Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет83/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Тестілеу әдісінің мәні неде? 
2. Оның педагогикалық зерттеу аймағындағы ерекшелігі неде? 
3. Тестің үміттілігі мен анықтығы дегенді қалай түсінуге болады? 
4. Дәстүрлі және тестілік бақылаудың ерекше өзгешеліктері қандай? 
5. Тестілік бақылаудың атқаратын қызметінің негізгілерін атаңыз.
6. Білім беруде зерттеушілік мақсатында тестің қандай түрлері пайдаланылады?
7. Тестің өзіндік ерекшелігі деген не?
8. Тестілік тапсырманың негізгі статистикалық сипаттамаларын атаңыз. 
9. Білім беруде бақылау кезінде шкаланың қандай түрлері пайдаланылады? 
10. Дидактикалық зерттеудің жаңа әдісі ретінде жіктеудің мәнін түсіндіріңіз. 
11. Өлшеу дегеніміз не? Өлшеу шкалаларының түрлерін атаңыз.
12. Дидактикалық зерттеудің жаңа әдісі ретіндегі жіктеудің мәнін түсіндіріңіз.
3.4. Педагогикалық эксперимент
Ортағасырлық ғалым Р. Бэкон «Эксперимент ғылыми білімнің жасан-
ды тәжірибесінің нағыз қайнар көзі болып табылады» деген екен. Оның 


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
206
отандасы Ф. Бэкон экспериментті ақиқатты танудың маңызды құралы деп 
есептеді. Ф. Бэконның пікірі бойынша ғылыми эксперименттің кездейсоқ 
тәжірибеден айырмашылығы ол белсенді және мақсатты түрде адамның 
табиғатқа еніп, жалпы әлем болмысының ұстанымдарын құрайтын тәжірибе 
болып саналуында деп көрсетті. Ғалым экспериментті басқаруда бірнеше 
әрекеттерді ұйымдастыра білу керектігін айтты: 
Вариация – зерттеп жатқан құбылысты өзгерту әрекеттері.
Репродукция – тәжірибені қайталау әрекеттері.
Инверсия – өзгертілген жағдайда табылған жаңа дәйекті тексеру әрекеті.
Қажетсінуге бағындыру – ықпал етуші факторлар күштерінің көбеюіне 
немесе азаюына байланысты тәжірибені тоқтаусыз жүргізе беру әрекеттері. 
Бұл әрекеттердің мақсаты – зерттеу мәселесіне байланысты дәйектерді 
түгелдей жинақтау. Тәжірибе кезіндегі жалған немесе уақытынан бұрын 
алынған мәліметтер бойынша қорытынды нәтижелерде қателеспеу үшін 
Ф.Бэкон төменде көрсетілген 3 түрлі шартты ұсынады: 
– зерттеу құбылысындағы дәйектердің (фактілердің) болуы; 
– зерттеу құбылысындағы дәйектердің жоқтығы;
– зерттеу құбылысындағы дәйектердің көрсеткіштері.
Зерттеу құбылысының мақсаты бойынша бұл мәліметтер талданып, са-
лыстырылып, ақиқатты нәтижені алуға көмегін тигізеді. 
Педагогика ғылымындағы зерттеу әдістерінің үнемі жетілуі оның да-
муына өз әсерін тигізеді. Әр әдістің өзіндік мәні мен қызметі бар. Олардың 
әрқайсысы педагогикалық құбылыстың бір немесе бірнеше қырларын 
ғана зерттеуге бағытталады және бір-бірін толықтырып, тығыз байланыс- 
та қызмет етеді. Бір әдістің зерттеудің ақиқатты нәтижесін беруге әлеуеті 
жеткіліксіз, сондықтан зерттеуші әдістерді бір жүйеге келтіріп, зерттеу ба-
рысында оларды бірізділікпен қолданып отырады. 
Педагогикалық эксперимент дегеніміз не? Оның мәні неде? Оны қа-
лай қолдану керек? деген сұрақтарға жауаптар іздеп көрейік. Көптеген әде-
биеттерде педагогикалық эксперимент ұғымына мынадай түсініктер бе ріл-
гені анықталды. 
Педагогикалық эксперимент – арнайы ұйымдастырылып, алдын ала 
зерттеу мақсаты белгіленген зерттеушінің зерттеу іс-әрекеті. 
П.И. Пидкасистыйдың басшылығымен дайындаған «Педагогика» 
оқулығында «Эксперимент – ғылыми болжамды тәжірибе жүзінде тексеру» 
деп түсіндірген. Сонымен, педагогикалық эксперимент деп нақты «қолдан» 
жасалған жаңа жағдайларда педагогикалық үдерісті түрлендіріп, ғылыми 
тұрғыдан тәжірибе қоюды айтады. Екінші жағынан, эксперимент дегеніміз 
қатаң қадағалауда болатын және эксперимент жасаушының өзі мақсатты әрі 
жоспарлы түрде жүзеге асыратын педагогикалық бақылау болып табылады.


207
3.4. Педагогикалық эксперимент
Педагогикалық эксперимент – эмпирикалық дейгейдегі зерттеудің 
негізгі әдісі, ол құбылыстарды даму барысының нақты тіркелген жағ дай-
ларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент жағдайларында құбылыстың 
күн делікті жағдайларда бақылап-зерттеуге болмайтын қасиеттерін ашу ға 
болады. Эксперимент зерттеу құбылыстарын басқа шарттар мен жағ дай-
лардан біліп алып, құбылыстар мен деректерді «таза» күйінде зерттеуге 
мүмкіндік береді. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эм пи-
рикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. 
Оның мақсаты – ғылыми теорияны немесе болжамды растау немесе жоққа 
шығару, сондай-ақ эмпирикалық заңдылықтардың дәйекті мәніне жету 
мен қалыптастыру. Эксперименттің тағы бір мақсаты: білімді жетілдіру, 
оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту тәжірибесін жаңарту.
Эксперимент пен практикалық іс-әрекеттің басқа формалары арасын-
да ғы шектеулер әртүрлі, сондықтан эксперимент таным әдісі де, оқу-тәрбие 
үдерісін үйлестіру әдісі де бола алады.
Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты – оқыту мен 
тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; зертханалық – оқу-
шылардың белгілі бір топтарын бөліп алу арқылы жүзеге асады. Со ндай-
ақ эксперименттің белгілеп-анықтайтын түрі бар, ол зерттеу ны са нының 
педагогикалық жүйесінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді; қа лып тас-
тыратын түрі зерттеу нысанын қайта құруға бағытталады.
Эксперимент жаңа зерттеу материалына қол жеткізуге бағытталған. 
Ол тәжірибе арқылы теориялық болжамдарды тексеріп, ол болжамдарды 
дәлелдеуі немесе жоққа шығаруы мүмкін.
Педагогикалық эксперименттің ерекшелігі – зерттеуші оқушылармен 
жұмыс істейді және оның, әсіресе оқытуда, теріс нәтиже алуына болмай-
ды, өйткені зерттеушінің құрастырған сәтсіз бағдарламасынан оқушылар 
зиян шегеді. Бұл қоғамның құқықтық және адамгершілік қалыптарының 
бұзылуына әкеліп соғады.
Эксперименттік жұмыстың жоспары болуы қажет, эксперимент түрі 
таңдалып, оның мүмкін нәтижелері де ойластырылады. Зерттеу құбы-
лыс тары мен оның сапаларына ықпал ететін факторларды, сондай-ақ экс-
перимент кезінде бақылануы тиіс мөлшерлерді бөліп алған жөн. Қазіргі 
экспериментті жүргізу бақылаудың техникалық құралдарынсыз және өлшеу 
жабдықтарынсыз өткізу мүмкін емес және де олар практикада тексерілген, 
теориялық тұрғыдан дәлелденген, зерттеу мәселесін дұрыс шеше алатын 
болуы тиіс.
Эксперимент – арнайы құрылған және бақыланатын жағдайларда ны-
санның өзгерісін немесе қайта жаңғыртылуына сәйкес, зерттелетін үдерістің 
барысына белсенді және мақсатты түрде араласу. Осылайша, экспериментте 
нысан жасанды түрде қайта жаңғыртылады немесе зерттеу мақсатына жа-


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
208
уап беретін, қойылған жағдайларға сай өзгереді. Эксперимент барысында 
зерттелетін нысан басқа, қосымша, оның мәнін төмендететін жағдайлардан 
тыс оқшауланады. Бұнда эксперименттің нақты жағдайлары беріліп қана 
қоймай, тексеріледі, жаңартылады, көп рет қайта жаңғыртылады.
Кез келген ғылыми эксперимент белгілі идея, тұжырымдама, болжам 
арқылы бағытталады. Эксперименттің негізгі ерекшеліктері:
– нысанға деген аса белсенді қатынас, оны өзгертуге және қайта 
құрылуға дейін;
– зерттеушінің қалауы бойынша, зерттелетін нысанның көп рет қайта 
жаңғыртылуы;
– табиғи жағдайларда бақыланбайтын құбылыстардың қасиеттерін 
табу мүмкіндігі;
– құбылысты «таза күйінде» қарастыру мүмкіндігі, оны күрделі жағ-
дайлардан оқшаулау, эксперимент жағдайларын белгілеу;
– зерттеу нысанының қалпын және нәтижелерді тексеруді бақылаудың 
мүмкіндігі.
Экспериментті жүзеге асырудың негізгі сатылары: болжамдар мен тео- 
рияларды тәжірибелі тексеру, жаңа ғылыми тұжырымдамаларды қа лып-
тас тыру. Осы қызметтеріне байланысты төмендегідей эксперимент түрлері 
анықталған: зерттеу (ізденуші), тексеру (бақылау), қайта жаңғыртушы, оқ-
шаулау және т.б.
Нысандардың сипатына қарай физикалық, химиялық, биологиялық, 
әлеуметтік және т.б. эксперименттерді анықтайды. Қазіргі заманғы ғылымда 
екі бәсекелес тұжырымдаманың біреуін бекіту және теріске шығару мақ-
сатында жүргізілетін шешуші эксперименттің маңызды мәні бар.
Ғылыми эксперименттің қарапайым типтерінің бірі – ұсынылатын 
болжам немесе құбылыс теориясының болуы немесе болмауын анықтау 
мақсатында жүргізілетін сапалы экспериме болып табылады. Сандық экс-
перимент ерекше күрделі болып саналады, ол зерттелетін құбылыстың бір 
қасиетінің сандық анықтамасын айқындайды. 
Қазіргі заманғы ғылымда ойлау эксперименті кең таралған, бұл идеал-
данған нысандарға жүргізілетін ойлау рәсімдері жүйесі. Ойлау эксперименті 
– шынайы эксперименттік жағдаяттың теориялық моделі. Мұнда ғалым 
шынайы заттар мен олардың әрекет ету жағдайларын ғана емес, сонымен 
бірге тұжырымдамалы бейнелерінде жүзеге асырады.
Әлеуметтік эксперименттер кеңінен даму үстінде, олар өмірге әлеу-
меттік ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізуге және қоғамды бас қа-
руды жетілдіруге ықпал етеді. Әлеуметтік эксперименттің нысаны ретінде 
адамдардың белгілі бір тобы алынады, олар қызығушылықтарымен санасуға 
тура келетін экспериментке қатысушылар болады, ал зерттеуші зерттелетін 
жағдаятқа енгізіледі.


209
3.4. Педагогикалық эксперимент
Педагогикалық экспериментті дайындау және өткізу кезеңдері, әр ке-
зеңінен құрылымы. Экспериментті өткізудегі дайындық мына әрекет тер ден 
тұрады. Эксперименттік нысандардың қажетті сандары таңдалады, экс пе-
рименттік нысандардың нақты жағдайын зерттеу үшін арнайы әдістерді 
таңдау іске асырылады.
Диагностикалық кезең: оқу-тәрбие үдерісіндегі мәселелерді талдау 
прак тикадағы қарама-қайшылықтарды тұжырымдау, керекті қажет тілік-
тердің шешімін табу, жаңа әдістемелерді, технологияларды, құрылымдарды, 
жаңа дәлелдеуді іздестіру.
Болжамдық кезең: мақсаттарды қою, эксперимент міндеттерін нақтылау, 
жаңа технологиялардың моделін құру (әдістемелердің құрылымы, жүйенің 
өлшемі және т.б.), ғылыми болжамдарды құрастыру, сонымен қатар тиісті 
шаралардың мүмкіндігі, мақсат пен міндеттерді орындау тетіктерін ойласты-
ру (мерекелік іс-шаралар және қорлар, т.б.), эксперимент бағдарламаларын 
дайындау және сараптамадан өткізу.
Ұйымдастырушылық кезең: эксперименттің бағдарламаларын іске 
асыру шарттарын қамтамасыз ету, эксперименттің материалдық базасын
дайындау, экспериментті қаржымен қамтамасыз ету, басқару қызметіне кад-
рларды арнайы дайындау, эксперименттік жұмысты ғылыми әдістемемен 
қамтамасыз ету, экспериментке қатысушы мұғалімдерге моральдық және 
ма териалдық жағдай жасау, экспериментті ұйымдастырушыны, экспери-
менттің ғылыми жетекшісін және кеңесшісін белгілеу.
Практикалық кезең: педагогикалық ұжымда жаңа әдістерді тарату, 
экспериментнәтижесін өңдеуді жүзеге асыру.
Эксперимент өткізу құжаттарды тексеруден басталады. Зерттеуші, 
әдіскер, респонденттер сауалнамаларды, бағдарламаларды, әңгіме жүргізу 
жоспарын, мәліметтерді жинақтау кестелерін және матрицаларды тіркейді, 
өзгертулер енгізеді.
Педагогикалық экспериментті жоспарлау және ұйымдастыру. Педа го-
гикалық эксперимент: оның мәні мен талаптары. Педагогикалық ғылы ми 
зерттеудің нәтижелі болуы оның зерттеу әдіс-тәсілдерінің тиімді қол да-
ны луына тәуелді. Педагогикалық зерттеудің мақсаты, міндеттері, жалпы 
бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен, тарихи-педагогикалық зерттеу, 
әдіснамалық, дидактикалық-әдістемелік, т.б. Зерттеуші ғылыми зерттеу 
әрекетінің мақсатын, міндеттерін анықтап алып, зерттеу әдістерін іріктейді. 
Эксперименттің көлемі кең ауқымда (мұнда экспериментке қатысу шы-
лардың саны өте көп) немесе ықшамдалған топта да (мұнда экспериментке 
қатысушылар саны аз) болуы мүмкін. 
Педагогикалық экспериментті ұйымдастыруда оның негізгі ережелерін 
сақтаған жөн: 
– тұлғаның (оқушы, студент, т.б.) денсаулығына зиян келтірмеу;
– оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру бағытында қолдану;


Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері
210
– зерттеудің мақсат, міндеттеріне, қатысушыларды іріктеуге байла- 
нысты эксперименттік базаны анықтау;
– экспериментті жүргізу алдында зерттеу пәнінің көрсеткіштерін, 
деңгейлерін, өлшемдерін анықтау.
Педагогикалық экспериментті ұйымдастыруда ең алдымен оның жос- 
пары анық болуы қажет, ол үшін: 
– эксперименттің мақсатын анықтау;
– эксперименттің міндеттерін анықтау;
– эксперимент барысында «иә» немесе «жоқ» деген жауап көрсет кіш-
те рінің болуы;
– зерттеу құбылысында оңды нәтиже алуға әсер етуші факторларды 
анықтау;
– зерттеуде әсер етуші факторларды іріктеу және оларды қолдануға 
шешім қабылдау;
– әсер етуші факторларды міндетті түрде маңыздылығы бойынша 
реттеу;
– кейбір факторлардың реттелуге келмейтіндігінен, олардың орташа 
әсерін (мәліметін) есепке алу.
Эксперменттің соңғы сатысы – бұл талдау (нәтижелерді жинақтау, рет-
теу, статистикалық мәліметтерді енгізу, қорытынды пікір қабылдау). 
Эксперименттің мәні зерттеу құбылыстарын бақылап, дәйектерін ай-
қындау үшін нақты жағдайларды жасаумен анықталады. 
Эксперимент жүргізуде төмендегі әрекеттерді орындау қажет.
Экспериментті жүргізу техникасын таңдау және негіздеу:
– міндеттердің қойылуы;
– көрсеткіштерді таңдау;
– өзгермелі факторларды нақтылау;
– сандық, сапалық деңгейлерді таңдау.
2. Жоспарлау:
– бақылау сандарын анықтау;
– эксперименттің жүргізілу тәртібі;
– қолданатын реттеу әдісі;
– эксперименттің математикалық модель негізінде сипатталуы.
3. Талдау:
– мәліметтерді жинақтау және өңдеу;
– ғылыми болжамды статистикалық есептеу арқылы тексеру және 
статистикалық есептердің өзін де тексеру;
– нәтижелердің түсіндірілуі (интерпретациясы). 
Педагогикалық эксперимент мақсатына қарай төрт сатыға бөлінеді:
– анықтаушы эксперимент;
– қалыптастырушы эксперимент;


211
3.4. Педагогикалық эксперимент
– бақылаушы эксперимент;
– реттеуші эксперимент.
Анықтаушы эксперимент – күнделікті өмірдегі педагогикалық құбы-
лыстарды зерттеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Қалыптастырушы эксперимент – жаңа педагогикалық құбылысты ғы-
лыми идея негізінде қалыптастыру мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Бақылаушы эксперимент – педагогикалық мәселені пайымдау үдерісін-
де жасалған ғылыми болжамды бақылау, тексеру мақсатында жүргізілетін 
эксперимент.
Реттеуші эксперимент – педагогикалық үдерісте зерттеу барысында 
алынған нәтижелерді өңдеп рәсімдеу мақсатында жүргізілетін эксперимент. 
Сонымен қатарпедагогикалық экспериментке мынадай талаптар қойы-
лады:
– эксперименттің мақсаты нақты, айқын болуы тиіс;
– эксперименттің оңтайлы нәтижелі болуы үшін зерттеу әдісіне 
сәйкес эксперименталдық база ұйымдастырылуы тиіс; 
– зерттелетін мәселе жан-жақты қарастырылып, талданып, өңделуі 
тиіс;
– эксперименттік топ қатысушылары оның мақсаты мен міндеттерін 
анық білуі тиіс;
– экспериментке ғылыми болжам жасалуы және оның негізделуі ке-
рек;
– экспериментті жүргізуде жоспарлы, жүйелі іс-әрекет ұйымдас ты-
рылуы тиіс;
– экспериментті ұйымдастырушылар экспериментті жүргізуде әрбір 
қадамын бақылап, үнемі талдау жүргізіп отыруға тиісті; 
– экспериментке қатысушы сарапшылар тобы зерттеушіге және зерт-
теу мәселесіне тәуелсіз болуға тиіс; 
– эксперимент барысында алынған мәліметтер мен нәтижелер нақты 
қағазға жазылып алынуы тиіс;
– эксперимент барысында алынған нәтижелер мұқият талдануы тиіс;
– эксперимент нәтижесі бойынша соңғы қорытынды пікір нақты, 
жан-жақты сипатталынып берілуі тиіс.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жал-
пы адамдық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде 
бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет