы ең басты бағыттардың және міндетті шарттардың бірі. Соңғы жылдары инновациялық саясатты қалыптастыруға деген ұмтылыс маңызды мәселеге ай- налды. Сол себепті еліміздегі индустриалды-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асырылуы маңызды болып табылады.
ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген ҚР-ның индус- триалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арнал- ған стратегиясының негізгі бағыттары бойынша елімізде жұмыстар жүргізіліп келеді. Мемлекет жоғары технологиялы өндірістер қалыптастыруға, оның ішінде шетелдік те, сала- аралық та технологиялар трансфертінің тиімді жүйесін жасауға жәрдемдесу үстінде. Сонымен қатар, жоғары ғылыми-техноло- гиялық әлеуеті бар ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік
ұйымдар мен кәсіпорындар желісі бар қалаларда қазіргі заманғы ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды жасап, оның қазіргі заманғы элементтерінің қызметін (технопарктер, ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар және c.c.) қолдауда. Ғылыми-техникалық және өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындардың инновациялық қызметін ынталандыруға, ғылым мен инновациялар салаларына инвестициялар тартуға, өнеркәсіп пен қызмет көрсету саласына инновациялардың жылдамырақ енуіне бағытталған заң шығару базасы да елімізде барынша жетілдіріліп жатыр. Бұл Қазақстанда индустриалды- инновациялық саясаттың алғышарты жасалғанын көрсетеді.
Индустриалды-инновациялық дамудың 2003-2015 жж. және 2010-2014 жылдарға арналған стратегиясының маңызды міндет-терінің бірі мақсатты инвестициялық және ғылыми-техникалық стратегияларды іске асыру, инвестициялық белсенділікті реттеу мен ынталандыру болып табылады. Бұл индустриалды-инно- вациялық дамуды, қазіргі мемлекеттік басқару жүйесін қайта қарауды және белгілі бір дәрежеде қайта құруды қажет етеді.
Өңдеуші өнеркәсіптің әлемдік экспортындағы ҚР-ның үлесін ұлғайту және барлық факторлардың өнімділігінде дамыған елдерден алшақтықты қысқарту арқылы 2035 жылға қарай өңдеуші өнеркәсіпте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ең дамыған елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің орташа деңгейіне қол жеткізу индустрияландыру саясаты болып табылады. 2010-2014 жылдары Қазақстан Республикасын үде- мелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекет- тік бағдарлама шеңберінде бірінші кезең іске асырылды, онда индустриялық даму үшін заңнамалық, инфрақұрылымдық және институционалдық негіздер қаланды.
Индустриалды-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған стратегиясының мақсаты – еңбек өнімділігін арттыру- ға және өңделген тауарлар экспортының көлемін ұлғайтуға бағытталған өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін екпінді ынталандыру. Сондай-ақ, міндеттері: дәстүрлі секторлардағы кәсіпорындарды жаңғырту есебі- нен тиімді базалық индустрияны құруды аяқтау;
сала түзуші ірі жобаларды іске асыру арқылы индустрия- лық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыру;
экспортқа және өз еңбегінің өнімділігін үнемі арттыруға бағдарланған тиімділігі жоғары индустриалдық кәсіпкер- ліктің пайда болуы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
инновациялық белсенді бизнестің сындарлы мөлшерінің пайда болуы үшін алғышарттар жасау.
Стратегияларда қойылған мақсаттар мен міндеттерге тиімді қол жеткізу үшін олардың шеңберінде стратегияны одан әрі жүзеге асыруда күтілетін жаңа экономикалық шарттарды ескере отырып, оны іске асыру тетіктерін сапалық жағынан жаңадан толықтыру және экономиканы одан әрі жаңғырту, экономика- ның барлық салалары мен капиталды қарқынды дамыту бойын- ша мемлекеттің кешенді күшін айқындау талап етіледі.
ҚР-сын индустриалды-инновациялық дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалары «Қазақстан-2050» стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарына, Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVI жалпы отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырманы орындау үшін және ҚР Президентінің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқы- на Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленген.
Стратегияларды жүзеге асыру мақсатында даму институт- тары қызмет атқарды. Жалпы алғанда, даму институттарының тұрақты жұмыс істеуі орталықсыздандыру,мамандандыру,бәсекелестікжәнеашықтыққағидаларынанегізделетін бір- ыңғай жүйені қалыптастыруы тиіс.
Орталықсыздандыруқағидасыжеке сектордың бастамала- рын қолдау (қаржылай қолдау) көздерінің сан түрлі болуын білдіреді. Іс жүзінде бұл мемлекеттің қаржы және ақпараттық ресурстарды бір ғана даму институтына жұмылдырмайтынын білдіреді. Бұл шешімдерді қабылдау кезінде мүмкін болатын жүйелі тәуекелдерді болдырмауға және бәсекелестіктің негізін салуға, соның нәтижесі ретінде қолдау көрсету кезінде
неғұрлым ашық саясат жүргізуге, сондай-ақ, жеке сектордың бастамаларын неғұрлым терең талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, егер перспективалы жоба даму институттарының бірінде қолдау таппаса, онда оны басқа институттан алу мүмкіндігі сақталады.
Мамандану қағидасы даму институттарының қызметтерінің белгілі бір операцияларына және түрлеріне мамандануын білдіреді. Мысалы, Қазақстан Даму Банкі жобаларды банктік несиелеу арқылы, Қазақстан инвестициялық қоры – жарғылық капиталға үлестік (бақылаусыз) қатысуы арқылы, Ұлттық инно- вациялық қор – гранттар, оның ішінде ғалымдар мен ғылыми мекемелерге гранттар беру және капиталға үлестік қатысу арқылы жобаларды қаржыландыруға маманданған. Мамандану қағидасы даму институттарының мамандану шеңберінде опера- циялармен және қызмет түрлерімен ғана айналысатынын білдір- мейді. Олар өздері үшін негізгі болып табылмайтын басқа опе- рацияларды да жүзеге асыра алады. Бұл үшін негізгі емес операциялар мен қызмет түрлерін жүзеге асырудың лимиттері белгіленген.
Бәсекелестікқағидасыдаму институттарының қызметін бәсекелестік негізде жүзеге асыруды білдіреді. Мұндай қажет- тілік институттардың көпшілігі дамудың осы кезеңінде нарықта жоқ институттарға еліктеуге бейімді екенімен байланысты. Институттардың қызметі нарықтық институттарға еліктеуді білдіретінін ескере отырып, әуел бастан олардың қызметін нарықтық, яғни бәсекелестік негізде құру. Бәсекелестік қағида- сы қандай да бір институттың қызметінің нәтижелерін салмақ- тауға мүмкіндік береді.
Ашықтыққағидасыменеджерлердің есептілігі мен жауап- кершілігін, қаржы ресурстарын мақсатты, әрі тиімді пайдалану үшін тиісті бақылауды қамтамасыз ететін дамудың мемлекеттік институттарын корпорациялық басқарудың ашық жүйесін құру- ды білдіреді. Мемлекет даму институттарының алдына қойыл- ған міндеттерді тиісінше іске асыру мақсатында олардың қыз- метін қандай да бір қысымнан қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Осы қағиданы жүзеге асыру үшін тәуелсіз директорлар
институты мінсіз іскерлік беделі бар шетелдік жоғарғы білікті менеджерлерді тарта отырып, корпоративтік басқарудың қазіргі заманауи құралдарын белсенді пайдаланады.
Мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаттың негіз-гі мәні әлемдік нарықтағы белгілі бір тауашалардағы (ұяшықтар- дағы) экспортқа бағытталған экономиканың шикізаттық емес салаларында және инновациялық секторда бәсекеге қабілетті ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісін құру мен дамыту болып табылады.
Индустриалды саясат деп мемлекет олар арқылы бәсекеге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіп пен жоғары техноло- гиялар индустриясын қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасайтын, сондай-ақ қолдау көрсететін шаралар кешенін түсіндіреді.
Стратегия индустриалды-инновациялық дамудың және эко- номикалық саясаттың индустрияландырудан кейінгі және үде- мелі инновациялық даму жағына қарай экономика құрылымын- дағы сапалы өзгерістерді жүргізуді қамтамасыз етуге жұмылды- рылған мемлекеттің барлық қолда бар ресурстық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға негізделген саяси, экономикалық және ұйымдық-құқықтық шаралардың, қағидалардың, басымдықтар- дың жиынтығын білдіреді.