Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 ұлт-азаттық көтерілістің ақырғы кезеңi



Pdf көрінісі
бет56/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   181
7 сын

5. ұлт-азаттық көтерілістің ақырғы кезеңi1797 жылдың 
көк те мiнде 
Сырым Датұлының жасақтары хан ордасына шабуыл жасап,
Есiм ханды 
өлтiредi. Бұған жауап ретiнде патша үкiметi қазақ да ла сы на жазалаушы 
отрядтар жiбердi. Бiрақ олар көтерiлiсшiлердi кездес тiре алмады.
Кiшi жүзде хан тағына талас басталды. О. Игельстром Кiшi жүздi 
басқаруды Хан кеңесiне тапсыруды ұсынды. Отаршыл өкi мет би лiгi қар-
тайып қаусап отырған Айшуақ сұлтанды қол дады. Бiрақ сұлтандардан 
ғана тұратын қазақ ақсүйектерi дәстүрлi халық жиынын өткiзбей-ақ
Қа ратай сұлтанды хан сайлауға асықты. Мұның өзi сұлтандардың Хан 
кеңе сiне деген қарсылығын бiл дiруi едi. Өйткенi Хан кеңесiнде старшын-
дардың ықпалы күштi болып шығатын едi.
кесте жаса.
Старшындар-
дың талаптары
А.О. Игельстром-
ның талабы
А.О. Игельстром реформасы 
неліктен іске аспай қалды?
Біліп жүр!
1791 жылы Ералы 
сұлтан Кiшi жүздiң 
ханы болып сайлан-
ды. Ал ол қай тыс 
болғаннан кейiн 
Нұралы ханның 
ұлы Есiм сұлтан хан 
болды.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


68
Сырым Датұлы Хан кеңесiнiң құрамына сайлан-
бай қалды. Ол Әлiмұлы старшын дары ның қолдауына 
ие болды да, Хан кеңесiнiң алдына Кiшi жүз дегi 
жағдайды жақсарту жөнiнде мәселе қойды. Сырым 
батыр руаралық барымтаны және Орал казактары-
мен қақтығысты тоқ татуға күш салды.
1797 жылы Айшуақ сұлтан хан болып сай-
ланды. Оны сұлтандар мен старшындар қолдады. 
Хан жасы жетiп қартайған адам едi. Ол қазақ-
тар арасында елеулі рөл атқара алған жоқ. Кiшi 
жүз дегi сұлтандар мен ру старшындарының өзара татула суы Сырым 
Датұлын өзiнiң төңiрегiне ру старшындарын бұ рынғысынша топтастыру, 
сұлтандарға және патша әкiмшiлiгiне қар сы кү ресiн жалғасты ра беру 
мүмкiндiгiнен айырды. Сырым ба тыр Хиуа хан дығы аймағына кө шу ге 
мәжбүр болды. Халық аузындағы аңыз бен кей бiр мәлiметтерге қара-
ғанда, Сырым Датұлы өзiнiң саяси қарсылас тарының қолынан қаза 
тап қан көрiнедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет