Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет22/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Зерттеуші деп кімді айтады?
2. Ғылыми қызметтің мәні неде?
3. Ғылыми тілде сөйлеу стилінің басқадан өзгешелігі неде?
4. Зерттеушінің мұратты моделін жасап көріңіз.
5. Жеке зерттеу қызметінің алгоритмін жасап, оны түсіндіріп беріңіз. 
6. Педагогикалық ғылым және оның саласы – дидактиканың эмблемасы мен девизін 
ұсыныңыз.
1.3. Педагогика әдіснамасы: мәні, қызметтері, негізгі ұғымдары
Ғылым дамуының басты шарты – жаңа деректермен үздіксіз толығып 
отыру. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми 
негізделген зерттеу әдістеріне тәуелді келеді. Әдістер өз кезегінде ғылым 
аймағында әдіснама атауын алған теориялық ұстанымдардың бірлікті то-
бымен міндетті байланыста болады.
Ғылымда әдіснама деп ғылыми-танымдық іс-әрекеттердің түзілу прин-
циптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым әдіс-
намасы зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің нысаны, талдау пәні, 
зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы, т.б. сипаттамасын береді. Со-
нымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табудағы әрекеттер бірізділігін 
белгілейді. Осыдан педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және 
болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарас-
тыруға болады.
Әдіснама – объективті нақтылықтың түрленуі мен танымның жалпы 
қағидалары, ғылыми жетістік жолдары, тәсілдері туралы ғылым. Пе да го-
ги калық құбылыстарды диалектика тұрғысынан оқып-зерттеу олар дың 
өзіндік ерекшелігін, басқа құбылыстар мен үдерістер арасындағы бай ла-
ныс тарды анықтауға мүмкіндік береді. Негізінен, әдіснама жаңа, іргелі 
білімді алу тәсілдерін қамтамасыз етеді. Өз кезегінде, іргелі зерттеулер 
құ бы лыстардың мағынасын айқындайтын болса, қолданбалы зерттеулер 
таным қорытындыларын тәжірибеге енгізу жолдарын қарастырады. Зама- 
науи ғылыми, соның ішінде педагогикалық зерттеулер үлгісі барлық 
аталған қызметтерді қамтиды.


49
1.3. Педагогика әдіснамасы: мәні, қызметтері, негізгі ұғымдары
М.А. Даниловтың педагогика әдіснамасы жайлы ғылыми мақалалары 
осы саладағы еңбектердің алғашқыларына жатады. Бұған дейін жалпы 
әдіснама мен педагогиканың әдіснамасы ретінде марксистік-лениндік фи-
лософия саналып келді. М.А. Данилов педагогика әдіснамасының келесі дей 
анықтамасын ұсынды: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шы на- 
й ылықты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, 
білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы 
білімдер жүйесі болып табылады».
В.В. Краевский, М.А. Даниловтың ұсынған педагогика әдіснамасының 
анықтамасын қабылдай отырып, осы анықтаманың нақтылығын, бірақ 
толыққанды еместігін атап көрсетеді. В.В. Краевскийдің көзқарасы бойын- 
ша, педагогиканың әдіснамасы тек білім жүйесі ғана емес, сонымен қа-
тар оларды жасау әрекеті саласы болып табылады. Педагогиканың әдіс-
на масы қаншалықты тереңірек зерттелініп, жасалынғанымен, ол маңызды 
сұ рақтарға анық әрі дұрыс жауап бере алмай отыр: педагогиканың әдіс-
на масымен айналысу нені білдіреді; онымен кім айналысуы қажет; пе да-
гогикалық зерттеуді қалайша әдіснамалық қамтамасыз ету керек; пе да го-
гикалық зерттеу құрылымында ғылымнан тәжірибеге көшу қалай жүреді?
В.В. Краевский: «Педагогиканың әдіснамасы педагогикалық шынайы-
лықты бейнелейтін педагогикалық теорияның құрылымы мен негіздері, 
білімдер жасауға қажет тұғырлар мен тәсілдердің қағидалары туралы бі-
лімдер жүйесі, сондай-ақ арнайы ғылыми-педагогикалық зерттеулердің 
бағ дарламаларын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалау туралы бі-
лім дерді алу бағытындағы әрекет жүйесі», – деп тұжырымдайды.
Педагогика әдіснамасының пәні – педагогикалық шынайы болмыс пен 
оның педагогикалық ғылымда бейнеленуінің арақатынасы. 
Қазіргі кезде педагогикалық зерттеулердің сапасы мәселелері өзекті бо-
лып отыр. Әдіснаманың зерттеушіге көмек көрсетуге, онда зерттеу жұмысы 
саласында арнайы қабілеттердің қалыптасуына бағытталуы күшейе түсуде. 
Осылайша, әдіснама нормативтік бағыттылыққа ие және оның маңызды 
міндеті – зерттеу жұмысын әдіснамалық қамтамасыз ету. 
Жоғарыда келтірілген педагогика әдіснамасының анықтамасынан көріп 
отырғанымыздай, бұл ғылыми таным саласы екі қырынан көрінеді: білім 
жүйесі мен әрекет жүйесі. Әрекеттің екі түрі алынып отыр: әдіснамалық зерт-
теу және әдіснамалық қамтамасыз ету. Әдіснамалық зерттеу педагогикалық 
тәжірибемен байланысты. Оның міндеттері: педагогика ғылымының даму 
үрдісі мен заңдылығын анықтау, педагогикалық зерттеулердің сапасы мен 
тиімділігін арттыру қағидаларын нақтылау, олардың мағыналық құрамы 
мен әдістерін талдау.
Әдіснамалық қамтамасыз етудің мақсаты – нақты ғылым саласында 
зерттеу әрекетін негіздеу үшін бар білімді пайдалануды қамтамасыз ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет