43
1.2. Зерттеуші және педагогикадағы зерттеу әрекеті
дас тықта «2052: жақын арадағы қырық жылға арналған ғаламдық болжам»
атты баяндама жасалды. Өзі мүше болған Рим клубының қызметін кезінде
Шыңғыс Айтматов белсенді насихаттаған болатын.
Баяндаманың ұсыныстарын көптеген елдер, өндіріс ошақтары, корпо-
рациялар мен фирмалар өздерінің экономикалық дамуын болжау кезінде
ескеріп отырады. Олар әлеуметтік салаға да ауқымды әсерін тигізіп оты-
рады. Педагогика ғылымы мен білім беру ісінде қоғамның инновациялық
дамуының ерекшеліктері оңды рөл атқарып келеді. Рим клубының бұл
жоспарының идеялары мен нұсқаулары көптеген елдердің ғылыми әлеуетін
белсендіруде
және жаңадан құруда, білім берудің инновациялық түрін
таңдауда зор әсерін тигізіп отыр.
Ғылыми қызметкерлердің тарихи қауымдастығын сақтай отырып,
қазіргі заманғы ғылыми қызметті ұйымдастыру өндірістік, саяси, әлеуметтік
қажеттілік сияқты көптеген факторлардың ішінде ғылыми жетістіктер мен
идеяларды тәжірибеде қолдануды жеделдетуге өз ықпалын тигізді. Егер
бұрын жекелеген ғылыми жетістіктердің тәжірибе мен өндіріске әсері 100-
150 жыл өткеннен кейін байқалса, қазіргі жағдайда ғылыми нәтижелерді
меңгеру мерзімі өте аз мөлшерге дейін қысқарды.
Алынған нәтижелер жаңа тұжырым, парадигма, жаңа бағыт алуға мүм-
кіндік беретін идеялар ретінде адамзаттың ұжымдық ақыл-ойына үлес
қосатын тұлға қалыптасуына
әсер етеді.
Ғылыми қауымдастықта педагогикалық жұмыс жоғары бағаланады.
Беделді оқу орындарында дәрістер
оқу мүмкіндігі,
ғалым-ұстаз ретінде
ғылыми мектеп құрып, шәкірттер тәрбиелеп, олардың ғылыми бағытта
дамуына ықпал етуі ғалымның интеллектуалдық
деңгейі мен кәсіби
біліктілігін мойындау болып табылады.
Өреңді ғылыми жетістіктермен байытып және таным әрекетін мең ге-
ру өз іс-әрекетінде ұжымдық және жеке білімдерімен көрініп жүрген тә-
жірибелі де, жас та әріптестермен үнемі өзара байланыста болу арқылы
жүзеге асады.
Қазіргі зерттеуші өз іс-әрекетін шығармашылық қабілетіне және ин-
теллектуалдық таным әрекетінің ерекшелігіне байланысты жеке өзінің
білімімен толықтыру арқылы өзіндік, қалыпты емес ойлай алатынын көр-
сете алады. Ұжымдық ғылыми білім белгілі
бір тәжірибе аумағында әр
адам ның жеке ерекшелігін ескере отырып, барлық ғалымдар үшін ортақ
түсінік, әдіс, тәсілдер, амалдар және білім ережелер арқылы көрінеді.
Ғылыми әрекеттің толықтығы үшін зерттеуші ұжымдық сана феномені
– этноғылым айналысатын ғылымнан тыс және тиімсіз білімдер түрлері
туралы түсінік алуы тиіс. Классикалық ғылым таным үшін
оның мәнін
теріске шығарады, классикалықтан тыс ғылым оның көрегенділігін, ин туи-