253
4.2. Педагогика әдіснамасы саласындағы
жетекші ғылыми мектептер
Лернер Исаак Яковлевич(1917–1996) – әйгілі
педагог, ПҒА академигі, педагогика ғылымдарының
докторы (1971), профессор (1990). Исаак Яковлевич
Лернер 1917 жылы Украинаның Хмельницкий
облы сында дүниеге келген. РСФСР-дің ғылымға
ең бегі сіңген қайраткері (1987), 1939 жылы Мәскеу
мемлекеттік университетінің
тарих факультетін бі-
тірді. 1937 жылдан Мәскеудің, Мичуринскінің, Во-
ро неждің және басқа қалалардың педагогикалық
жоғары орындарында дәріс берді. 1959 жылдан ПҒА
жүйесінде жұмыс істеді. 1964–1970 жылдары гу-
манитарлық білім берудің дидактикасы зертханасын, 1972–1974 жылдары
жалпы және политехникалық білім берудің ғылыми-зерттеу институтында
дүниеге көзқарас қалыптастыру зертханасын басқарды. 1970 жылдан Жал-
пы педагогика ғылыми-зерттеу институтының дидактиканың жалпы мә-
селелері зертханасында істеді.
Исаак Яковлевич Лернер алғашқылардың
бірі болып дидактиканың
әдіснамалық қызметін негіздеді, проблемалық оқыту теориясын дамытты,
оқыту әдістерінің дидактикалық негіздері мен әдістер жүйесін жасады.
Ол оқыту әдістерінің, оның ұйымдастыру формаларының, құралдары мен
әдістерінің өзара байланысын ашып көрсетті, әлеуметтік тәжірибеге сәйкес
білім мазмұнының құрамы мен құрылымын негіздеді. Исаак Яковлевич
оқу-тәрбие үдерісінің жүйе ретіндегі тұжырымдамасын жасады, орта білім
берудің базалық мазмұнының тұжырымдамасын ұсынды.
1985–1991 жылдары қазіргі заманауи мектеп оқулықтарын түзу тео-
рия сын жасау жұмысына басшылық етті.
И.Я. Лернердің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері 1981 жылы жарық
көрген «Дидактические основы методов обучения» монографиясында және
1989 жылы шыққан «Теоретические основы процесса обучения в советской
школе» атты ұжымдық монографияда көрініс тапты.
Оқыту үдерісін, білім беру мазмұнын, оқыту әдістерін жеке қарастыра
отырып, И.Я. Лернер заманауи оқыту үдерісінің әмбебап, жалпы кез келген
оқу орнын қамти алатын дидактикалық моделін жасау идеясын терең
ойластырды. Оның бұл ұмтылысы «Философия дидактики и дидактика как
философия» атты кітабында, одан да бұрын «Современная дидактика: тео-
рия – практике» атты монографиясынан орын алды.
Еңбектері: Содержание и методы обучения истории в V-VI классах веч.
(сменный) школы. – М., 1963; Проблемное обучение. – М., 1974; Процесс
обучения и его закономерности. – М., 1980; Дидактические основы методов
обучения. – М., 1981; Развитие мышления учащихся в процессе обучения
истории. – М., 1982; Теоретич. основы содержания общего ср. образования.