Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым


Педагогика әдіснамасының ғылыми мәртебесі



Pdf көрінісі
бет26/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

Педагогика әдіснамасының ғылыми мәртебесі. Бүгінгі күнде қай 
ғылым саласы болсын өзінің зерттеу нысаны мен субъектісін жаңаша ойлау- 
мен байланыстырады. Бұл ғылымдардың әдіснамалық негізін білуді және 
қазіргі әлемдік ғылыми танымның құралдары мен амалдарын жетілдіруді та-
лап етеді. Қоғамдық ғылымдардың, сонымен қатар педагогика ғылымының 
әдіснамалық және әлеуметтік мәнін арттыру, жеке адамның тұлға ретінде 
қалыптасуы міндеттерін болжап білу мейлінше айқын қойылуы тиіс.
Педагогика ғылымының әдіснамасы, біріншіден, жалпы әдіснама ғы-
лы мынан туындайды; екіншіден, қоғамдық ғылыми жүйенің даму үрдісін 
оқып-үйренумен және зерттеумен байланысты болады; үшіншіден, пе да-
го гикалық құбылыстар туралы теориялық ұстанымдар мен оларды зерттеу 
әдістері қарастырылады; төртіншіден, жаңадан алынған білімдерді тәрбие, 
оқыту білім беру ісіне енгізумен анықталады.
Бұл жағдайда зерттеудің тақырыбын, мазмұнын, идеясын, пәнін, т.б. 
ғылыми аппаратын бірлікте, тұтастықта шешу үшін анық әрі дәл әдіс на-
малық негіз қажет. Сонымен, қазіргі кезде көптеген әлемдік мәселелерді 
шешуге педагогика ғылымының да айтарлықтай үлесі бар. Солардың ішінде 
педагогиканың әдіснамалық мәселесін, педагогиканың ғылым ретіндегі 


57
1.3. Педагогика әдіснамасы: мәні, қызметтері, негізгі ұғымдары
пәнін айқындау – басты міндет. Қоғамдық өмірдің барлық саласындағы
саяси, әлеуметтік экономикалық, рухани ағартуда, т.б. жүріп жатқан іргелі 
жаңарулар, сайып келгенде, адам мәселесіне келіп тіреледі.
Педагогиканың әдіснамасы өзінің үдерістік онтогенетикалық, қыз-
мет тік, құрылымдық-морфологиялық жүйелілігі негізінде педагогикалық 
метабілімнің келесі ірі блоктары арқылы көрініс табады:
– педагогиканың әдіснамасы туралы жалпы түсінік, оны анықтауға 
қажет тұғырлар;
педагогика әдіснамасының ұғымдық аппараты;
– педагогика әдіснамасының қызметтері және әдіснамалық білімдер 
құрылымы;
әдіснамалық бағдарлар жиынтығы, педагогика әдіснамасының даму 
кезеңдері және үрдістері;
– ғылыми-педагогикалық таным әдіснамасы.
Кеңес Одағы тұсында педагогика саласы мамандарының біліктілігін 
арттыру бағдарламасында жоғары оқу орындары оқытушылары арнайы 
әдіс намалық даярлықтан өтетін. Оның жоспары бойынша, зерттеуші пе-
да гогтар зерттеудің бағытын, мәселесін және тақырыбын анықтай алу ға
педагогиканың әдіснамасы тұрғысынан зерттеу тақырыбының кө кей кес-
тілігін негіздей алуға, әдіснамалық тұғырлардың мүмкіндіктерін өз зерт-
теуінің пәніне көшіре алуға, пайдалануға, өз зерттеуінің нәтижелерін рә-
сімдеуге және жариялауға, ғылым әдіснамасы туралы пікірсайыстарға 
қа тысуға, ғалымдардың ғылыми-зерттеушілік бағдарламаларына, автор-
лық білім беру бағдарламаларына сараптама жүргізе білуге тиянақты үй-
ретілді. Педагогикада диалектикалық-материалистік әдіс барлық педа го-
гикалық құбылыстарды зерттеудің негізіне алынды. Педагогика теориясы 
мен педагогикалық тәжірибенің өзара байланысын зерттеу педаго ги ка 
әдіс намасының міндетіне жатады. Педагогикалық зерттеулердің тә жі ри-
беде қолданылған жүйесіне: зерттеу мәселесі, оның мақсаты мен не гіз гі 
идеясын анықтау; зерттеу міндеттерін белгілеу; нақтылы материал дар жи-
нап, оны талдау; болжамдар ұсыну; педагогикалық зерттеудің әдіс те рін 
ай қындау; педагогикалық тәжірибе жасау; тәжірибе нәтижелерін мә се ле-
нің теориясымен салыстыру; алынған нәтижелерді қорытындылау, баға 
беру, зерттеу міндеттеріне сай негізгі идея мен мақсаттың орындалуын 
көрсету; жүргізілген зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу, педагогикалық 
ұсыныстар жасау енеді.
Педагогиканың әдіснамасы жаңа педагогикалық білім алу тәсілдері ту-
ралы білімдер жүйесі болып табылады. Кең мағынада ол білімдерге теория, 
пәннің жалпы ғылымилық және арнайы зерттеу әдістері, ал тар мағынада 
жаңа ғылыми-педагогикалық ақпаратты алу, талдау, түсіндіру әдістерінің 
жиынтығы жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет