Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет102/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау. Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
260
Ғылыми мектептің теориялық нәтижелері:
– кәсіптік педагогиканы жасау және дамыту; кәсіптік білім берудің 
мазмұнының, оқыту мен тәрбиелеу технологияларының, формалары мен 
әдістерінің, оқу үдерісінде құралдарды кешенді пайдаланудың, кәсіптік 
білім беру мекемелерін басқарудың теориялық негіздері;
– білім беруді дамыту ұстанымдары мен оларды іске асыру шартта-
рында туындайтын жетекші идеялардың жіктемелерінің негізінде Ресейдегі 
кәсіптік білім беруді дамыту теориясын құру;
– Ресейде және шетелде үздіксіз білім беруді іске асыру жұмысын са-
лыстырмалы талдау;
– әрекетті ұйымдастыру ілімі ретіндегі заманауи әдіснаманы жасау;
– постиндустриалды қоғамның педагогикасының ұғымдық-түсініктік 
аппаратын құрастыру.
Новиков Александр Михайлович – педагогика 
ғылымдарының докторы, қазіргі әдіснаманы, білім 
берудің заманауи теориясын жасаушы, Ресей Білім 
академиясының академигі.
А.М. Новиков – педагогика мен білім беру әдіс-
намасы, еңбекке баулу мен кәсіптік білім, еңбек пси-
хологиясы мен философиясы мәселелері бойынша 
300-ден аса еңбектің авторы. Ғалымның «Білім беру 
әдіснамасы», «Педагогика негіздері», «Докторлық 
диссертация» атты еңбектері педагогиканың әдіс на-
малық қорына енді. 
Педагогиканың философиясы мен әдіснамасының жетекші ғылыми 
мектеп аясында даму жүйесі:
– оқушылардың интеллектуалдығы, сезімдік-еріктік саланың тиімді 
дамуын қамтамасыз ететін Л.В. Занковтың жасаған бастауыш мектептің 
дидактикалық жүйесі;
– политехникалық оқыту тұжырымдамасы (П.Р. Атутов);
– жалпы білім беретін мектеп түлегінің моделі (Б.С. Гершунский, 
В.С. Шубинский);
– білім беру философиясы, дидактика философиясы, педагогика фи-
лософиясы (Я.С. Турбовской, И.Я. Лернер, Б.М. Бим-Бад). Зерттеуде пе-
дагогика философияның ажырамас бөлігі ретінде қарастырылды. Негізінен 
қажетті әдіснамалық бағдар болып табылатын білім беру философиясына 
көбірек көңіл бөлінді;
– педагогикалық болжаудың теориялық негіздері, педагогиканың 
прогностикалық қызметін анықтау (И.Я. Лернер, Б.С. Гершунский);
– педагогика әдіснамасынң ұғымдық-түсініктік аппараты, педаго ги-
калық өлшемдердің әдіснамалық негіздері (В.И. Журавлев); 


261
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы жетекші ғылыми мектептер
– педагогикалық білім берудің әдіснамалық және гуманитарлық не-
гіздері (Ю.В. Сенько).
Педагогикалық зерттеулердің сапасын арттыруда педагогиканың 
теориялық-әдіснамалық мәселелерін зерттеу ерекше мәнге ие болды. Бұл 
бағытта зерттеудің орталығы XX ғасырдың 70-80 жылдары институт база-
сында ұйымдастырылған педагогика әдіснамасына арналған бүкілодақтық 
семинар болды. 
Кешенді зерттеулер нәтижесінде заманауи педагогика әдіснамасының 
ғылыми таным әдіснамасы ретіндегі іргесі қаланды, нормативті әдіснама 
дамыды, іргелі, қолданбалы зерттеулер жасалымдарының сапасын бағалау 
тұжырымдамасы дайындалды; педагогиканың ұғымдық-түсініктік аппара-
ты жүйеленді.
Педагогиканың, білім беру философиясының, дидактика фило со фия-
сының, педагогика философиясының іргелі негіздері тұжырым дамалық 
деңгейде қалыптасты.
Турбовской Яков Семенович – педагогика ғы-
лымдарының докторы, профессор, Ресей Білім 
ака демиясының Білім беруді дамыту стратегиясы 
институтының жетекші ғылыми қызметкері; білім 
беру философиясы зертханасының меңгерушісі. 
Зерт хана 1970 жылдардан бастап педагогика ғы лы-
мы мен практикасының өзара әрекеттестігінің бас-
қа рылу тұжырымдамасын жасап шығарды. Себебі 
педагогиканың тәжірибені диагностикалауы қажет 
болды. 
Профессор Я.С. Турбовскойдың зерттеу алаңы мына мәселелерді 
қамтиды: білім беру әлемі мен әлеуметтің арақатынасы; білім беру фи-
лософиясын құруды талап ететін білім беру әлемінің заңдылықтары мен 
арнайы ерекшеліктері; білім беру әлемі философиясының категориялары. 
Оқу-тәрбие жүйелерін құрудың негізі ретіндегі кеңістік, уақыт, орта, 
әдістер, технология, педагогикалық мақсат технологиялары жасақталды. 
Я.С. Турбовскойдың жаңа идеялары «Педагогикалық аксиоматика» 
атты кітабында көрініс тапты. Ғалым кеңінен педагогика ғылымы мен 
білім беру практикасының өзара әрекеттестігінің әдіснамасын, озат пе-
да гогикалық тәжірибені жинақтау мен пайдалану жүйесін зерттеді, ру ха-
нилықты әдіснамалық тұрғыдан қарастырады. 
Гершунский Борис Семенович 1935 жылы Киев қаласында дүниеге 
келді. Педагогиканың практикалық әдістерін жүйеледі, дидактикалық про-
гностика, прогностикалық зерттеу әдістері туралы еңбектер жариялады. 
Гершунский Борис Семенович – Ресей Білім академиясының құрыл тай-
шыларының бірі (1992), педагогика ғылымдарының докторы, профессор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет