Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


 Көтерiлiстiң жеңiлу себептерi мен салдары



Pdf көрінісі
бет81/181
Дата29.10.2023
өлшемі7.89 Mb.
#481870
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   181
7 сын

10. Көтерiлiстiң жеңiлу себептерi мен салдары, тарихи маңызы. Та-
ныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып 
қойды. Соң ғы шайқас қарсаңында өткiзiлген әскери кеңесте Кенесары 
хан ның серiктерi қоршауды бұзып өтiп, ханның аман құтылуы туралы 
ұсы ныс жасады. Бiрақ хан ол ұсыныстан бiржолата бас тартты. Кенесары
хан өз батырларын қоршауда қал дырып, жеке өзi 
қашып құтылуды ар санады.
Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздiң ықпалды биi 
Сы патай жасақта ры ның кенеттен шегiнiп кетуi 
көтерiлiсшiлердiң жағдайын қиындатып жiбердi. 
Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұл-
танымен және азғана сарбазымен күшi басым қар-
сыласымен ерлiкпен шай қасып, тұтқынға түс тi. 
Көтерiлiсшiлердiң шағын тобы қоршауды бұ зып шығып қашып құтылды. 
Қырғыз манаптары қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды 
өлiм жазасына кесті. Тұтқындағы хан манап тарды күш бi рiктiрiп, Қо-
қан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бi рақ 
қырғыздар ханның сөзiне құлақ аспады. Кенесары мен оның iнiсi Нау-
рызбай Қасымұлы қаза тапты. 
Кенесарының және оның жақын серiктерiнiң көзiн жоюға қа тыс қан 
қырғыз манаптарының бәрi де патша үкiметiнiң наградалары мен мара-
патталды. Халықтың сүйiктi ханының ерлігін ақын Нысанбай Жаман-
құлұлы «Кенесары–Наурызбай» дастанында зор шабытпен жырға қосты. 
Нысанбай жырау қос батырдың ерлігін: 
Ағыбай батыр
ойды жалғастыр
Егер Қытай Кенеса-
рыға қолдау көр-
сеткенде...?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


96
«
Кенесары, Наурызбай
Атағы шықты аңқылдап
Жауды үркітіп, қашырды, 
Ақ алмастай жарқылдап, 
Зәресін алды дұшпанның
Найзағайдай шартылдап», –
деп жырлады.
Әкесi Кенесарының бастаған iсiн оның ұлы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет