Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет15/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Ғылым деген не? Оның көздегені не?
2. Ғылымды қандай параметрлерге және белгілеріне қарай сипаттауға болады?
3. Ғылыми зерттеу және ғылыми жоба деген не, олардың бір-бірінен айырмашылығы 
неде? 
4. Педагогикалық және дидактикалық ізденістің мәні неде, олардың базалық катего-
риясы қандай?


1-тарау. Ғылыми-педагогикалық зерттеу: теориясы мен әдіснамасы
34
5. Қазіргі заманғы ғылыми педагогикалық ізденістің жетекші әдіснамалық көзқарасы 
қандай?
6. 1-кестеде көрсетілген ақпаратты түсіну дәрежесін үшінші бағанды толтыра оты-
рып, баллмен бағалаңыздар. 
7. Сатылап жүре отырып, осы параграфтың 1-кестедегі аспектілердің өзіңізге тү сі нік-
сіз жерлерін тұжырымдай отырып, жазбаша түсінік беріңіздер.
8. Ғылымға өзіңіздің жеке анықтамаңызды беріңіз немесе оның 2-3 ұғымына өзіңіз 
таңдаған ғалымдардың анықтамасын келтіріңіз.
9. Әртүрлі авторлардың оқулықтары мен оқу құралдарын негізге ала отырып, «педа-
гогика» және «дидактика» ұғымдарына тірек схемаларын жасаңыз.
1.2. Зерттеуші және педагогикадағы зерттеу әрекеті 
Ғылым зерттеушінің ғылыми таным әрекетін ерекше ұйымдастыруы 
негізінде жүзеге асырылатын зерттеуінің, ғылыми жобаларының арқасында 
дамиды. Ғалым, ғылыми қызметкер қажетті біліктілігі бар және ғылыми 
және ғылыми-техникалық әрекетпен кәсіби түрде айналысатын субъект бо-
лып табылады.
Бұрынғы кезде «ғалым» деп жақсы және толық оқыған адамды айтқан. 
«Оқыған, ғалым» – «оқыған адамның жағдайы, сапасы, ғылымды жетік білуі, 
оны толық игеруі» делінді (И. Даль). Қазіргі кезде ғалым деп жаңадан бір 
ғылыми жаңалық ашқан, ғылыми дәрежеге ие, ғылыми этикетке сәйкес кез 
келген адам емес, неғұрлым ғылымға көбірек үлес қосқан, «қалыптасқан», 
«көпке танымал», «белгілі», «көрнекті», «әлемдік деңгейдегі» нақты салаға 
аса зор ықпалы бар адамдарды есептейді. Талантты, ғылымға жаңа келген 
зерттеушілерді жас, болашағынан үміт күттіретіндерді ғалым деп алдын 
ала қолдау мақсатында атайды. 
Бейтарап түсінік бойынша «ғылыми қызметкер» ғылыми индустрия- 
да – академияда, ғылыми-зерттеу институтында, орталығында және ба с- 
қа жұмыс істейтін адамдарды да атайды. «Зерттеушілер», «бір нәрсені іс-
теушілер, ойлап табушылар», «авторлар» сөздері кеңінен қолданылады. 
Мем лекеттің, бизнес саласының, мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың 
тап сырмалары бойынша зерттеуге, ғылыми жобаға, бір нәрсені жасауға 
қа ты сатындардың барлығын да, ғылыми дәрежесі болсын-болмасын осы-
лай атау қалыптасқан. Сонымен қатар өз бетінше диссертациялық жұмыс 
бойын ша зерттеу жүргізіп, оны толық аяқтап, қорғаған субъектілерді де 
атайды. Соңғы жағдайда диссертацияны дайындап қорғағанға дейінгі ке-
зеңде академиялық немесе ғылыми мәртебеге жету мақсатындағы ізденуші 
тү сінігі зерттеушінің синонимі ретінде қолданылады.
Зерттеушілік қызмет әлдебір жетістікке жетуге кепілдік беретін ал го-
ритм дік кәсіби әрекетпен қиюласпайды, ол ғылыми ізденіспен айналыса-
тын жеке тұлғаның ішкі жандүниесін қамтиды. Ғылыми-зерттеу, ғылыми-


35
1.2. Зерттеуші және педагогикадағы зерттеу әрекеті
техникалық әрекет – әлеуметтік-мәдени, экономикалық, инженерлік-тех-
но логиялық және басқа да мәселелерді шешу үшін жаңа білімді қолдануға 
бағытталған және ғылым мен техниканың, өндірістің бірегей жүйесі 
ретінде арнайы ұйымдастырылған қызмет. Ол тек ғылыми жұмыста белгілі 
бір амалдарды, дағдылар мен құралдарды қолдана білуді ғана талап етіп 
қоймайды, сонымен қатар психологиялық және әлеуметтік мәдени сапалар-
ды да талап етеді. Ол үш аспектіге бөлінеді: ғылыми-логикалық, тұлғалық-
психологиялық және әлеуметтік-психологиялық (М.Г. Ярошевский). 
Зерттеушінің нақты ұсыныстары қоғамда адам өміріне белгілі бір 
дәрежеде өзгеріс енгізетін болғандықтан, қоғам үшін оның рөлі мен 
қызметі маңызды. Мысалы, педагогикалық зерттеулердің нәтижелері мен 
ұсыныстары жанама болсын, тікелей болсын көптеген адамдардың мінез-
құлқы мен кәсіби қызметіне қатысты, яғни педагогикалық корпус әлемде 
50 миллионнан кем емес, білім алушылар миллиардтан астам.
Ғылым тарихында ұзақ жылдар – ғасырлар бойы ғылыми жұмыспен 
айналысатын зерттеушілердің рөлі белгілі.
Классикалық ғылымның мұраты – эксперимент жүргізу тазалығын 
және оның ақиқаттығын айқындау мүмкіндігіне, алынған теориялық және 
практикалық нәтижелердің қайталануына зерттеушінің ықпалын тө мен-
дету, яғни ең төмен деңгейге түсіру. Классикалық емес ғылым зерттеу 
әдістеріне көңіл аударады. Классикалық еместен кейінгі кезең біздің әлем – 
бұл вариативті дамитын, көп жағдайда адамның әрекетіне байланысты өте 
күрделі реттелетін жүйе болғандықтан, зерттеуде ғалымның белсенді рөлін 
талап етеді және міндеттейді. Ғылыми қызметтің субъектісі болғандықтан, 
жаңа білімді жасаушылар-зерттеушілер ақиқаттың барлық саласында білім 
алу үдерісіне өздерінің қолтаңбаларын қалдырмауы мүмкін емес.
Оның үстіне бұл жаратылыстану ғылымдарына да, қоғамдық-гу ма ни-
тарлық ғылымдарға да қатысты. Мысалы, физиктер кванттық үдерістерді 
зерттеу барысында әрекеттен білімді өндіру үрдісі ғалымның зерттеуіндегі 
фактілердің орналасуына және талқылауына тәуелді екенін байқаған. Гу-
манитарлық ғылымдар басынан бастап зерттеудің диалогқа, рефлексияға, 
жеке білімді мойындауға және шындық пен ақиқатты түсінуге құрылуы 
арқасында белгілі бір міндетті нұсқаусыз-ақ ойластыруға мүкіндік береді. 
Ғылыми материалдармен жұмыс істейтін жеке тұлғаны дамыту оның жоға ры 
ынтасы, өзін-өзі шығармашылықпен жүзеге асыруы, жігерлілігі, талапшылды-
ғы, белсенділігі және зияткерлік әлеуеті арқылы қамтамасыз етіледі. Адамдар ды 
қоршаған ортаны зерттеуге ұмтылуға оның таңғалуы итермелейді (Аристотель), 
танымның эстетикалық себебі деп аталады (А. Пуанкаре), тарихта із қалдыру ға 
ұмтылу дегеніміз – ғылым туралы жаңа сөз айту және қазіргі заманғы жағдай-
ға және алынған нәтижеге тез жету, мүмкіндіктердің арқасында тауар деңгейіне 
дейінгі материалдық сыйақыға ұмтылу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет