Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет49/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   181
7 сын

3. Орынбор казактары. Орынбор казак 
әскер-
лерi 1748–1755 жыл дар аралығында құрылды. 
Олардың Жайық казактарынан айырмашылы - 
ғы – өз беттерiмен емес, патша үкiметiнiң баста-
ма көтеруi бо йынша арнайы мақсатпен құрылды.
Орын бор казактарының негiзгi ұйытқысы Самара, 
Уфа, Алек сеев және Есет казактары болды. Олар 
шегараны қорғау кү зе тiнде қызмет еттi. Бұл әскер 
өзiнiң құ ра мы жағынан көпұлтты едi. Орыстардың басым болуымен 
қатар, оның құра мына украин, башқұрт, қалмақ т.б. халықтардың 
өкiлдерi ендi.
сенің көзқарасың
Казактардың қата-
рына неліктен өзге 
ұлт өкілдері де 
қабылданды?
ойталқы
Қалай ойлайсың
казактар мен 
жергілікті қазақтар 
арасында бейбіт 
қарым-қатынастар 
болды ма?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


60
Орынбор казак әскерлерi Орынбор губерниясының оңтүстiк және 
оңтүстiк-шығыс шегараларында орналасып, осы өлкенiң шамамен төрттен 
бiр бөлiгiн алып жатты.
1840 жылы «Орынбор казак әскерлерi туралы Ереже» шықты. Ол 
бойынша Орынбор казак әскерлерiнiң жерiнде тұратын барлық шаруалар 
казактар тобына қабылданды. Бұл казак әскерлерi өзi нiң ұйымдастырылуы 
жағынан тұрақты орыс әскерiне жақын кел дi. Орынбор казактарының 
қатарына Ставрополь қалмақ әскерi келiп қосылды. Орынбор казак
әскерлерiнiң орталығы Орынбор қаласында орналасты.
Казактар негiзiнен селолық жерлерде қоныстанды. Қалаларда ка-
зактардың небәрі 2%-ы тұрды. Орынбор казактары негiзiнен егiн шi лiк-
пен, мал өсiрумен, балық аулаумен айналысты. Казак әй ел дерi еш кiнiң 
түбiтiнен түрлi орамал тоқыды. Бүкiл Ресейге жә не одан тыс жер лерге 
кеңiнен танымал болған Орынбор шәлiсi, ора малы, бө ке байы, бетперделерi 
мен қолғаптары солардың қо лымен тоқылатын.
Орынбор казактары өзiнiң күнделiктi өмiрiнде қазақ халқымен ұдайы 
араласып тұрды. Казак әскерлерiнiң аумағындағы жалға алған жерлерде 
қазақтар көшiп-қонып жүрдi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет