27
қалыптасты. Патшалық Қазақстанды өзінің
геосаяси ықпал ететін
аймағына қосып алуды көздеді.
Біріншіден, Қазақстан Орта Азия,
Үндістан, Ауғанстан және басқа да Азиялық мемлекеттерге әскери іс-
әрекеттерін одан әрі ілгері жылжытуға қолайлы аумақ еді. Ресейді өзінің
Қазақстан мен Орта Азия бағытындағы сыртқы саяси қызметін күшейте
түсуге мәжбүр еткен және бір нәрсе – ағылшын-орыс бәсекелестігі болды.
Екіншіден, Ресей империясы экономикасының күш
алып келе жатқан
фабрика-зауыт өнімдерін өткізу үшін Қазақ хандығы үлкен нарық санала-
тын.
Үшіншіден, қазақ даласы болашақта Ресейге түрлі шикізат, пайдалы
қазбалар және малшаруашылығы өнімдерін жеткізіп тұратын аймақ бо-
лар еді.
Төртіншіден, өзге де империялар сияқты, Ресей де көшпелілерді
өзіне бағыныштылар, алым-салық төлеудің қайнар көзі деп білді. Ресей
империясы билеуші Шыңғыс ұрпақтары арасындағы ішкі ыдырауды
да көрмей қалмады. Осылардың бәрі Ресей
империясының шегаралас
Қазақ хандығы жерімен дипломатиялық,
әскери-барлау қимылдарын
жандандыруға түрткі болды.
Достарыңызбен бөлісу: