271
4.3. Заманауи әдіснамашы ғалымдар
жүйелердің тиімді қызмет жасауының жалпы заңдылықтары тұрғысынан
қарастыруға мүмкіндік жасайды [35].
Қазіргі уақытты педагогика тарихы саласында
әдіснаманы зерттеуші
жетекші ғалымдардың бірі Богусла́вский Михаи́л Ви́кторович болып табы-
лады.
М.В. Богуславский – педагогика ғылымда ры-
ның докторы, профессор, Ресей Білім акаде мия-
сының корреспондент-мүшесі.
Ресей Білім ака де-
миясы Педагогиканың теориясы мен тарихи инс-
титутының білім беру мен педагогика тарихы бө-
лі мінің меңгерушісі. М.В. Богуславский білім беру
әдіс намасы, теориясы мен тарихы саласындағы же-
текші маман. Профессор педагогика тарихын зерт-
теудің әдіснамалық тұғырларының жүйесін (па ра-
дигмалық,
өркениеттік, аксиологиялық) жасады,
тарихи-педагогикалық материал негізінде эксперимент жүргізудің әдіс на-
масы мен технологиясын алғаш рет ұсынды, білім беру философиясы сала-
сында ірі зерттеулерді жүргізді.
Дидактикалық зерттеу әдіснамасы мен әдістемесін жасаушылардың
алдыңғы лебінде В.И. Загвязинскийдің орны ерекше.
Загвязинский Владимир Ильич – көрнекті ға-
лым педагог, ғылыми зерттеуші ұжымды ұйым-
дас ты рушы, РБА академигі (1992), педагогика
ғылым да рының докторы (1973), профессор (1975),
1930 жы лы Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1952
жы лы Тюмень пединститутын бітірген, мектеп-
терде және Ишим пединститутында сабақ берді
(1966–1970 жылдары – проректор). 1973
жылдан
Тө мен университетінде педагогика және психоло-
гия кафедрасының меңгерушісі. 1994 жылдан бері
РБА Сібірдегі аймақтық орталығының төрағасы. В.И. Загвязинскийдің ең-
бек терінде педагогтің зерттеуін оның еңбегінің жинақталған сапасы әрі
әрекетіне шығармашылық сипат беруші ретінде қарастырады. 1990 жыл-
дан педагогикалық жобалау және инновациялық үдерістер, жоғары мектеп
педагогикасы, аймақтық білім беру мәселелерімен айналысады.
В.И. Загвязинский педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері, оқыту
үдерісінің кіріккен бөліктері
туралы тұжырымдаманы негіздеп, жоғары
мектептің дидактикасы мен әдістемесіне зор үлес қосты.
Академик В.И. Загвязинский «Методология и методы дидактических
исследований», «Противоречия процесса обучения», «Педагогическое
предвидение» және басқа да еңбектерінде педагогиканың теориялық іргелі