269
4.3. Заманауи әдіснамашы ғалымдар
«Гуманитарные основы педагогического образования», «Педагогика пони-
мания» (авторлық бірлестікте), «Стиль педагогического мышления» және
т.б. кітаптары педагогикалық ойлаудың гуманитарлық стилін меңгеруге
көмектесті. Бұл еңбектер педагог әлемінің кәсіби бейнесі сұрақтарын қам-
тыды, педагогикалық үдерісті мәдениеттің гуманитарлық феномені ретінде
қарастырды.
Қазіргі заманның көрнекті әдіснамашы ғалымдарының бірі – Лукац-
кий Михаил Абрамович. Оның педагогиканың
әдіснамалық бағ дар ларын
түсіндіруі педагогиканың пәнаралық байланыстарын, ғылым фило со-
фиясының тұжырымдарын негіздеуде пайдаланылды.
Лукацкий Михаил Абрамович – педагогика ғылымдарының докторы,
профессор, Ресей Білім ака демиясы Педагогиканың теориясы және тари-
хы институтының зертхана меңгерушісі. Ғалым бі-
лім беру философиясымен,
теориялық педаго ги ка-
мен, ғылым тарихымен, гуманитарлық зерттеу әдіс-
намасымен, отандық және шетелдік гумани тар лық
ойдың тарихымен айналысады.
М.А. Лукацкий «Педагогика ғылымының әдіс-
намалық бағдарлары» атты монографиясында педа-
го гиканың философиямен, ғылым фи ло софия сымен,
дидактикамен, психологиямен бай ланысын жан-
жақты қарастырды.
Сондай-ақ ол педа гогикалық
тео рияның қызметтерін гуманитарлық әдіс нама тұр ғысынан негіздеді,
педагогикалық семиологияның қалыптасу ке зең дерін нақтылады, тарихи-
педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұ ғырларын қарастырды. Соны-
мен бірге М.А. Лукацкий жазушы Л.Н. Толстойдың өзін-өзі адамгершілік
тұрғыдан жетілдіру мәселелерін терең зерттеуде. Педагогика тарихынан
оқу құралдарын ұсынды.
Зерттейтін мәселелері: білім беруфилософиясы, теориялық педагогика,
ғылым тарихы, гуманитарлық зерттеу әдіснамасы, отандық және шетелдік
гуманитарлық ойдың тарихы, педагогиканың
әдіснамалық бағдарлары;
құрастыру логикасы [143; 149].
Вершинина Надежда Александровна – педаго-
гика ғылымдарының докторы, профессор. Ғалым
педагогика әдіснамасы, педагогикалық ғылымтану,
бей нелеу өнерін оқыту әдістемесі мәселелерін зерт-
тейді.
Ғалым «Педагогиканың құрылымын зерттеу
әдіснамасы» атты монографиясында педагогиканың
дамуындағы түрлі ғылыми мектептердің,
тұғыр-
лар дың, ағымдардың, бағыттардың бірнеше нақты