Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет57/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   181
7 сын

6. Көтерiлiстiң жеңiлу себептерi. Көтерiлiстiң жеңiлу себептерi нiң 
бiрi – С. Датұлының бiрден екi күшке: бiр жағынан, патша үкiметiне, 
екiншi жағынан, сұлтандар мен ханның төңiрегiндегi топтарға қар сы 
күресуi. Көтерiлiс жетекшiсi көтерiлiсшiлердi тұ тас қан берiк күш ке ай-
налдыра алмады. Көтерiлiс стихиялы түрде басталды және ұйым дасқан 
жағдайда жал ғаспады. Адам саны жағынан шағын жасақтар бiр-бiрiнен 
бөлек, жеке соғысуды дұрыс санады. Руаралық шиеленiстi қақтығыстар 
да орын алды, стар шын дардың едәуiр бөлiгi тұ-
рақ сыздық танытты. Олардың iс-қи мылдары бiр-
бiрiмен өзара келiсiлмедi. Старшындардың едәуiр 
бө лiгi көтерiлiске қатысудан бас тартты. Өйт кенi 
патша үкiме тi нiң жа залаушы отряды келе қал ған 
жағдайда Жайықтың сол жаға лауындағы жерле-
рiмiзден айырылып қаламыз деп қорықты.
Патша үкiметiнiң Едiл мен Жайық аралығындағы 
аумақта мал жайылымдарын уақытша пайдалануға 
берген рұқсаты мал жайылы мы туралы мәселенiң 
шиеленiсiн аз да болса да бәсеңдеткен едi. 
Сырым Датұлы бастаған көтерiлiстiң орасан зор тарихи маңы зы бол-
ды. Ұлт-азаттық көтерiлiс қазақтардың Ресей империя сының отаршыл 
әкiмшiлiгiне қарсы ең алғашқы iрi баскөтеруiнiң бiрi едi. 
Сырым батыр қазақ халқының есiнде ХVIII ғасырдың соңғы шире-
гiндегi көрнектi саяси қайраткерлердiң бiрi ретiнде қалды. Ол өз 
ойталқы
Неліктен орыс 
патша лығы Айшуақ 
сұлтанды хан сай лау ға 
тырысты? Бұл жағдай 
Сырымның беделіне 
қаншалықты әсер 
етті?
картамен жұмыс
Мәтіндегі С. Дат ұлы 
мен орыс әскерлері-
нің ара сындағы 
қақтығыс ошақтарын 
карта дағы мәліметпен 
салыстырыңдар.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


69


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет