Оқулық Aлмaты «Қaзaқ уни вер си те ті» 2020 Стереотиптік басылым



Pdf көрінісі
бет91/145
Дата05.12.2023
өлшемі3.8 Mb.
#485495
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   145
Ш.Таубаева ПЗ

4-тарау. Ғылыми мектептер және әдіснамашы ғалымдардың кәсіби ...
236
Негізгі еңбектері: Профессионализм личности преподавателя и мастера 
производственного обучения. – М., 1990; Психологическая структура дея-
тельности учителя и формирования его личности. – Л., 1964; Основы вузов-
ской педагогики: учеб. пос. – Л., 1972.
Академик Гончаров Николай Кириллович 
(6.12.1902, Чиркино селосы, қазір Мәскеу обл. – 
13.12.1978, Мәскеу). Н.К. Гончаров РСФСР Педа-
гогика ғылымдар академиясының академигі. Оның 
«Педагогика негіздері» еңбегі (1947), «Педагоги-
ка мәселелері» еңбегі (1960) басылып шықты. Ғы-
лыми мақалалары, педагогика ғылымының әдісна-
ма сы мен әдістері, оқыту теориясы, орта мектепте 
политехникалық білім беру тәжірибесі мен РСФСР 
Педагогика ғылымдар академиясының міндеттері, 
мектеп дамуындағы жаңа кезең және орта мектептің міндеттері мәселелеріне 
арналды.
Академик Н.К. Гончаров өзінің «Методология и методы педагогики как 
науки» атты еңбегінде тарихи-педагогикалық ізденіс логикасының үлгісін 
көрсетті. Ол педагогика әдіснамасы, тәрбие мен оқыту теориясы, отандық 
және шетелдік педагогика мен білім беру тарихына арналған ғылыми 
еңбектердің, бірқатар педагогикадан оқулықтар мен оқу құралдарының ав-
торы. 
Королев Федор Федорович (19.09.1898–13.6.1971) 
өзінің монографияларында жаңа кеңес мек те-
бін құрудың негізгі ұстанымдарын жүзеге асы-
ру үдерісін көрсетті. Ол ұстанымдар: жынысына, 
ұлтына тәуелсіз азаматтардың білім алуының қол-
жетімділігі, тегін оқу, ғылыми білім беру, ана ті-
лінде оқыту. Ф.Ф. Королев коммунистік тәрбиелеу 
тео риясы мен практикасын, балалар қозғалысын, 
кеңес мектебінің тарихын зерделеді. Педагоги-
ка ғылымдары әдіснамасының және теориясының 
негіздерін, педагогика әдістерін зерттеді. 
Ф.Ф. Королев – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ака-
демик. Оның орындаған тарихи-педагогикалық зерттеулері жан-жақ ты-
лығымен, талдаудың тереңдігімен, отандық және шетелдік педагогикалық 
мұраға дұрыс көзқарасымен, зерттеуде логикалық пен тарихилықтың 
оңтайлы үйлесуімен, тарихи-педагогикалық деректерді, құбылыстарды
үдерістерді объективті бағалаумен ерекшеленеді.
Пискунов Алексей Иванович (1921–2001) – педагогика тарихын зерт-
теуші, РБА академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. 


237
4.1. Педагогика әдіснамасының негізін салушылар
1974–1980 жылдары КСРО ПҒА Педагогиканың тео-
риясы мен тарихы институтының директоры болды. 
А.И. Пискуновтың жетекшілігімен 70-жылда-
ры Кеңес одағы мен шетелдегі эксперименттік 
оқу-тәрбие мекемелерінің тарихы зерттелді. Ол пе-
да гогикалық жоғары оқу орындарындағы педаго-
гика тарихы болашақ педагогтардың кәсіби ойла-
уы мен дүниеге көзқарасын қалыптастырды деп 
есеп теді. А.И. Пискунов мектеп пен педагогикалық 
ойлар тарихы, педагогикалық зерттеулер әдістері, 
педагогикалық пәндерді оқытудағы теория мен практиканың бірлігі, 
шетелдік педагогика тарихы туралы еңбектер жазды.
Академик А.И. Пискунов өзінің «Педагогикалық эксперименттің тео-
риясы мен практикасы», «Педагогикалық зерттеу әдіснамасы» атты ең бек-
терінде педагогикалық және тарихи-педагогикалық зерттеулердің теория-
сы мен әдістемесі туралы білімдер жүйесін жаңартып құрастырды.
Болашақ мұғалімдерді маман ретінде даярлауда базалық пәндердің 
маңызы зор деп есептеген А.И. Пискунов педагогикалық-психологиялық 
циклдағы пәндердің болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлаудағы мүм кін-
діктері жайлы өз еңбектерінде айта келіп, психологиялық-педагогикалық 
пәндердің басты міндеттеріне: студенттерді педагогиканың негізгі ұғым-
да рымен, категорияларымен таныстыру; студенттерге оқушыларды оқы-
ту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, ұстанымдары, мәні мен мазмұны, 
әдістері туралы терең теориялық білім беру; әр студенттің бойына мұғалім 
мамандығына және балаларға деген сүйіспеншілік, педагогикалық білім, 
білік, әдет, дағды жүйесін қалыптастыру, студенттердің педагогикалық ой-
лау, пайымдау және шығармашылық қабілетін дамыту; өз бетімен жұмыс 
істеу дағдысын тәрбиелеу, оған бағыт-бағдар беріп отыру; ұстазға тән 
шеберлік пен сана қалыптастыруды жатқызады. 
Щукина Галина Ивановна – көрнекті педагог,
ПҒА корреспондент-мүшесі (1971), РБА корреспон-
дент-мүшесі (1993), педагогика ғылымдарының 
док торы, профессор (1969). Г.И. Щукина Петербор 
қа ласында 1908 жылы дүниеге келген. А.Н. Герцен 
атындағы Ленинград мемлекеттік пединститутын 
бі тірген (1936). 1936 жылдан ЛМПИ-де дәріс берді. 
«Педагогика» дәрістер курсының (1966), «Мектеп 
педагогикасы» құралының (1977), дидактикалық 
жұмыстардың авторы [260]. 
Г.И. Щукина аспиранттарға жетекшілік етті, өзінің ғылыми мектебін 
құрды. Ол дидактика саласының зерттеушісі бола тұрып, педагогиканың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   145




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет