111
1.6. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің
логикасы мен тұжырымдамасы
айқындау; 4) түрі өзгерген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету;
5) табысты шараларды өткізу критерийін, сонымен бірге нәтижені бағалау
жасау; 6) болжамдау функциясын орындау; 7) осы нысанға жататын өзге
тұжырымдамалармен сәйкестендіру [216].
Тұжырымдамалық зерттеуді педагогикалық фактілерді түсіндіру мәні
тұрғысын және бұл мәндерден шығатын ұсыныстардың тексерімділігін си-
паттайды. Кез келген зерттеудің тұжырымдамасының болуы оның тү ріне
тәуелді еместігі – зерттеудің міндетті сипаты. Сонымен бірге тұ жы рым-
да малардың өздері әртүрлі іргелілік дәрежесінде болады. Осыған байла-
нысты зерттеулер іргелі, қолданбалы және практикалық болып бөлінеді.
Педагогикада іргелі деп оқыту үдерісінің мәнін толық ашатын, біздің көз-
қарасымыздың негізгі жүйесін соған сай өзгертетін тұжырымдаманы айтуға
болады. Сонымен бірге пайда болған жаңа тұжырымдама онымен қа тар
бұрын жасалған тұжырымдамадағыдай сол фактілер
мен құ бы лыс тарды
түсіндіруі де мүмкін. Екі тұжырымдама да ғылымда қатар тұруға құқылы.
Тұжырымдама практикалық зерттеулерде айқын түрде қатыспайды,
бірақ зерттеуші міндетті түрде қолданбалы, кейде іргелі де зерттеулер
нәтижелерін пайдаланып отырады.
Жаңа іргелі тұжырымдама ғылымдар тоғысында жасалады. Педагоги-
ка үшін бұл, бәрінен бұрын, психология. Ол
педагогикалық психология,
дидактикалық жұмыстар жетістіктері, сонымен қатар педагогикалық тә-
жірибенің кеңінен жалпылап жинақтау негізінде құрастырылды. Бұл тұ-
жырымдаманың аясында қазіргі кезде оқыту мазмұны, әдістері және ұйым-
дас тыру формалары жасалуда.
Айталық, дидактикалық зерттеудің алгоритмін ұсынатын болсақ, ол
мынадай түрде беріледі:
– дидактикалық фактілерді, құбылыстарды және үдерістерді зерт теу-
дің нақты
әдіснамалық тұғырларын анықтау;
– әдіснамалық ұстанымдарды нақтылау;
– зерттелетін мәселеге сын көзбен қарау;
– зерттелетін мәселені тарихи-логикалық талдау;
– зерттеу пәнін жүйелілік-құрылымдық талдау;
– зерттеу пәнін сипаттауды тұтастық тұғыр негізінде іске асыру.
Тұжырымдама жасау іс-әрекеттің дүниетанымдық деңгейдегі терең
білімдер жүйесін меңгерумен, сондай-ақ гуманитарлық технологияларды және
ұғымдық
құрылымдарды меңгеруді, арнайы қабілеттілігі болуын талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: