Венчурлыққаржыландыру–термині ағылшын venture(«тәуекелді бастама») сөзінен туындайды. Венчурлық қаржыландыру жоғары тәуекелділікпен ерекшеленетін, бірақ осындай бір жобаға бейімделген кәсіпорынның құнының маңызды өсіміне уәде беретін инновациялық жобалардың бастапқы кезеңдері үшін нақты қаражат- тарды алуды білдіреді
Депозиттік сертификат (Certificate of Deposit – CD) –банктік мерзімді депозит
Дефолттәуекеліүшінсыйақы(defaultpremium)– инвес- торға дефолт тәуекелінің орнын толықтыратын, уәделенген табысқа қосымша
Әртараптандыру– әр түрлі бағыттар бойынша инвестициялау
Доу теориясы (Dow theory) – қор нарығында бағалардың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді үдерістерін анықтау шаралары қабылданатын әдіснама
Екінші ретті нарық (secondary markets) –бұрын шығарылған бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын нарықтар (биржалық және биржалық емес)
Еуродоллар(Eurodollars)– долларда деноминацияланған шетел банктеріндегі немесе американдық банктердің шетел филиалдарындағы депозиттері
Жай акция (common stock, equity) –иемденушінің корпорация активтеріне меншік үлесіне құқығын куәландыратын құжат
Жайакциялар(commonstocks)– корпорациядағы меншік үлесі (кең ауқымды акционерлері бар акционерлік
қоғамдардағы). Акция ұстаушылары дауыс беру құқы- ғы мен дивиденд алу құқығына ие
Жақсы әртараптанған портфель (well-diversified portfolio) – жүйеленбеген тәуекелдерді болдырмау үшін жеткілікті әртараптанған портфель
Жалпы ішкі өнім (Gross Domestic Product – GDP) – белгілі уақыт аралығында өндірілген өнімдер мен қызметтер- дің нарықтық бағасы
Жаһандану (globalization)– әлемдік инвестициялық ортаның қалыптасуы және ұлттық капитал нарықтарының шоғырлану үдерісі
Жекелизинг– мүлік бойынша жекелей жұмыстарды лизинг беруші атқарады
Жоба– сөзі латынның projectusсөзінен шыққан және қазақ тіліне аударғанда «алға тасталған», яғни түпкі ой дегенді білдіреді. Қазіргі батыс әдебиеттерінде осы түсініктің жалпы мағынасы «Жобаларды басқару туралы білімдер кодексінде» (Project Management Institut, USD) айтылған: «Жоба міндеттің орындалу тәсілдерімен көзделген белгілі бастапқы мәліметтері және қажетті нәтижелері бар міндетті білдіреді». Отандық экономикалық әдебиеттерде «жоба деп оның шегінде құрылған мақсаттар жүйесі деп аталады». Берілген анықтама жобаны жасау және оны жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды және қызметтің барлық түрлерінің ерекшеліктерін есепке алады