25
1.1. Ғылым және ғылыми-педагогикалық зерттеу
Одан бергі кезде ХХ ғасырдың басында қазақ зиялылары А. Бай тұр сы-
нов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов, т.б. білім
беру мен оқыту үдерісін жетілдіру, оқулықтар даярлау, білім мазмұнын
іріктеу, оқушылардың таным әрекетін арттыру
мәселелерін тереңінен
зерттеп, дидактиканы одан әрі дамытуға өз үлестерін қосты. М. Жұмабаев
оқыту үдерісіне қатысты іс-әрекет, амал жүйесін құрып, бірқатар «индук-
ция», «дедукция», «талдау», «жинақтау», т.б. сияқты терминдерді өзінің
«Педагогика» атты еңбегінде қолданған. Ж. Аймауытов көптеген «ынта»,
«мүдде», «берне», «бағам», «перцептив», «апперсепсе» және т.б. атауларды
дидактикаға алғаш енгізген. Ол таным теориясының тірегі пәлсапалық жад-
ты үздіксіз дамыту деп есептеген. Адамның ойлау іс-әрекетін «ойсандығы»
деп атаған.
Кеңес дәуірінде Қазақстан ғалымдары педагогиканың жалпы мәсе-
ле лерімен қатар дидактикалық мәселелерді де зерттеді. Республика мек-
теп терінің практикалық материалдарына сүйене отырып, жалпы пе да го-
гикалық, дидактикалық маңызы бар түрлі жастағы оқушылармен жұмыс
іс теудің
ерекшеліктері, оқытудың дамуына байланысты мектептерді по-
литехникаландыру, мектеп жағдайындағы оқыту, білім беру үдерісінің
ерек шеліктері сияқты тақырыптар бойынша көптеген ғылыми зерттеу
жұмыстарын жүргізді. Солардың бірі профессор Р.Г. Лемберг болды. Ол
1938 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын-
да оқытушы, кафедра меңгерушісі бола жүріп, оқулықтарды, әдістемелік
құ рал дарды, нұсқауларды зерделеді, жас ғалымдарды
тәрбиелеуге елеулі
үлес қосты. Отызға таяу ғылым кандидаттарын, бірнеше ғылым докторла-
рын дайындады. Педагогиканың теориялық және практикалық маңызы бар
мәселелері туралы көптеген еңбектер жазды. Ол еңбектердің ішінде бас-
тауыш білім беру мәселелері де қамтылған. «Бастауыш мектептегі сабақ»,
«Сабақ методикасының мәселелері», «Дидактикалық очерктер», «Мектеп
оқушыларын жалпы дамыту жұмыстары», «Сабақты құру мәселелері»,
«Сабақта білім беру мен білімді пысықтау», «Мектептегі оқыту әдістері»
атты еңбектерінде сабақтың тақырыбы мен мазмұнының ішкі бірлігі, жаңа
материалдың сабақтағы рөлі мен маңызы, сабақта жаттығулар жүргізудің
жолдары, білімді есепке алу мен материалды пысықтаудың жаңа түрлері
ұсынылды. Сонымен қатар кеңес мектебіндегі оқыту әдістерінің шетелдік
мектептердегі оқыту әдістерінен айырмашылығы сараланған. Оқыту әдіс-
те рінің жалпы теориясына тоқтала келе, ол оқыту әдістерінің тиімділігі
оқу шыларды біліммен қаруландырып қана қоймай, олардың дүниеге көз-
қа растарын қалыптастырып, сабаққа ынтасының,
білуге құштарлығының
артуына, жан-жақты дамуына тікелей әсер ететінін айтады.
Ол әдіс, әдістің түрлері мен тәсілдері деген ұғымдарға анықтама
бере отырып, оқыту әдістерінің ерекшеліктері ретінде мыналарды бөліп