31
1.1. Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу
– оқыту үдерісі сезімдік қабылдау мен білімді меңгеру және алған
білімді, дағдыны еркін қолдана білудің бірлігі ретінде түсініледі;
–
теория мен практиканың, білім мен біліктің, мұғалімнен алған мен
өз бетінше ізденіс арқылы ие болған білім көлемінің арасындағы қарама-
қайшылықты жоюға ұмтылу;
– педагогикалық басқарудың оқушының белсенділігімен үйлесімді-
лігі;
– оқу курстарының, оқушылардың әртүрлі талаптарына ықпалдасу
үдерістерін дифференциалдауды және интеграциялауды күшейту.
Дидактика бір мезгілде теориялық та, қолданбалы ғылым да болып та-
былады. Ол гносеология, ақпараттық ғылымдар, психология, пе да го ги калық
психология, ойды сөзбен жеткізе білудегі риторика,
кибернетика, әлеу-
меттану, педагогика тарихы және басқа ғылымдармен тығыз байланысты.
Қазіргі дидактикалық зерттеулердің негізін қалаушы бағдарларға:
а) жаратылыстану-ғылыми; ә) инженерлік-технологиялық; б) гуманитарлық
(И.В. Шалыгин, И.И. Логвинов, В.В. Ильин, В.М. Розин және басқалар)
бағдарларды жатқызуға болады. Әрбір бағыттың аясында өзіндік мәселе
мен әдіснама жүзеге асады.
Педагогикада XX ғасырда кеңінен қолданылған танымның ғылыми
жаратылыстану-ғылыми мұраттары заңдар мен заңдылықтардың, экспе-
ри менттерді қадағалаушы
теориялардың жасақталуына, статистикалық,
психологиялық, әлеуметтік әдістерді қолдануды кеңейтуге көңіл аудару-
ды, мүмкіндік беруді талап етеді. Бірақ педагогикалық нақтылықта кө бі-
несе жалғыз ғана «сенімді» теориялық және практикалық шешімдерге
ба ғынбайтын көп өлшемді
мәселелер кездесіп отырады, жаратылыстану-
ғылыми тәсілдер көбінесе «іске қосыла бермейді», сондықтан педагогика-
ны ғылым деп есептеуге бола ма деген сұрақ туады.
Инженерлік-технологиялық парадигманы жақтаушылар жаңа білімді
іздеу зерттеліп отырған нәрсенің пайда болу алгоритмінің жасақталуына
әкелу керек деп есептейді.
Ғылыми танымды гуманитарлық тұрғыдан қарастыру гуманитарлық
ғылым мен педагогикалық ізденіске жетелейді.
Педагогика, жаратылыстану ғылымдарының ізімен жүре отырып,
субъектіге тәуелсіз, нақты, ақиқат білімді іздейді, ал гуманитарлық мысал-
да
субъективті, рефлексивті, яғни білмеу туралы білім және білу туралы
білімді қарастырады.
Бұл тұрғыда педагогика үшін М.М. Бахтиннің жаңалығы өте бағалы,
онда кез келген тіршілік иесі үшін мәдениет диалогы туралы зерттеудің
келесі бір бағыты – өзге ой туралы ойдың, сөз туралы сөздің, мәтін туралы
мәтіннің пайда болуынан пайда болатын гуманитарлық ойдың туындайты-
ны айтылады. Осыған байланысты гуманитария зерттеушілері аймағында