52
Кейін механикалық және арнайы өңдеу арқылы те-
ріні жұмсақ, иілгіш, шымыр, су өткізбейтін күйге
жеткізген. Қолмен ұқсатып, табиғи бояулармен бояған.
Илеген
теріден негізінен киім-кешек, тон, ішіктер
өндірілген. Жылқы мен түйе терісінен саба, торсық,
кісе (ерлерге арналған белдік), ат әбзелдерін т.б. дайын-
даған. Тері өңдеумен негізінен ерлер айналысқан.
5. Киіз басу. Киіз басу – қазақ халқы арасында кең таралған өнер. Киіз
басумен айналысқан көшпелілер оның технологиясын барынша меңгеріп,
өнер дәрежесіне жеткізген. Көшпелі өмірге қолайлы бұйымдардың бір-
қатары киізден дайындалған. Киізден сырт киім, байпақ тіккен. Үйдің
жа буы мен ішкі жасау-жиһаздарын, өзге де тұрмысқа қажетті заттарды
әзір леуге қолданған.
Киіз басумен негізінен әйелдер айналысты. Тазартылып өңделген жүнді
шиге жаю, ыстық су себу, домалату, білекпен басу т.б. жұмыстар арқылы
киіз қалпына келтірілген. Дайын киізден туырлық, үзік, түндік, текемет,
сырмақ т.б. бұйымдар жасалған.
6. Кілем тоқу. Дәстүрлі үй мүлкінің бірі кілем тоқылу ерекшелігі мен
ою-өрнектеріне қарай түкті және түксіз (тықыр) кілем болып бөлінеді.
Кілем қарапайым құрылғы өрмек арқылы тоқылды.
Ұлттық ою-өрнек
салынып, қолдан тоқылған кілем өте сапалы бұйым болып саналды.
Киiз басу
анықта!
Киіз басу мен кілем
тоқудың
айырма-
шылығы неде?
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
53
Қазақ шеберлері кілеммен қатар, алаша, сырмақ,
қоржындар да жасаған. Кілем төсеніш ретінде және
әсемдік үшін қолданылған.
XVIII ғасырдағы кілем тоқу ісі туралы көптеген
деректерді кездестіруге болады. Мәселен,
Георги
қазақтардың киіз үйіндегі кілемдер туралы былай
көрсетеді:
«Үйге киіздер немесе кілемдер төселеді...»
Далалықтарда айтарлықтай дамыған кілем тоқу ісі
жайлы
А. гейнс:
«Қой жүнінен жасалған киізден бөлек, жіп те иіреді,
оларды түрлі түске бояп, ұзын маталар тоқиды; бұндай тоқымалар
кілем орнына, ал кейде күймелі арбаның, жолым үйдің қоршауын
даярлауға және онда шымылдық құруға қолданылады», – деп жазған.
Қыздар кішкентай кезінен бастап кілем тоқу өнерін үйренген.
Әдетте
тоқылған кілемдер болашақта ұзатылатын қыздың жасауына қосылған.
Дәстүрлі қазақ қоғамында кілемдерді өте қажет кезде, қиын жағдайда ғана
сатылымға шығарған. Кілем даярлаудың өте күрделілігіне байланысты
асар жасалып отырған. Оның мәні кілем тоқитын үйдің иесі ауылдастар
мен туысқандарын көмекке шақырған. Олар іскер шебердің бақылауымен
кілем тоқыған. Бұл тек ұжымдасқан еңбек түрі ғана емес,
сонымен
қатар өнердің осы түріне өзге әйелдерді әсіресе жастарды үйретудің әдісі
болатын.
Достарыңызбен бөлісу: