Оқулық Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж


Инвестицияның жіктелінуі және



бет3/37
Дата19.11.2022
өлшемі150.33 Kb.
#465229
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Инвестиция негіздері оқу құралы

2

Инвестицияның жіктелінуі және түрлері

Жалпы экономикалық әдебиеттерде инвестициялардың жік- телуіне бірнеше көзқарастар бар. Бөліну белгілерінің жиынты- ғына сәйкес инвестициялардың келесідей жіктелуін қарасты- райық:

1-сурет. Инвестицияның жіктелінуі




Нақты инвестициялар – негізгі капиталға, жөндеу жұмыста- рына, айналым қаражаттары қорларына, құрал-жабдықтарды са- тып алуға, жер учаскелеріне және кен орындарының қорларына салынатын салымдар.
Материалдық емес активтерге салынатын инвестициялар – жер учаскесін пайдалану құқықтарын сатып алу, лицензияны, тауар белгісін, патенттерді, ноу-хау және тағы басқаларды алуға кететін салымдар.
Интеллектуалдық инвестициялар жұмысшылардың кәсіби біліктілігін көтеруге және ғылыми-зерттеулер мен ғылыми-тех- никалық жұмыстарды жүргізуге жұмсалынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар – бағалы қағаздарды сату мен са- тып алуға жұмсалатын салымдар.
Тікелей инвестициялар – нақты ұзақ мерзімді жобаға қаражат салу және нақты активтерді сатып алумен байланысты салым- дар.
Портфельдік инвестициялар – капиталды жобалар тобына салу, мысалы әртүрлі кәсіпорындардың бағалы қағаздарын са- тып алуға кететін салымдар.
Басқа да инвестициялар – басқа да әр түрлі ұйымдармен берілетін займдар.
Инвестицияның типтері:

  1. Салым салу саласына және ақша-қаражаттарды жұмсау бағытына қарай инвестиция үш түрге бөлінеді:

  • қаржылық инвестициялар;

  • материалдық емес активтерге жұмсалынатын инвести- циялар;

  • материалдық активтерге жұмсалынатын инвестициялар.

Қаржылық инвестицияларға бағалы қағаздарды сатып алу шығындары, басқа да заңды тұлғаларға берілетін несиелер, кепілдіктер, сонымен қатар несиелік және банктік мекемелермен берілетін несиені ұсыну жатады.
Материалдық емес активтерге жұмсалынатын инвестиция- ларға лицензиялар, зерттеу, барлау жұмыстары, ноу-хау, кадр- ларды оқытуға, даярлауға кеткен шығындар, жарнама, фирма имиджі, әлеуметтік салаға жұмсалынған шығындар, тауар бел- гілері, авторлық құқықтар жатады.
Материалдық активтерге жұмсалынатын инвестицияларға негізгі капиталға жұмсалынған салымдар, негізгі қордың жөндеу шығындары, жер учаскелері, табиғатты пайдалану объектілері жатады.
Материалдық активтерге жұмсалынатын инвестицияларды нақты инвестициялар, ал бағалы қағаздарға жұмсалынатын инвестицияларды портфельдік инвестициялар деп атайды.

  1. Жүзеге асырылу мерзіміне байланысты:

  • қысқа мерзімді инвестициялар (1 жылдан 5 жылға дейін);

  • орта мерзімді инвестициялар (5 жылдан 20 жылға дейін);

  • ұзақ мерзімді инвестициялар (20 жылдан жоғары).

  1. Қайта өндіру үдерісіне қатысу деңгейіне байланысты:

  • қайта инвестициялау – реинвестициялар, негізгі өнді- рістік қорларды жаңартуға, жөндеуге, қайта қалпына келтіруге бағытталған инвестициялар;

  • нетто инвестициялар – өндірісті кеңейтуге арналған ин- вестициялар;

  • брутто инвестициялар – қайта инвестициялау және нетто инвестициялардың жиынтығы.

  1. Тәуекелдік деңгейіне байланысты:

  • тәуекелділігі төмен инвестициялар – бағалы қағаздарға салынатын салымдарға қатысты инвестициялар;

  • тәуекелділігі орта инвестициялар – нетто инвестициялар;

  • тәуекелділігі жоғары – компанияның акцияларына салы- натын салымдар, венчурлық инвестициялар.

  1. Аймақтық сипатына байланысты:

  • шетелдегі инвестициялау – берілген елдің мемлекеттік шекарасынан тыс орналасқан инвестициялау объекті- леріне қаражаттарды салу;

  • ішкі инвестициялау – берілген елдің аумағында орналасқан объектілерге қаражаттарды салу;

  • аймақтық инвестициялау – мемлекеттің нақты аймағы- ның шегінде қаражаттарды салу.

Инвестицияларды жіктеу үшін тағы қосымша белгілерді пай- алануға болады:

  • жер, капиталды ресурстар және персоналды қолдану бойынша инвестициялық үдерісте шектелген ресурстар- ға инвестициялар;

  • инвестициялау масштабы бойынша – шағын, орта және ірі жобаларға инвестициялар;

  • басқа инвестициялардың әсерінен қауіп төну дәрежесі бойынша – тәуелсіз инвестициялар;

  • бәсекелестік инвестициялық шешімдерді қабылдауға сезімтал инвестициялар;

  • инвестициялаудың мақсаттарына тәуелді тиімділік фор- масы бойынша инвестициялар;

  • инвестициялармен тығыз байланысты функционалдық қызметі бойынша инвестициялар;

  • салалық жіктелінуі бойынша инвестициялар;

  • инвестициялау тәуекелі бойынша инвестициялар;

  • жүзеге асыру міндеттілік дәрежесі бойынша – тиісті мін- детті, абсолютті міндетті емес, міндетті емес инвес- тициялар.

Қазақстан экономикасында инвестициялардың тікелей және
портфельдік жіктелінуі кең тараған.
Портфельдік инвестициялар – заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын қаржы делдалдары шығарған бағалы қағаздарға салу арқылы жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарға салынатын салым есебінен инвестор өзінің қаржылық капиталын артты- рады және дивиденд алады.
Портфельдік инвестицияларда инвестордың басты негізгі міндеті қор нарығында бағалы қағаздарды сату және сатып алу операцияларымен жүзеге асырылатын оңтайлы инвестициялық портфельді құру және басқару болып табылады. Сондай-ақ, портфельдік инвестициялар көбінесе қысқа мерзімді қаржылық операцияларды жүзеге асырады.
Тікелей инвестициялар – инвесторға объектіні басқаруға немесе оның қызметін қадағалауға құқық береді, заңды және жеке тұлғалармен жүзеге асырылады. Инвестор тікелей инвес- тицияға қаражат салу нәтижесінде өзінің өндірістік капиталын арттырады, яғни тікелей инвестицияның капитал құру негізіне ие салымдар болып табылады.
Экономикалық деңгейде инвестицияларды макро және микро
деп екіге бөлуге болады.
Макродеңгейдегі инвестициялар:

  • өндірісті дамытуға үлес қосуға;

  • елдің төлем қабілеттілігі сұранысын қанағаттандыруға;

  • тозығы жеткен өндірістік қорларды жаңартуға;

  • ірі өнеркәсіптердің мәселелерін шешуге;

  • әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге;

  • экономиканың болашақтағы өсіміне негіздер қалауға;

  • тауардың қажетті мөлшерде, сәйкес сапада, ішкі сұра- нысын қалыптастыруға бағытталады.

Микродеңгейдегі инвестициялар:

  • негізгі өндіріс қорларын кеңейтуге, жаңасын салуға, жөндеуге, қайтадан жаңғыртуға;

  • негізгі қорлардың моралдық, физикалық тозуын болдыр- мауға және өндірістің техникалық денгейін көтеруге;

  • жаңа техника мен технологияларды енгізуге;

  • жоғары білікті мамандарды дайындауға және кәсіпорын- ның басқа да мақсаттарына жетуге;

  • қоршаған ортаны қорғау бойынша шараларды жүргізуге;

  • еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерін енгізуге бағытталады.

Инвестициялар макро және микродеңгейде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс құрылымдық қайта құрудан максималды пайда алу мен осының негізінде көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу үшін маңызды экономикалық категория болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет