Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет161/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   181
7 сын

тірек сөздер:
Абай Құнанбайұлы
• Ағартушылық 
қызметі
Аудармашылық
қызметі 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


188
тып орал ған Құнанбай бұл дү ниелiк iстерден бiржола 
қол үзедi. Ақынның ба басы 
Өскенбай Қа зақстанның 
солтүстiк-шығыс айма ғындағы әдi леттi де ықпалды 
қа зақ билерiнiң бiрi болатын. Оның қалдырған да-
нышпандық сөздерi мен ғибратты өсиеттерi аз емес. 
Биге қазақтың алыс жатқан ру ла рының адамдары да 
шағым айта келiп, жү гi не тiн. Абайдың арғы атасы 
Ырғызбай да атақты би әрi батыр болған. 
Абай әуелi ауыл молдасынан сауат ашып, сосын 
Семейдегi Ахмет Риза медресесiнде үш жыл оқып 
бiлiм алады. Ол бала жасынан кi тап қа құмар болды
араб-парсы және көне түр кi әдебиетiнiң үлгi лерiмен 
танысты. Абай қа зақтың дәстүрлi әдет-ғұрып заңы мен ис лам дiнiнiң 
қағидаларын терең меңгердi. Онымен бiлiм жарысты рудан молдалардың 
өздерi қашқақтайтын. Абай халық ауыз әде бие тiнiң үлгi лерiн өте жақсы 
бiлдi. Медреседе оқып жүрген ке зiнде-ақ өзiнiң алғашқы өлең дерiн жаза 
бастады.
Әкесi Құнанбай Абайды тобықты руының болашақ билеушiсi ету 
мақсатымен оқудан ауылға керi қайтарып алады. Мұнда ол ха лықтың 
қалың ортасына түседi. Билер, ақындар, сазгер-ән шiл ер мен, сондай-ақ 
даланың данышпан ойшылдарымен жиi-жиi бiрге болып, араласып тұрады.
Ақынның жастық шағы патша үкiметiнiң Қазақстанның оңтүс тiгiне 
қарай әскери күшпен ентелеп ене бастаған кезiмен тұспа-тұс келдi. Ол пат-
ша үкiметiнiң округтiк приказдардағы жағдайының бар ған сайын нығая 
түскенiн, ХIХ ғасырдың 60–90-жылдарындағы әкiм шiлiк реформаларының 
енгiзiлгенiн өз көзiмен көрдi. Ол аз уақыт болыс болған кезiнде қай iстi 
болса да әдiл және адал шешуге талпынды. Сол үшiн қатардағы қарапайым 
халықтың зор ықыласына, сый-құр метiне бөлендi. Бiрақ қоғамның күрделi 
мәселелерін мұндай қарапайым тәсiлмен шешуге болмайтынына бiрте-
бiрте кәмiл көз жеткiзе бастайды. Сондықтан да ол қазақтың бiлiм мен 
ғылымды игеруін қолдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет