Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет103/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау. Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
262
Б.С. Гершунский «әдіснамалық ұстаным» ұғы-
мын әрекеттің теория мен практикада мақсатқа же-
туге бағытталған басқарушы нормасы, білім берудегі 
стратегиялық шешімдерді бағалаудың өзгермелілігі 
және көп критерийлігі, білім беру аймағындағы 
стратегиялық шешімдердің ұжымдық негіздемесі 
ретінде сипаттауды ұсынады.
Академик Б.С. Гершунский педагогикалық 
зерт теулердің бағыты ретінде прогностиканың тео- 
риясы мен әдіснамасын жасады, педагогикалық 
прогноздың негізгі бағыттары мен кезеңдерін анық-
та ды. Б.С. Гершунский үздіксіз білім беру, білім беру философиясы және 
прог ностикасының теориясы мен практикасын зерделеді.
Академик В.И. Журавлев педагогикалық ғы-
лымның, педагогика әдіснамасының ұғымдық-тү сі-
ніктік аппараты, ғы лым ның басқа салаларымен пе-
дагогиканың байланысы, педагогикалық өлшем дер 
және педагогикалық ғылымтану мәселелерін зер-
деледі. 
Василий Иванович Журавлев (1923–1996) – әй-
гілі педагог, РБА академигі (1992), педагогика ғы-
лым дарының докторы, профессор (1976) Василий 
Иванович Журавлев Омбы облысында Староря-
мово селосында дүниеге келген. 1952 жылы Новосибирск педагогикалық 
институтының филология факультетін бітірген. 1940 жылдан педагогикалық 
жұмыста. 1956–77 жылдары Липецк және басқа пединституттарда дәріс 
оқиды. 1978–1996 жылдары Мәскеу облыстық пединститутында педаго-
гика кафедрасын меңгерді. 60-70 жылдары Липецкінің және Ростовтың 
ұзақ уақыт жүргізілген оқу практикасында педагогика ғылымдарының 
жетістіктерін іске асыру тәжірибесінің нәтижелеріне талдау жасады. Ол 
педагогиканың адам туралы ғылымдар кешеніндегі кіріктірілген пән ретінде 
даму мәселелерін зерделеді. «Педагогика в системе наук о человеке», 1990.
90-жылдардың басында ол Ресейде алғаш рет білім беру мәселелерінің 
компьютерлік-ақпараттық жүйесін, инновациялық педтехнологиялар 
жүйесін ұйымдастырды. Мұғалімге қатысты конфликтология мәселелерін 
зерделеді.
Академик В.И. Журавлев педагогикалық ғылымтану, педагогика әдіс-
на масының ұғымдық-түсініктік аппаратын, педагогиканың басқа ғылым 
салаларымен байланысын, педагогикалық өлшемдер мен педагогикалық 
информатика мәселелерін зерттеді.


263
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
Әдіснамалық білімдер қатарына теория негіздері, заңдар мен заң ды-
лықтар, категориялар мен ұғымдар, идеялар, ұстанымдар, постулаттар, ере-
желер, болжамдар, фактілер мен әдістерді жатқызуға болады. Қазіргі кезде 
әдіснамалық білімнің мәні, құрылымы, мазмұны және қызметтері туралы, 
оларды алу тәсілдері туралы түсініктерді тереңдету үдеріс жүріп жатқаны 
байқалады. Ғалым В.И. Журавлев педагогикалық әдіснамалық білімнің 
құрамын (педагогикалық практика мен ғылымның әлеуметтік мақсаттары, 
педагогика білімдері туралы білімдер, педагогика теориясының түсінік қоры, 
педагогикалық зерттеулер әдістері, педагогикалық жобалау ұстанымдары 
мен әдістері, бағыттардың идеологиялық түсіндірімнің ұстанымдары және 
педагогикалық зерттеулер нәтижесі) анықтай отырып, мынадай топтардың 
бар болатынын көрсетеді. Олар: жалпылама, іргелілік, тұтастық икемділік, 
әдіснамалық білімнің теоретиктер мен практиктердің мәселені шешуіне 
тәуелді құрастырымдылығы.
Педагогиканың тәрбие бөліміндегі дискрипторлық сөздіктің негізін 
құрайтын негізгі және жалпы қолданылатын терминдермен педагогика 
әдіснамасының сөздігі шектелуі болуы мүмкін:
әдіснама (жалпы);
педагогика әдіснамасы;
педагогикалық мәселе;
педагогикалық зерттеу әдісі;
педагогикалық зерттеу құралдары;
педагогикалық зерттеу көздері;
болжам;
педагогикалық зерттеу нәтижесі;
педагогикалық заңдылық;
педагогика заңы;
ғылыми-педагогикалық категория;
ғылыми-педагогикалық ұғым;
педагогикалық тезаурус;
педагогиканың ақпаратты-ізденістік тілі (АІТ);
педагогикалық информатика, педагогикалық ақпарат;
педагогикалық іс тәжірибе;
педагогикалық зерттеу нәтижелерін іс тәжірибеге енгізу;
педагогикалық логика;
педагогикалық үдерістің қарама-қайшылығы;
педагогикалық практика;
ғылыми қорытындылардағы педагогикалық практиканың сұранысы;
зерттеу сапасы бағасының өлшемі;
педагогикалық үдерістегі тиімділік бағасының өлшемі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет