Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет68/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   181
7 сын

БөКЕй ОрдАСы ҚАЗАҚТАрыНың 
1836–1838 ЖылдАрдАғы КөТЕрІлІСІ
Исатай Тайманұлы 
1. Көтерiлiстiң шығу себептерi. 1836–1838 
жылдары Бөкей хан ды ғында, Кіші жүздің батыс 
бөлігінде аса iрi ұлт-азаттық көтерiлiстердiң бiрi 
өттi. Ол кө терiлiстiң басты себебi отаршылдық 
қысымнан туындаған жер дiң жетiспеушiлiгi едi. 
Мәселен, Iшкi Ор да дағы 20 мыңға жу ық отбасы 
жер тапшылығынан зардап шектi. Ең жа қын 
шұрайлы жерлердiң бәрiн де iрi поме щиктер мен 
байлар өза ра бөлiсiп алып қойған болатын. 
Қатардағы қарапа йым қазақтар жер дi со-
лардан жалға алып пай даланды. Қазақ ақ сү йек-
терi орыс по мещиктерiнен жалға ал ған жерлердi 
өздерiнiң жеке қалауы бойынша қазақ ауылда-
рына көтерiңкi қымбат бағаға тағы да қайыра 
жалға берiп отырды. Сөйтiп, қазақтардан әртүр-
лi айыппұл дар мен алым-салықты еселеп алып 
тұрды.
Ресей помещиктерi Юсупов пен Без бо род-
коның Каспий теңiзi жа ғасында кө ле мi ора сан 
зор жер телiмдерi болды. Жай ық әс кери ке ңесi Үлкен 
және Кiшi Өзен бо йын дағы және Қамыс-Самара көл-
де рiнiң тө ңi регiндегi жерлердi өз пайдасына басып 
алған еді. Ал Жайық бо йындағы жерлердi Жайық 
казак әс кер лерi ием дендi. 
Қазақтардың өзеннен өтiп, жағалаудағы жайы-
лымдарды пайдалануына қатаң тыйым салынды. Ішкi 
Орда қазақтары қарсы жағалауға өте алмады. Жәң-
гiр хан тарапынан салынатын алым-салық түрлерi 
де еңсенi езiп жiбердi. Ол жеке басының пайдасына 
жинап алынатын бiрыңғай салық түрiн енгiздi. Патша 
тірек сөздер:
• Исатай Тайманұлы
• Махамбет Өтемісұлы
Жалға беру
• Тастөбе
есіңе түсір!
Кiшi жүз қазақтары 
қандай көтерiлiстерге 
белсене қа тысты? 
86-беттегі картадан 
Кiшi жүз қазақтары ме-
кендеген аумақты, Ішкі 
Орданың жерін көрсет.
6–3467
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


82
үкiметi ханның өзi жасап алған алым-салықтық 
қаржы жүйесiне араласпады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет