Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет52/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   181
7 сын

СырыМ дАТұлы БАСТАғАН
ұлТ-АЗАТТыҚ ҚОЗғАлыС (1783–1797)
§19–20.
Түсiндiрме сөздiктерден, энциклопедиялардан, тағы басқа да анық-
тамалық басылымдардан «бостандық», «тәуелсiздiк» деген сөздердi 
тауып, олардың мәнi неде екенiн оқып бiлiңдер. Сондай-ақ бұл сөздердiң 
ненi бiлдiретiнiне тереңірек ой жiберiңдер. 
 1. Көтерiлiстiң шығу себептерi. Е. Пугачев бастаған 
шаруа лар кө терiлiсi басылғаннан кейiн, патша үкiметi 
Кiшi жүз қа зақ тарының көшпелi қауымына отаршыл-
дық езгiнi күшейтiп жi бердi. Сондықтан да қазақтар-
дың көтерiлiске шығуы кездейсоқ оқиға емес едi. Оның 
мынадай себептерi болды. 
Бiрiншiден, шегара шебiнiң 
iшкi жа ғына уақытша өткен қазақтарға қойылатын 
талаптар тым қатаңдай түстi. Талап бойынша кез кел-
ген қазақты оның кездейсоқ басқа бiр руласы жасаған 
құқық бұзушылық әрекетi үшiн ұстап алып, айыптауға бола тын едi. 
Екiншiден, Орал казак әскерлерi тарапынан бұрынғысынша дала төсiндегi 
«әскери iздестiрулер» тоқтатылмады.
Үшiншiден
Нұралы хан ның және оның төңiрегiндегiлердiң беделi 
жыл өткен сай ын төмендей бердi. Ол бiрте-бiрте патша 
үкiметiнiң қолындағы 
қу ыр шақ қолшоқпарға айнала 
бастады. Ханның отбасындағылар мал жайылым да рын 
өз пайдаларына қарай бө лiске салды.
2. ұлт-азаттық көтерілістің алғашқы ке зеңi. 1782 
жылдың аяқ кезiнде патша үкiметiнiң жарлығы шығып,
қазақтардың Жайықтың оң жағалауындағы аймақтарға қыс мез гiлiнде 
жайылымдық жерлердi жалға алу арқылы ғана уақытша өту iне рұқсат 
етiлдi. Орал казактары бұл жарлықты өз мүддесiне пайдалана қойды – 
казактардың жерiн қазақтардың жалға алуына тыйым салынды. Орал 
шегара шебiндегi бекiнiстердiң күзетi кү шей тiл дi. Қазақтар аманат бе-
руге тиiстi болды. 1782–1783 жылдың қы сында шегара шебiнiң iшкi 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет