1 Аудармашылық трансформацияларды меңгерудің теоретикалық негіздері



бет1/16
Дата19.02.2022
өлшемі99.77 Kb.
#455533
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Мақаш Айнұр


Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................
1 Аудармашылық трансформацияларды меңгерудің теоретикалық негіздері.........................................................................
1.1.Аударма үдерісі жөніндегі жалпы мәлімет..............................
1.2.Аудармашылық трансформациялар – аударма процесінің негізі..............................................................................................................
1.2.1 Аудармашылық трансформациялардың классификациясы..........
1.3Синтактикалық трансформациялар және олардың түрлері. Сөйлем мүшелері құрамының өзгеруі...................................................................................
1.3.1 Жай сөйлемнің құрмалас сөйлеммен алмастырылуы....................
1.3.2 Құрмалас сөйлемнің жай сөйлеммен алмастырылуы.............
1.3.3 Сөйлемді мүшелеу.....................................................
1.3.4 Сөйлемдерді біріктіру....................................................................
1.3.5 Жайылма сөйлемнің жалаң сөйлеммен алмастырылуы............
1.3.6 Синтактикалық байланыс түрінің өзгеруі..................................
1.3.7 Сөйлемді актуалды жағынан бөлудің аударма кезінде өзгеруі..............................................................................................................
1.3.8 Баяндауышты аудару кезінде пайда болатын синтактикалық трансформациялар

2 Ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында пайда болатын синтактикалық трансформациялардың анализы.Оскар Уайльдтың «Дориан Грейдің портреті» көркем шығармасының негізінде.......................................................................................................


Қорытынды


Қолданылған әдебиеттер тізімі




Кіріспе

Осы күнге дейін аударма тек қана әдеби, эстетикалық мәселе ретінде қаратырылып келді.Алғашында аударма мәселесін жеке ғылым саласы ретінде қарастыру күмәнді мәселе болса, кейін аударманы жеке ғылым ретінде қарастырушы ғалымдардың саны артып, бүгінде аударма ісі жаңа заман талаптарына сай келетін өмірдің бір ажырамас бөлшегіне айналды.Осы күні аударма мәселесімен байланысты ғалымдардың еңбектері қалың оқырман назарына ұсынылуда.Аударма саласындағы көптеген зерттеулер негізгі мәтін тілімен аударма тіліндегі ұқсас, эквивалентті лексиканы табуға бағытталған.Аударма кезінде біз жалпы тілдің өзімен ғана емес, нақты тілдік шығармалармен жұмыс істейміз.


Аударма деп біз жалпы алғанда, бір тілден, яғни түпнұсқа тілінен белгілі бір хабарды екінші бір тілге, яғни аударма тіліне жеткізу үдерісін түсінеміз. А. В. Федоровтың пайымдауы бойынша, аудару дегеніміз – тілдік құралдар көмегімен қандай да бір ойды бір тілден екінші бір басқа тілде толыққанды жеткізіп беру және ондай ой басқа тілде соның тілдік құралдарымен бұрынырақта айтылып, жарыққа шыққан, демек, аудару үдерісінің нәтижесі аударма тілі үшін еш жаңалық емес. Ең маңыздысы, ойды дәл, толық, дұрыс жеткізу . Ал, А. Т. Казакованың ойынша, дәлме-дәл аударманың болуы мүмкін емес, себебі, тіпті, әр қилы мәдениетті сөз етпегеннің өзінде олардың қарапайым ғана грамматикалық құрылымдары мен сөздік қорларында елеулі айырмашылықтар зор болады .
Біз, болашақ аудармашылар кез келген аударма үдерісі кезінде сөздіктерде берілген баламаларды сәтті, орынды қолдану жүзеге аспай жататын жағдайларға жиі ұшырап жүреміз. Себебі контекстінің шарттары қатаң орындалуы тиіс. Мұндай жағдайда аудармашылар аударманың трансформациялық үлгісіне жүгінуіне мәжбүр болады және бұл мәжбүрлік түпнұсқа мен аударма тілдерінің арақатынасы нәтижесінде туындаған заңдылыққа бағынады.
Аударманың трансформациялық теориясының мәні аударма үдерісі барысында ой-мазмұнды толыққанды беру мақсатында түпнұсқалық лексикалық бірліктің ішкі формасын түрлендіруде немесе оны аударма тілінің лексикалық бірлігімен ауыстыруда. Аударманың трансформациялық үлгісін жасауда аудармашы аударма үдерісі кезінде қиыншылық тудырған күрделі мәселені тауып, оның шешімін табу үшін аударманың басты мақсаты оның адекватты болуы екенін ескере отырып, қажетті аудармалық трансформацияларды жасауы тиіс.
Біздің жұмысымыздың тақырыбы «Ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында пайда болатын синтаксистік трансформациялар» деп аталады.
Осы тақырыпты зерттеуді қолға алған кезде біздің алға қойған мақсатымыз ағылшын көркем әдебиеті аудармасы материалы негізінде қазақшаға аударуда синтаксистік трансформациялардың қолдану ерекшеліктерін анықтау болды.
Мақсатымызға жету үшін келесі міндеттерді орындау керек:
Аударманың трансформациялық теориясын қарастыру;
Аудармадағы трансформацияның түрлерін анықтау;
Аудармадағы синтаксистік трансформациялардың жіктемелерін қарастыру;
Синтаксистік трансформация жасаудың тәсілдерін белгілеу;
Синтаксистік трансформацияларға сипаттама беру;
Синтаксистік трансформацияларға көркем әдебиеттен мысалдар қарастырып, оларды талдау.
Жоғарыда қойылған міндеттерді орындау барысында ғылыми зерттеу әдістерінің келесі түрлерін таңдадық:
Жалпылама таңдау әдісі;
Грамматикалық талдау;
Лексикалық талдау;
Синтаксистік талдау;
Семантикалық талдау;
Кешенді талдау әдісі;
Біздің тақырыбымыздың өзектілігі аударма үдерісінде трансформация жасауды оқып-үйреніп алудың аса маңыздылығында. Қандай да бір қалыптағыдан тыс ерекше шарт қоятын контекстіде функционалдық қызметінен ауытқыған басқа бір бірліктер қолданылуы тиіс. Басқаша айтқанда, трансформация жасау қажет. Осы талап кей аудармашылардың назарына ілінбей жатады. Тілдік бірліктердің орынды қолданыс ерекшеліктеріне мән бермеу нәтижесінде аударма мәтінінде түпнұсқаның мазмұны жоғалып, аудармада әр қилы ағаттықтар мен кемшіліктер орын алады.
Біздің жұмысымыздың жаналығы деп - синтактикалық трансформацияларды жалпы аудармадағы трансформациялардың бір түрі ретінде жеке, яғни аударманың трансформациялық теориясы тұрғысынан және басқа трансформация түрлерінен жеке атап, аударма теориясының аясында қарастырдық. Өйткені аударма үдерісі барысында әр түрлі трансформациялар бір-бірімен араласып, бірінің туындауын екіншісі қажет етіп жатады. Сондықтан біз кешенді талдау жасауды ұйғардық.
Бұл жұмыстың құндылығына келер болсақ, теориялық жағынан да, практикалық жағынан да аударма теориясы курсы бойынша маңызды материал көзі бола алады, өйткені мұнда синтаксистік трансформацияға байланысты жан жақты ақпарат қамтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет