235
4.1. Педагогика әдіснамасының негізін салушылар
сын дағы қиындықтар мен табыстарға психологиялық-педагогикалық тал-
дау» тақырыбында кандидаттық диссертация, 1965 жылы «Мұғалім әреке-
ті нің психологиялық құрылымы және оның тұлғасының қалыптасуы» та-
қырыбында докторлық диссертация қорғады.
Негізінен педагогика және
педагогикалық психология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
Н.В. Кузьмина кәсіптік білім берудің акмеологиясын зерттеді.
Н.В. Кузь минаның еңбектерінде педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық
құрылымына сипаттама беріледі. Ол барлық студенттің педагогикалық ма-
мандыққа бағыттылығын және педагогикалық икемділігін қалып тас тыруды
педагогикалық білім берудің маңызды міндеттерінің бірінен санайды. Со-
нымен қатар маман дайындаудың тиімділігін арттыру үшін студенттерді
болашақ кәсіби іс-әрекетінің құрылымына икемдей отырып, мұғалім
тұлғасын қалыптастыру үдерісін қарастырады.
Педагогикалық қабілетке
ол педагогикалық байқампаздық, педагогикалық қиял, педагогикалық такт,
назар аударып, көңіл қоюды және талапшылдықты жатқызады.
Педагогикадағы құзыреттілік тұғыры туралы ғылыми жұмыстардың
арасында Н.В. Кузьминаның зерттеулері ерекше мәнге ие. Мұғалім еңбе-
гінің психологиясын қарастыра отырып және педагогикалық қызметінің
құрылымын анықтай келе, ғалым педагогтің тұлғасына үлкен мән береді.
Н.В. Кузьмина кәсіби даярлаудың төрт компонентін атап көрсетеді, олар:
құрастырушылық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық
және гнос ти ка-
лық. Оларды белгілі бір педагогикалық қабілеттердің қатарына жат қы зады:
оқу-құрастырушылық материалдарын балалардың жас ерек ше ліктеріне
қарай таңдау, баланың жеке тұлғасының жобалану, диагнос ти калық және
даму бейнесін есепке алу; коммуникативтік – балалармен қарым-қатынас
қалыптастыру, оларды ситуацияға байланысты әрекет етуге бейімдеу;
ұйымдастырушылық – іс-әрекеттің алуан түріне қатыстыру, ұжымды әрбір
жеке тұлғаға ықпал жасау құралына айналдыру; гностикалық – заң ды лық-
тарды анықтайтын, тәуелділікті белгілейтін талданған педагогикалық си-
туацияларды оңтайлы шешуге қабілетті болу.
Н.В. Кузьмина құзыреттілікті жеке тұлғаның қасиеттері ретінде қарас-
тырады. Оның пікірінше құзыреттіліктің бес түрі бар:
1. Оқытатын пән бойынша арнайы және кәсіби құзыреттілік.
2. Оқушылардың білім, біліктерін қалыптастыру
тәсілдері бағы тын-
дағы әдістемелік құзыреттілік.
3. Қарым-қатынас аясындағы әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік.
4. Оқушылардың ынтасы, қабілеті аймағындағы психологиялық
құзыреттілік.
5. Тұлғаның өзінің және өзіндік іс-әрекетінің жетістіктері мен кем ші-
ліктері айналасындағы аутопсихологиялық құзыреттілік.