26
XVI–XVII ғасырларда қазақтардың орыс тұрғындармен қандай
елшілік және сауда қатынастары болғанын естеріңе түсіріңдер.
1. Қазақ-орыс қарым-қатынасы. Қазақ-орыс қаты-
насының тарихы терең. Ол XVI ғасырдан бастау ала ды.
Негізінен олар дипломатиялық және сауда қатынас-
тарымен шектелді. XVI ғасырда Орта жүз қазақта рының
көпес
Строгановтармен сауда байланыстары болғаны
белгілі. Орыс патшасы І Петр (1672–1725) Қазақстанды
Азияға шығатын «кілт пен қақпа» деп таныды.
Қазақ хандығының Ресеймен байланысының белсене түсуі
XVIII
ғасырдың алғашқы отыз жылдығымен тұстас келеді. Оған екі жақ та
мүдделі болды. Қазақ билеушілері көбіне солтүстік көршілерімен сауда-
саттық байланысын нығайтуға тырысты. Олардың тарапынан Жоңғар
мемлекетіне әскери-саяси қарсы тұру үшін Ресеймен әскери одақ құруға
бірнеше рет талпыныс жасалды. Мысалы, 1716 жылы
Қайып хан Ресейге жоңғарға қарсы күш
біріктіруге
өтініш жасаған. Осындай ұсыныстар Кіші жүз ханы
Әбілқайыр тарапынан да болды. Алайда Ресей Шве-
циямен ұзаққа созылған ауыр соғысты бастан кешіп
жатқандықтан, дала
билеушілерінің ұсыныстарын
қарауға мұршасы болмады.
Достарыңызбен бөлісу: