Оқулық Астана-2017 Әож кбж қ Баспаға Е. А. Бөкетов


-ТАРАУ. Қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау проблемасы



бет18/44
Дата12.03.2024
өлшемі1.3 Mb.
#495053
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44
Okulik XX kazak adebiet

3-ТАРАУ. Қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау проблемасы





Қазақ әдебиеттану ғылымында фольклор мен қазақ әдебиеті тари- хының ғылымдық тұрғыдан зерт- телуі, оны дәуірге бөлу, белгілі әде- биет өкілдерінің шығармаларына баға беру, әдебиет тарихынан алатын орнын белгілеу – үлкен проблемалық мәселелердің бірі. Жалпы қазақ әдебиеттану ғылымының тууы, қа- лыптасу туралы азды-көпті пікір айт- қан М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е. Ыс- майылов, Т. Кәкішев, Р. Бердібаевтар бізде әдебиеттану ғылымы Ұлы Қа- зан революциясынан кейін, яғни 1920-1930 жылдары туа бастады деп санайды. Осы ғалымдар 1917 жыл- ға дейінгі қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап бастырушы фоль- клористер А. Алекторовтың, В. Рад- ловтың, Г. Потаниннің, Ә. Диваев- тың, т.б. еңбектерін қазақтың ұлы ағартушы-демократтары Шоқан Уәли- ханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариннің қазақ әдебиеті жа- йындағы ғылыми теориялық ой- пікірлерін жоққа шығармайды. Әсіресе, Шоқанның халық шығар-


машылығына байланысты, қырғыз эпосы «Манас» туралы, халық поэ- зиясы туралы еңбектерін, Абайдың өлең өнері туралы сыншылдық ой- ларын, Ыбырайдың орыс алфавиті- мен шыққан «Қазақ хрестоматия- сы» атты оқулығы қазақ даласында сыншылдық-эстетикалық, ғылыми- теориялық ойдың оянуы ретінде қарастырады. Ғалым Т. Кәкішев қа- зақ даласында сыншылдық-эстетика- лық ой-пікірдің таралуы туралы айта келіп: «қазақтың сыншылдық ойының алғаш оянып, туа бастау шағында Шоқан, Абай, Ыбырай қо- ғамдық сананың үш мәнді саласы бойынша ой өрбітті. Ш. Уәлиханов өзінің әдебиет жайындағы ойларын ғылыми арнамен, Ы. Алтынсарин педогогикалық жүйемен баяндаса, А. Құнанбаев эстетикалық таныммен тұжырымдап отырды», – дейді [46, 50].


Бұл турасында М. Әуезов 1948 жылы жазған «Қазақ әдебиетінің та- рихын жасау мәселелері» атты ма- қаласында жан-жақты тоқталған.




Онда: «Қазақ халқының әдебиет та- рихында әдебиеттану ғылымының тарихы әзірге қысқа. Бұл – жас ғы- лым. Ол «Әдебиеттік сын», «Қазақ әдебиетінің теориясы», «Қазақ әде- биетінің тарихы» деген салаларға бөлініп, енді ғана дамып келеді. Қа- зақстандағы әдебиеттану ғылымы құрылғанда ол өзінің алғашқы туы- сымен, бүгінге жеткен сатысымен барлық бас-аяғын жинағанда тү- гелімен толық мағынасында Ұлы Қа- зан революциясының жеңісі болды. Октябрьден бұрынғы қазақ тари- хында біз бұл жөнінде өскен ғылым дерлік мардымды мұра алғамыз жоқ. Рас, қазақ халқының революция- дан бұрынғы өрнектерін жинауда және оларды баспасөз жүзінде жа- риялауда, онан соң ең алғаш тү- сініктер беруде қызмет еткен орыс ғалымдарының еңбектерін ұмыт- паймыз. Орыс мектебінен, орыс мә- дениетінен тәрбие алып қазақ ес- кілігін зерттеген Шоқан, Әубәкір, Ыбырай сияқты оқымыстылардың еткен еңбегін бағалаймыз. Бірақ олардың көп жылдар жасаған пай- далы әрекеттері нағыз әдебиеттану ғылымының өзін тудырған жоқ-ты. Олардың тексеру, зерттеулері бастау- ыш дәрежеден болса да, қалыптасқан
«Әдебиет теориясы», «Әдебиет та- рихы» болып, тым құрыса орта мек- теп оқу құралы есебінде де тарихқа кірген жоқ-ты», – деп атап көрсете келіп: «Қазақ әдебиетінің тарихы мен
әдебиеттану дүниесі бізде орта мек- тепте оқу құралын жасаудан туды» деген қорытындыға келеді.
Ал профессор Р. Бердібаев: «20-30 жылдардағы әдебиетті зерттеушілік саласында атқарылған жұмыстар әр алуан. Қазақстанда бастауыш орта- лау және орта мектептердің көбеюі, жоғары оқу орындарында тіл, әдебиет факультеттерінің ашылуы, әдебиет- тің тұрақты хрестоматиялары мен оқулықтарын қажет етті. Оқулық- тар, хрестоматиялар жасауға жазу- шылар, сыншылар қызу атсалысты. Соның арқасында көптеген кітаптар жарыққа шықты. Әдебиет тарихы- ның түрлі мәселелеріне белгілі анық- тық, жүйелілік енгізілді. Фольклор- дың, ертедегі жазба жәдігерлердің, совет жазушыларының шығармала- рына сын баға берілді, әдебиеттану ғылыми қалыпқа түсті», – деп жаза- ды [47,187].
Осы жоғарыдағы ғалымдардың пікіріне сүйене отырып, қазақ әде- биеттану ғылымы оқулық, хресто- матияны жасаудан бастап, нақты ғылыми жолға бет алып, әдебиет тарихын зерттеу мен дәуірге бөлу қолға алынды деген қорытындыға келеміз. Сонымен қатар, бұл оқулық, хрестоматияларды орта мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдары ғана емес, қазақ әде- биетінің тарихын, теориясын зерт- теген ғылыми еңбектер ретінде де қарастыру қажет деп ойлаймыз.




Қашан да ғылым ешбір дерексіз тумайды, дәуірдің талап-тілектеріне байланысты дүниеге келеді. Төң- керістің алғашқы жылдарынан ба- стап қазақтың ұлттық баспасөзін, ұлт мектептерін ашу міндеті алға қойылғанда, ең қиын, ең түйінді мә- селенің бірі – ана тілі мен әдебиетін оқытуды бірінші кезекте шешу керек болды.
1921 жылы 31 қаңтарда Халық ағарту комиссариаты мен Мемле- кеттік баспасы жанындағы редакция алқасының бірлескен мәжілісінде С. Сейфуллинге І-ІІ сатыдағы бі- рыңғай қазақ мектептері үшін қазақ әдебиетінің хрестоматиясын дайын- дау тапсырылды. Бұл міндетті орын- дап шығу жолында біршама ізденген С. Сейфуллин қазақ әдебиетінің та- рихы жайлы алғашқы ой-пікірлерін талқыға салу мақсатында 1924 жылы Орынбор қаласындағы қазақ жас- тарының Орталық клубында «Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы» деген тақырыпта лекция оқиды. Осы лекци- яда қазақтың халық ауыз әдебиетін, қазақ әдебиетінің тарихын тексеру проблемасы тұңғыш рет қойылып, әдебиет тарихын дәуірге бөлу туралы тың пікірлер көтерілді.
Сәкеннің қазақ әдебиетінің та- рихын зерттеу туралы бұл бастама- сы мерзімді баспасөз бетінде айтыс туғызды. 1920 жылдардың басын- дағы әдеби-теориялық, әдеби-тарихи бағыттағы талдау жасау, тексеру
бағытындағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікір әрі толық қалыптаса қой- маған еді. Сол себептен қазақ әде- биеттану ғылымында сол кезде дә- уірлеп тұрған пролеткультшылдық салдарынан С. Сейфуллиннің лек- циясында кейбір қате пікірлер орын алды. Ол Абай, Ыбырай, Сұлтан- махмұттың өнерпаздық тұлғасын, шығармашылықтарының ағартушы- демократтық, новаторлық сипатын дұрыс бағалай отырса да, қанаушы қоғамда өмір сүргендіктен, олардың шығармалары мазмұны жағынан билер (феодалдар) табынікі де- ген дәйексіз қорытынды жасай- ды. Бұл лекцияның қысқаша маз- мұны «Еңбекші қазақ» газетінде жарияланған еді. Осы мақаланың шығуына байланысты қазақ әдебие- тінің тарихын зерттеу, көрнекті да- рындарын бағалау мәселесі қызу талқыға түсті. «Темірбайдың» «Қа- зақ әдебиетінің тарихынан» атты мақаласы, оған қарсы Ғ. Мүсіре- повтің «Қисық сынға әділ төре» мақаласы шықты. Сол секілді «Тоқ- пақ» деген атпен (С. Қожанов) «Жа- қындық па, жалақорлық па?» де- ген мақала да жарық көрді. Сәбит пен Ғабиттің пікірлерінде қазақ әдебиеттану ғылымында өріс ала бастаған нигилистік көзқарас пен
«тұрпайы социологизм» теория- сының әсері сезілсе, «Темірбай» мен С. Қожановтың ойларында
«бірыңғай ағым теориясынан» туын-




даған «қазақта төңкеріске дейін тап болған жоқ, сондықтан өткендегі мұраның жақсы-жаманы жоқ» де- ген ұғым орын алды. Лекция мен бұл мақалалар әдебиет тарихын ғы- лымдық тұрғыдан зерттеудегі жа- ңаша сипаттағы талпыныстардың бірі еді. Бұл пікірталас ғасыр ба- сынан келе жатқан ғылыми-зерт- теушілік ой-пікір мен маркстік-ле- ниндік ілімнің әдебиеттің таптығы, партиялығы, халықтығы туралы қағидалары арасындағы күрестің алғашқы қақтығысы болатын. Сон- дықтан да аласапыран кезең болса да, әдебиеттің тарихи курсын жасау мәселесінің ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде көрініс табуы, ұлттық әдебиеттану ғылымының туу дәуі- ріне қадам басып, тың ізденістер жасай бастағанын дәлелдейді. Оған кеңес өкіметінің халық арасындағы сауатсыздықты жою, ол үшін мек- тептер ашып, оқу құралдарымен қамтамасыз ету саясатының көмегі тимей қалмады.
1920 жылдары халық арасын- дағы сауатсыздықты жою саясатын қазақ зиялылары қызу қолдады. Бұл жолдағы алғашқы қадам бастауыш дәрежесіндегі мектептерге түрлі әліппе, сауат ашқыш құралдар жасау- дан басталды. А. Байтұрсыновтың
«Әліпби» (1921), «Оқу құралы» (1921), «Әліпби. Жаңа құрал» (1926),
«Тіл құралы» (1920), Т. Шонанұлы- мен бірігіп жазған «Оқу құралы»
(1927), М. Жұмабаевтың 1930 жылға дейін жеті рет басылып шыққан «Са- уатты бол» (1923), Ж. Аймауытовтың
«Жаңа ауыл» (1929) атты оқулықтары мен тағы басқалардың оқулық, хре- стоматиялары ұлттық әдебиеттің мектепке жеке пән ретінде жүре бас- тауына жетекші ықпал жасады. Басқа пәндерден де оқу құралдар жазу қолға алынды. Әйтсе де педагогикалық техникумдер мен училищелерде, ха- лық ағарту институттарында әдебиет тарихын оқыту қажеттілігі айқын сезіле бастады. Осы қажеттілік оқу- ағарту, әдебиет саласында жүрген ұлт зиялыларының алдына қазақ әде- биетінің тарихын зерттеу міндетін қойды.
Әдебиет оқулығын жасау, оның тарихын зерттеуде осы жоғарғы бас- қыштағы мектептер мен оқу орында- рына қазақ әдебиетінің арнайы түрде оқытылуын қажет еткен уақыт, дәуір талабына үн қосқан М. Әуезов бол- ды. 1924 жылы Семей қаласындағы қазақша педагогикалық техникумге әдебиет тарихынан лекция оқи- тын оқытушы іздеген кезде, Семей губерниялық атқару комитеті Ленин- град университетінде оқуда жүрген М. Әуезовті шақыртады. «Әуезов қазақ әдебиетіне қызығуы мен осы саладағы өз бетінше жүргізген зерт- теулері арқылы техникумде қазақ әдебиетін оқытатын бірден-бір кан- дидатура болып табылады» деп атап көрсетілуіне қарағанда, сол кездің




өзінде-ақ М. Әуезовтің қазақ әде- биетінің тарихынан өз тарапынан жүргізген біршама зерттеулері әдеби ортаға жақсы таныс болған болуы керек. Оған дәлел – жұмысымыздың алдыңғы беттерінде қарастырған мақалалары мен САГУ-дің аспиран- ты болып жүргенінде Ташкенттегі
«Талап» қоғамының жалпы жина- лысында «Қазақ-қырғыз әдебиетінің ілгері басқан дәуірлері» деп атала- тын баяндамасы. Әдебиет тарихына байланысты өз бетінше жүргізген зерттеулерін, жинаған деректері мен материалдарын Семей педагогикалық техникумында лекция оқу барысын- да бір жүйеге келтіре, толықтыра отырып, М. Әуезов 1927 жылы қазақ әдебиеті тарихынан тұңғыш зерттеу еңбек болып табылатын «Әдебиет тарихы» атты оқулығын жазады. Автор «Жазушыдан» деп аталатын шағын алғы сөзде оқулықты жазу- дағы мақсаты туралы: «Ана тілінің кеңірек өріс іздеуі қазақ мектебінде соңғы жылдарда күштірек айқында- лып отыр. Олай болатын себебі, соңғы жылдары қазақ елінің оқу- ағарту жұмысына тұсауын кескендей кеңшілік берді. Қазақтың бастауыш мектеп жасындағы балаларына ар- нап ашылған әлденеше жүз бірінші басқыш мектептен басқа бұл күнде оқытушылар дайындайтын техни- кум, институттар шыға бастады... Бастауыш мектептен гөрі жоғарырақ болып ашылған қазақ мектебі бол-
са, барлығында ана тілінің әдебиетін тексеріп ұғынудың талабы байқа- лады. Ана тілінің жолында ендігі басқышта қазақ мектебінің іздейтін жаңалығы, кең өрісі сол әдебиет бола- ды», – дей келе, бұл алғашқы қадам, тұңғыш тәжірибе ғана, сондықтан
«Кітаптың тарихсыз заманда шық- қанын еске алуды тілейміз. Қай жолдағы білімді алсақ та алғашқы тәжірибесінде сүрініп-қабынып, ша- ла-шарпы, ала-құла болып шығады. Кемшілікті сын түзейді, көп болып біріккен ой түзейді. Сондықтан бұл кітап «Қазақ әдебиеті» деген толық атты аламын деп дәмеленбейді», – деп ашық ескертеді [35, 9]. Оқулықты жазу барысында М. Әуезов көп ізденіп, жан-жақты дайындалғаны қазақ әдебиетінің тарихын дәуірге бөлуінде, жанрлық жіктерін жүйе- леуде айқын аңғарылады. Бұл ба- ғытта өзі жақсы таныс болған орыс әдебиеті тарихының зерттелу тәжірибесіне сүйеніп отырғаны да сезіледі. Сонымен қатар әдеби мұ- раны игеру, зерттеу проблемасын көтеріп жатқан сол кездегі әдеби- теориялық, әдеби-тарихи талдау жа- сай тексеру бағытындағы ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдегі алғашқы ғылыми сипаттағы мақалаларды да ескеріп отырғаны анық байқалады. Әдебиет тарихының жеке пән ре- тіндегі ғылымдық сипатын аша ке- ліп, оның зерттеу нысанасын, яғни кімді, қалай зерттеу керек деген




проблемалық мәселені алға қояды. Бұл проблеманы шешуде М. Әуезов әдеби мұраны зерттеу саласындағы өзінде дейінгі және сол кезеңдегі жаңашыл ой-пікірлерді басшылыққа алады.
М. Әуезов қазақ фольклорын ғы- лыми тұрғыда жан-жақты тексерген бөлімдерден кейінгі соңғы тарауды
«Зар заман ақындары» деп атаған да, оған Асан қайғы, Бұқар жы- рау, Махамбет, Шортанбай, Мұрат, Ы. Алтынсаринді жатқызған. Ав- тор ауыз әдебиеті мен жазба әде- биеттің арасын бөлетін кезең деп әдебиеттің көркем өнер саласы ретінде «әлеуметтің халін ұғып, жоқтап, ел қамын ойлай бастаған» кезеңді алады. Осы кезден бастап
«барлық ақындардан қалған сөздер- ді жазба әдебиетке қосамыз» деп көрсетеді. 1920 жылдардағы «Жазба әдебиет Абайдан басталады» деген ұғымға қарсы шыға отырып, Абай- дан бұрынғы ақын-жырауларды ауыз әдебиетіне жатқызып жіберушілер- мен келіспейді. Зар заман ақындарын ақылшы би, қария және толғау айтқан жырау деп екіге бөле келе, олардың негізгі міндеті өлеңшілдік емес, ел- ге басшылық жасап үлгі-өсиет айту, әлеумет қамын ойлау деген тұжырым білдіреді. Бірақ, осы екі сипаттағы ақындарды «Бұлар өз заманындағы қазақтың жоғарғы тобынан, билер, басшылар ортасынан шыққан, өздері әкім» деп «тұрпайы социологизм»
көзқарасымен бағалайды. Абайға дейінгі ақындардың барлығын хан- дық қоғамның жыршысы дей отыр- са да, автордың мына пікірі көңіл аударарлық. «Қазақтың жазба әде- биеті кешегі өткен Абай емес, одан көп арғы жердегі көп сай мен саладан суат алатынын түсінеміз». Бұл пікірін дәлелдеу мақсатында Асан қайғы мен Бұқар жырау өлеңдеріне әдеби- тарихи тұрғыда социологиялық тал- дау жасайды. Асанның Жәнібек хан- ға, Бұқардың Абылай ханға айтқан өлеңдерінің мәнін аша келіп, олар- дың ел ақылшысы, ел қамқоры да бо- ла білгеніне көңіл аударады. Әйтсе де М. Әуезов Абайға дейінгі әдеби мұра- ға «Хандық, билік қоғамның мүддесін жырлаған әдебиет» деген көзқараста болған. Оған автордың:«Тарих сы- нымен қарағанда, Асан қайғы мен Бұқар жырау – қазақ қауымының жоғарғы табынан шыққанмен билер ортасынан шыққан ақындар. Өздері де ел меңгеріп жүрген басшы, ұлық. Бұларды туғызған қазақ тарихының хан билеп, би билеген дәуірі. Сон- дықтан дүниеге көзқарасы, ұғымы, ел тіршілігіне берген бағасы барлы- ғы да хан мен би заманының ой- негізін, салт-санасын білдіреді» де- ген пікірі дәлел. Бұл көзқарас Ма- хамбет, Шортанбай, Мұрат, Ыбырай шығармашылықтарына байланысты атап айтылмаса да, оларды халық ақындары деп те бағалайды. Асан қайғы, Бұқар жырау өлеңдерінен




басталған әлеуметтік сарын Махам- бет поэзиясында күрескерлік мән- ге ауысты, одан кейін Шортанбай, Мұраттарда діншілдік, зарлана кү- ңіренумен толығып, Ыбырайда ағартушылық оқу-өнерге шақыру сипатын қабылдағанын Абайға де- йінгі қазақ поэзиясының өсу жолы ретінде көрсетеді. Жиырмасыншы жылдардағы әр түрлі мақалаларда айтылып қана жүрген осы ақындар шығармашылығына оқулық көле- мінде алғашқы талдау жасауы, қолда бар деректердің сол кездегі ғылыми- зерттеушілік ой-пікір тұрғысынан жүйеленуі, қорытылуы қазақ әдебиеті тарихын ғылымдық негізде зерт- теуге алғашқы соқпақты салғанын көрсетеді.
М. Әуезов оны осы еңбектің со- ңында «Бүгінгі мақсат – қазақ ел әдебиеті жұрнақтарын сыртқы түр мен мағынасына қарап әр түрінің орнын көрсету. Бұл кітаптың түп мақсаты сол болған соң, бір дәуірде бір түрлі өлең айтқан ақынның бә- рін сынаудың орнына солардың ішінен мысал боларлық бірнешеуін алып, осылардың мысалын тексе- румен әдебиет тарихының желісін тартып алмақшымыз. Әр жерде ша- шылып қалған ескіге қарап, әдебиет тарихының ұзын жолынан қалған сүрлеуді тауып алуды талап етіп отыр- мыз», – дей келіп, «Қазақ әдебиетінің тарихы зар заман дәуірінен соң Абайға келіп тіреледі. Енді Абайға
көшеміз», – деп қорытады. Әрине, қазақ әдебиеттану ғылымының өріс- теп дамыған қазіргі кезеңнің та- лап-тілегімен қарайтын болсақ, оқу- лықтағы «бірыңғай ағым» теориясы мен «тұрпайы социологизм» теория- ларына сай көзқарастағы пікірлерін сол дәуірдегі тек бізде ғана емес, бүкіл кеңес әдебиеттану ғылымында орын алған осы концепциялардың ықпалы деп түсінген дұрыс. Сол кездегі «ұлтшыл-алашордашыларға» қарсы күрестің бір шеті М. Әуезовке де тиіп, шығармалары сыңаржақ солақай сыншылдыққа ұшырап жат- қанын ескерсек, оқулықтың бүкіл ти- ражының баспадан шықпай жатып жиналып алынып, таралмай қалуына таңдануға болмайды. Идеялық ны- санасы қате деп танылып, мектеп- тер мен жоғары оқу орындарында практикалық арнасын таба алмауына заман, дәуір ағымы кінәлі еді. Оқулық кеңес дәуіріндегі ой-көзқарасқа сай:
«М. Әуезовтің 1927 жылы шыққан
«Әдебиет тарихы» атты кітабы маркстік методология тұрғысынан қарағанда «бірыңғай ағым» теориясы- на ойысатын елеулі қате-кемшіліктері бар еңбек болатын. Алайда бұл еңбек қазақ әдебиеті тарихын зерттеу тала- бымен құнды», – деп бағаланды [17, 110]. Халық ауыз әдебиетінің кейбір үлгілерін, Бұқар, Шортанбай, Мұрат, Ыбырай Алтынсарин өлеңдерін тал- дау барысында ұшқары айтылған ой- пікірлер М. Әуезовтің кейінгі жыл-




дарда жазылған еңбектерінде терең ғылыми дәлдікпен қайта жазылға- ны мәлім. Бұл салада бағыт-бағдар алатын бұрын-соңды жазылған ғы- лыми еңбектің болмауына, жан-жақ- ты қарап, жете зерттеу жүргізуге мұрша бермеген уақыт, заман тала- бын, әдебиеттану ғылымының әлі туып үлгермегеніне көңіл аударатын болсақ, бұл кемшіліктердің болуы заңды да. Соған қарамастан «Әдебиет тарихы» қазақ фольклорын жанры мен түріне жіктей отырып, тұңғыш рет жүйелі түрде зерттеген әдеби танымдық, ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің бетін мәнді арнаға бұрған, бірнеше кезеңдерге бөлінетін әдебиет тарихы бар екенін танытқан бірден- бір оқулық, әдебиеттану ғылымының алғашқы қарлығашы болды.
М. Әуезовтің осы оқулығында зар заман ақындары қатарына бұл дәуірге арғы заманнан Сыпыра жы- рау, Қазтуған, беріден Алаша Байтоқ, Базар жырау, Досқожалар кіретінін атап өтіп, тарата баяндап талдау жа- самаса да, бұлардың сөз саптаула- ры мен сарындары осы шеңбердегі үлгіде келетіні атап өтілген бола- тын. Бұл 1920 жылдардың орта ше- ніндегі әдеби-тарихи ой-пікірде қа- зақ әдебиетінің тарихын арғы бас- тауларынан, яғни қазақ хандығы құрылған кезеңнен бастап тексеру керек деген көзқарастағы ізденістің орын тебе бастағанын көрсетеді. Бұл идеяны алғаш кім көтергеніне
көз жеткізе алмадық. Оның ұлт әде- биеті тарихын дәуірге бөлуге тікелей қатысты екені айтпаса да түсінікті. Осы идея алғашқы оқулықтар жазу- шыларға ауысып, М. Әуезов әлгін- дей барлау түрінде ғана айтса, Х. Досмұхамедовтің «Қазақ ха- лық әдебиеті» еңбегінде бірша- ма жүйелі түрде жүзеге асты. Ав- тор жұмысымызда сөз болып кет- кен Р. Мәрсеков, С. Сәдуақасов, М. Әуезов пен Ж. Аймауытовтың мақалаларындағы, жоғарыдағы «Әде- биет тарихындағы» қазақ әдебие- тін дәуірге бөлудегі ізденістерін жалғастыра отырып, біздің кеңес дә- уіріндегі 1960 жылдардың соңғы ке- зінде әрең қол жеткізген дәуірлеудің алғашқы нұсқасын жасап берді.
Х. Досмұхамедов: «Қазақтың жаз- ба әдебиетінің негізін мұсылманша оқыған, сауатты ақындар салғаны сөзсіз. Сондықтан да жазба әде- биеттің алғашқы үлгілерін халық поэзиясының діни және ғибрат- тық түрлерінен іздеу керек», – деп негіздегенде философиялық-дидак- тикалық және сопылық поэзияның өкілдеріне сүйеніп отырғаны анық. Бірақ, олар туралы ешқандай ой- пікір білдіре қоймаған. Әдебиет тарихын зерттеу мәселесінде бұл қысқаша очерктің шын мәніндегі ғылыми-зерттеу екенін көрсететін, қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңі үшін жаңа бастама ретінде көрінген үлкен бір ерекшелігінің




маңызы зор. Автор бұл еңбегінде қазақ әдебиетінің тарихын дәуірге бөлуде бұрын кездессе қоймаған жүйе жасаған. Қазақ фольклорының даму процесі тұрғысында ой қозғай келіп, халық ақындарының рөлі ерек- ше екенін, олардың қай дәуірде өмір сүргенін атап көрсетуді мақсат тұт- қан. Қазақ әдебиеті мынадай дәуір- лерге бөлінеді деп атап көрсетпесе де, ортасында аты сақталған халық ақындарын әр ғасыр бойынша жіктей отырып түгелге жуық келтіреді. Ең ерте дәуірдегі ақындар деп бастап, қазақ әдебиетінің тарихын былайша бөледі:

  1. XV ғасыр – Жиренше.

  2. XVІ ғасыр – Сыпыра жырау мен Шалкез.

  3. XVІІІ-ХІХ ғасыр ақындары. Халнияз, Абыл, Нұрым, Қадырбай, Мұрат, Матай, Қуан, Өтебай, Бай- тоқ, Манабай, Иманбай, Бабас, Жыл- қышы, Абат, Жылқайдар, Қозы- бек, Жұмырбай, Қашқынбай, Базар, Есенбақ, Жиенқұл, Ораз, Шерни- яз, Жаскілең, Бахы, Жанат, Ны- санбай, Нарманбет, Майлықожа, Мәделіқожа, Ешнияз, Бұдабай, Ер- менбет, Ығылман, Құлымбет, Шеге- бай, Ақтиям, Молдағали, Балмырза, Сүйінбай, Досқожа, Өмірзақ, Жам- был, Бақтыбай, Әбубәкір, Біржан сал, Ақан сері, Жүсіпбек, Бұқар, Орынбай, Ақмолда, Қарпық, Сейдахмет, Қабан, Күдері, Бөлтірік, Елеусіз, Нұржан, Тоғжан, Қанапия, Өске, Бейімбет,

Сералы, Тұрмағамбет, Қаңлы Жүсіп, Кете Жүсіп, Шөже, Садық, Әликеш, Оңғар, Шораяқ Омар [36, 73].
Автордың басты мақсаты фоль- клорлық үлгілерді шығарушылар, жырлаушы, таратушыларды атап көрсету болғандықтан, жыршылар мен ақын-жыраулар, әнші-ақындар мен айтыс ақындары араласып кет- кен. Әйтсе де қазақ әдебиеттану ғы- лымында әдебиет тарихының көп- теген өкілдерінің осылай топтасты- рылуы, оны дәуірге бөлуде соны қадам болды. Х. Досмұхамедов бұл ақын-жырауларды фольклорға бай- ланысты алғанда олардың өлеңді су- ырып салып айтатын ерекшеліктерін негізге алған. М. Әуезов сияқты ол да қазақ әдебиетін ауызша әдебиет және жазба әдебиет деп бөле отырса да, жазба әдебиет ХІХ ғасырдың І жар- тысында мұсылманша білім алған ақындардан басталады деп санай- ды. Қазақ әдебиеттану ғылымының, әсіресе оның фольклористикасы са- ласын, әдебиет тарихының басқа дә- уірлерін зерттеудегі алғашқы ғылы- ми-эстетикалық, әдеби-тарихи тал- даулар ғана емес, айтылған әрбір пі- кірдің ғылыми-зерттеушілік ой-пі- кірге қозғау салушылық мәні бол- ды. Бұл тұрғыдан келгенде Х. Дос- мұхамедовтің осы қысқаша очеркін қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңі үшін үлкен олжа деп бағалаған дұрыс. Сонымен қатар, автордың қазақ фольклоры туралы азды-көпті




пікір білдірген Радлов, Потанин, Ди- ваев, Мелиоранскийлердің ойларын келтіріп отыруы мен жарияланған ауыз әдебиеті үлгілерінің библиогра- фиялық көрсеткішін беруі еңбектің ғылыми-зерттеушілік сапасын артты- ра түскен.
1920 жылдардағы мектепке ар- налған оқу құралдары мен ғылыми- зерттеушілік сипаты айқын осы тәріздес еңбектер қазақ әдебиеттану ғылымының туу процесінде әде- биеттің дербес пән болып оқы- тылуының, алғашқы оқулықтар мен хрестоматиялардың жазылуының мәні зор екенін айқындап берді. Себебі, оларда классикалық мұраны, жеке ақын шығармашылығын сөз еткен мақалалардағы әр қилы ой- пікірлер екшеле келіп, ғылыми жү- йеде тұжырымдалуы арқылы қазақ әдебиетінің тарихи курсын жасау мен дәуірге бөлу проблемасын біршама дұрыс шешуге деген маңызды қадам жасалды.
Кеңес мектептерінде 1930 жыл- ға дейін әдебиет сабағын шын мә- ніндегі дербес пәндік сипатқа ие бола алмағандығы тарихи дерек- терден мәлім. Қазақ әдебиетін бы- лай қойғанда, оқулық жасаудың дәстүрі бар, әдебиетті оқудың негізі біршама салынған, классикалық мұ- расы өте бай орыс әдебиетінің өзі пәндік сипатқа толық ие бола алмай, сол кездегі кеңес педагогикасын- да орын алған «Бригадалық әдіс»
әдіснамасына негізделген «кешенді бағдарлама» ықпалында болды. Мем- лекеттік Ғылыми кеңестің (ГУС)
«Кешенді бағдарламасы» кезінде әр пәннің өз жүйесі бұзылып, олар комплекс тақырыптарға бағындыры- лып оқытылды. Әдебиет пәнінде көркем шығарма белгілі бір кешен- дік, қоғамдық тақырыпқа жәрдемші факті ретінде алынып, тарихи құ- былыс, қоғамдық құрылыс, саясат жайындағы түрлі материалдардың тек дәлелдеушісі, көмекшісі мінде- тін атқарды. Оқулық пен бағдарла- ма, көркем әдебиет шығармасы осы мақсатқа идеялық мазмұн үндестігі жағынан ғана қарастырылды.
БК(б)П Орталық Комитетінің 1931 жылдың 5 қыркүйегіндегі «Баста- уыш және орта мектеп туралы», 1932 жылғы 25 тамыздағы «Бастауыш жә- не орта мектептің оқу бағдарлама- лары мен режимі туралы», 1935 жыл- ғы 7 тамыздағы «Бастауыш, орталау және орта мектептер үшін оқулықтар шығару және сату туралы» тарихи қаулыларында осы сияқты прин- ципиалды қателермен бірге, теріс көзқарастардың орын алғаны атап көрсетіле келіп, оқу бағдарламаларын ғылыми тұрғыда қайта жасау, жүйелі түрде оқытуды жоспарлау сараланып көрсетілді. Мектептегі басқа пәндер сияқты әдебиет бағдарламалары осы қаулылардың талаптарына сай қай- тадан қаралды. Қаулыларға байла- нысты қазақ әдебиеті жеке пән ретін-




де мектептің оқу жоспарына кіріп, 1932 жылы тұңғыш бағдарламасы жасалды. Осы бағдарлама негізінде 1932 жылы І. Жансүгіров, С. Сейфул- лин, Б. Майлин құраған «Әдебиет- тану оқу құралы» атты хрестома- тия шықты. V класқа арналған бұл оқулықтың кіріспесінде авторлардың атап көрсеткеніндей, негізгі мақ- сат оқушыларға қазақ даласында болып жатқан өзгеріс, жаңалықтар- ды бейнелейтін шығармаларды алу болған. Сол себептен де оқулықтағы ақын-жазушылардың шығармалары тақырыптық-мазмұндық ерекшелі- гіне сай топтастырылған. Оқулық
«Социалистік құрылыс», «Колхоз- ды ауыл», «В. И. Ленин», «Ок- тябрь», «Қызыл әскер», «Ескі ауыл» атты алты тарауға бөлінген. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің осы алғашқы оқулығында ғылыми-әдіс- темелік тұрғыдан кеткен кемші- ліктердін былай қойған күннің өзін- де, ақын-жазушылардың өмірбаяны, шығармалары туралы әдеби-тео- риялық талдаулар да жоқ. «Әде- биеттану оқу құралы» аталғанымен, сол дәуірдің тыныс-тіршілігін бей- нелейтін көркем шығармалардың жинағы дәрежесінде қалып қойған бұл оқулықтың өз кезеңінде мек- тептерді қазақ әдебиеті оқулығымен қамтамасыз етуде, оқушыларға тәр- бие мен білім беруде алғашқы қадам ретінде ғана рөлі болды.
БК(б)П Орталық Комитетінің жо- ғарыдағы тарихи қаулылары мен дәуір талабына сай қазақ әдебиеті- нің оқулықтарын жасауда, әдебиет тарихын дәуірге бөлу саласында жаңа ізденістер, тың зерттеулер қол- ға алына бастады. Бұл бағыттағы жұмыстар қиын да айрықша жағ- дайда жүрді. Оқулықтар жасау, әде- биет тарихын зерттеу, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинау, оны зерттеу, белгілі ақын, жазушылардың шығармашылығын талдау сияқты ұлан-асыр жұмыстарды жүргізуде жылдар бойы зерттеп, тиянақты пі- кір айтуға жаңа заманның өскелең талап-тілегі мен қажеттілік ешбір мұрсат бермегенін атап айту керек. Сонымен қатар, бұл салада бұрын қалыптасқан ғылыми тәжірибеге сү- йенер негіздің де жоқтығы өз дәре- жесінде қиындық келтірді. Әйтсе де 20-жылдарда әдеби мұраны жинау, жариялау жұмыстары мен көрнекті ақындардың шығармаларының ба- сыла бастауы, оларды зерттеген ғылыми сипаттағы мақалалар оқу- лық, хрестоматиялардың жазылуы- на тікелей әсер ете бастады. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу, қалып- тасу процесін сөз еткенде, ғылыми- зерттеушілік ой-пікірдің бір жүйеге түсіп баяндалуына, бірнеше ақын- жазушыны өмір сүрген дәуіріне қа- рай топтастыра отырып зерттеуде алғашқы практикалық қадамдар қалай жасалғанын дәлелдейтін




  1. жылдардағы оқулықтар мен оқу- лық-хрестоматияларға арнайы тоқ- талу арқылы, қазақ әдебиеттану ғы- лымының қандай асулардан асқанын нақты байқай аламыз. Әрине, бұл кезеңдегі оқулықтардың бәріне бір- дей тоқталып, талдау жасау мүмкін емес. Сондықтан басты назарды әде- биет тарихының дәуірге бөлінуіне, фольклорлық мұра мен көрнекті дарындарды зерттеуде маркстік-ле- ниндік әдіснаманы басшылыққа алу- ға бұрыла бастағанына және қате концепциялар көзқарасында баға- лауына, қазақ фольклорының клас- сификациялауына аударамыз. Біздің ойымызша, осы оқулық, хрестомати- ялар әр мақалада шашылып жүрген қазақ фольклорының жанрлары мен түрлерін бір жүйеге түсіруде, әр қилы пікір айтылып жүрген талантты ақындардың өнерпаздық тұлғасын бағалауда әдебиеттің халықтығы, таптығы принциптері тұрғысынан келгенімен, бірталай табысқа жете отырып, болашақ монографиялық зерттеулерге даңғыл жол ашты.

Оқулық, хрестоматияларды сөз еткен уақытта олардың басылып шы- ғу ретінің хронологиясын міндет- ті түрде сақтай отырып қарастыру керек. Себебі, алдыңғы еңбектегі тың бастамалар мен ғылыми-зерт- теушілік ой-пікір кейінгілерінде ескеріліп отыратыны белгілі. Оны әсіресе, осы оқу құралдары мен оқу- лық-хрестоматияларға тікелей бай-
ланыстылықта туып келе жатқан қазақ әдебиеттану ғылымының өсу жолын тексергенде мықтап есте ұс- тау қажет. Әдебиет тарихын зерттеу- де проблемалық мәселе көтерген ғылыми мақалалар мен жеке ақын- жазушы шығармашылығына арнал- ған сын-зерттеу мақалалар, оларда айтылған артық-кем пікірлер бәрі де әдебиеттану ғылымының туып, қалыптасуына ықпал жасай отыр- са, сол кезеңдегі әдеби-теориялық және әдеби-тарихилық ғылыми-зерт- теудегі ой-пікірдің өсу дәрежесін көрсетеді. Ал әдістемелік мақсатпен шыққан оқу құралдары әдебиет та- рихын зерттеу мен оны дәуірге бө- луде өз мүмкіндігінше жәрдем жа- сап отырады. Себебі, алғашқы ғы- лыми қорытындылар жасау мен әр дәуірдің ақын-жазушыларын топтас- тыра қарау арқылы, әдебиет тари- хын дәуірлеудің алғашқы жобаларын ұсынады, көркем әдебиеттің белгілі бір уақыттағы даму жолының кескін- келбетін танытуға ғылыми сипаттағы соны қадамдар жасалады.
Отызыншы жылдардың бас ке- зінде мектептер мен оқу орында- рында тұрақты оқу құралдар жаса- луын қажет еткен уақыт, заман та- лабы қазақ әдебиеті тарихының ке- ңес дәуіріндегі әдебиеттен де басқа дәуірлерінің тарихи курсын да оқыту керектігін айқындап берді. Бұл БК(б) Орталық Комитетінің 1931 жылғы
«Бастауыш және орта мектептер




туралы», 1932 жылғы «Бастауыш және орта мектептердің программа- лары мен режимі жайындағы» қау- лыларында да атап айтылды. Барлық басқа пәндер секілді әдебиет про- граммалары да осы қаулылар тала- бына сай қайта қаралды. Қазақстанда да қазақ әдебиеті жеке пән ретінде оқу жоспарына кіргізіліп, 1932 жылы оның ең бірінші бағдарламасының нұсқасы жасалды. Әдебиет пәнінің бағдарламасын жасау әдебиеттану ғылымының қандай дәрежеде екеніне тығыз байланысты. Бұл жерде «мек- тепте оқылатын әрбір пәннің про- граммасы әдетте, сол пәнді тексеретін ғылымға арқа сүйейді, соны таяныш, негіз етеді; программаның мазмұнын сайып келгенде сол ғылымның өсу, даму дәрежесіне сай болады» де- ген пікірге қосылмау қиын [48, 57]. Бағдарлама жасау мен оқулықтар жазу проблемасы әдебиеттану ғылы- мына тірелетін болса, отызыншы жылдардағы қазақ әдебиетінің оқу құралдары әрі оқулық, әрі ғылыми- зерттеу еңбектің міндетін қатар атқарды. Осы дәрежеде көрінген ал- ғашқы еңбек С. Мұқановтың 1932 жылы шыққан «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» атты кітабы болды. Қазақ әдебиеттану ғылымында бұл оқулық ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебие- тін, С. Мұқанов шығармашылығын тексерген ғылыми-зерттеулерде әр түрлі баға алып келді. Ортамызға қайта оралған халқымыздың ардақты
ұлдары А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытовтардың мұраларын алдағы уақытта ғылыми жолмен зерттеу барысында да ар- тық-кем айтқан пікірлері сарала- нып та жатыр. Әйтсе де отызыншы жылдардағы әдебиет тарихын зерт- теу ісінде оқшау тұрған және әдебиет тарихында белгілі себептерге бай- ланысты орағытып өтіліп келген ең- бектің мақсатына және обьективтік сипатына, ғылыми жетістігі мен қа- те – кемшілігіне назар аудармасқа болмайды. Себебі, қазақ әдебиеті тарихының ең бір күрделі кезеңін дәуірге бөліп зерттеуге батыл қадам жасаған, сол дәуір әдебиетінің басты сипаттарын ашуға талпынған, «әрбір ақынның, жазушының өмірбаянын, бір-бірінен өзгеше әдісін, ақындық күшін, түрін, шығармаларының мазмұнын, не туралы жырлағанын көрсетуді басты мақсат тұтқан ең- бек болды. Шынына келгенде, қазақ әдебиеттану ғылымында осы сипат- тағы оқулықтардың жазылуына, яғни қазақ әдебиетін тарихи курс ретінде жүргізуге алғашқы бастама- ны да С. Мұқановтың осы оқулығы жасады. Сонымен қатар, М. Әуезов, Х. Досмұхамедов, С. Сейфуллин ең- бектерінен кейін әдебиет тарихын зерттеу саласында өз кезеңі үшін белгілі бір міндетті атқарған ғылыми- зерттеу дәрежесінде де көрінді. Автор алғы сөзде: «Мектеп саны өскенмен мектептегі мұғалімдердің




бәрі бірдей Маркс дүниетануына жетік емес. Біразы – пролетариат- қа теріс бағыттағы адамдар. Міне, осы мұғалімдер мектепте әдебиет сабағын оқытқанда күні бүгінге дейін өз ойына келгенін істеп жүр. Өз программасымен, өз талдауымен айдап жүр. Бұларға нұсқау болатын
«мынаған сүйеніп оқыт» дейтін әлі әдебиет тарихының құралы жоқ. Сондықтан біздің кеңес мектебінен оқып шыққандарымыз не әдебиет мәселесіне сауатсыз болып шығып жүр де, не теріс ұғым алып шығып жүр... Біздің алдымызда отырған
«әдебиет тарихы» деген кітабымыз мектептерге құрал болу ниетімен жазылып отыр» деп мектептерді әде- биет пәнінің оқулығымен қамтама- сыз ету проблемасының практикалық қажеттілігін атап көрсетеді [49, 6]. Бұл мақсатты жүзеге асыру жолын- да автор бірнеше міндеттер қояды. Осылардың ішіндегі ең маңыздылары: қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу, маркстік-лениндік әдіснамаға сай оның халықтық және таптық сипа- тын ашу болғанын анық байқауға болады. Бірақ, тексеріп отырғаны осы дәуірдегі «ұлтшылдық әдебиет» болғандықтан ақын-жазушылардан ұлтшылдық сарын іздеуге көп көңіл аударылып кеткен. Бұл оқулықтың үлкен де басты кемшілігі, оның сол кездің өзінде Е. Бекенов: «Кемшілігі бар тексеріс сындар М. Дулатұлы, М. Жұмабайұлы, О. Қарашұлы, әсі-
ресе С. Торайғырұлы, М. Әуезұлы туралы сынның кемшілігі көбірек ұшырайды. Бұл кемшіліктердің көбі империализм дәуіріндегі байшыл- дық-ұлтшылдық пен социализм дә- уіріндегі байшыл-ұлтшылдықты айыр- май бірдей бағалап кетуі, ұлтшыл- дық неден тұрғандығы, жаңа бай- лар табы үстем тап болуға айналды, жаңашылдық күшті болды деген сияқты негізгі кемшіліктерден туған кемшіліктер» деп, біржақты болса да атап көрсетіп берді [50, 67]. Со- лай дегенмен, сыншы С. Мұқанов бұл ақын-жазушыларды сынауда, ұлтшылдығын ашуда кемшілікке са- лынып, «төңкеріске қарсы істерін көрсетудің орнына, пролетариат төң- керісін түсінбедің деп өкпе айтады» деген қорытынды шығарған. Бұл тұ- жырымға қарап, С. Мұқановтың ғы- лыми-зерттеушілік жұмыс саласын- да теориялық білімнің жетіспеуі мен
«ұлтшыл-алашордашылдыққа» қар- сы күрестің ықпалынан сыңаржақ социологиялық, солақай сынға бой ұра отырғанымен, тексеріп отырған дәуір әдебиеті мен ақын-жазушылар туралы бар мүмкіндігінше әділ ба- ға айтуға талпынғанын аңғарамыз. С. Торайғыров, М. Әуезов, Б. Кү- леевтер туралы айтқан кейбір дұрыс пікірлерді былай қойғанда, «Ала- шорда жыршысы, ұлтшыл ақын» дей отырса да М.Жұмабаевты қа- зақтың күшті ақындарының бірі деп бағалайды. «Қазақтың тілін байыту-




да, әдебиетке жаңа түрлер енгізуде оның еңбегі көп. Абайдан кейін тіл өнегесінде Мағжаннан асқан ақын жоқ» дей келе, оның қазақ поэзия- сының көркемдік әлеміне қосқан екі еңбегін атап көрсетеді: «1. Абай қазақ әдебиетіне Еуропа түрлерін шет пұшпақтап енгізсе, Мағжан ден- деп енгізді. 2. Алған теманың пікірін өрбіту ретінде кейінгі жазушыларға жол ашты. Мағжан өлеңдерінің сыр- шылдық (лирика) жағы күшті келе- ді». Ал автор өзінің осы оқулық- тағы сыңаржақ солақайлықпен айт- қан қате тұжырымдары жайлы сол отызыншы жылдардың өзінде-ақ айтып қалып отырды. 1935 жылы шыққан екі томдық шығармалар жинағының алғы сөзінде «Мағжан төңкеріске қарсы «алашорданың ақыны» болғандықтан одан кейінгі үлгі алуды өзіме залал деп ұқтым. Бұным солақайлық еді», – деп жазса, кейінірек «Ұлтшылдармен идеоло- гия майданында күрескенде менің бірнеше қате сілтеген кездерім бол- ды», – деп ашық айтты [51, 7].
Оқулық қазақ әдебиеттану ғылы- мында жеке дарындарға шығарма- шылық портрет беруді ең алғаш бастап, осы арқылы ХХ ғасырдың 1905-1930 жылдары арасындағы қазақ әдебиетінің даму процесін, кескін-келбетін, шындығын саяси- әлеуметтік оқиғалармен байланыс- ты қарап, нақты деректермен аша алған. Автор социологиялық арқауы
басым жатқан талдаулар жасауға кө- бірек бой ұрғандықтан, қай ақын- жазушының шығармасын талдаса да оның мазмұнына аса көңіл бөліп, кейіпкерлердің іс-қимылы мен айт- қан сөздерін тармақтап әкетеді. Қай шығарманы алса да тақырыптық, идеялық, әдеби-теориялық жақтан терең қарастырылмағанын, сыңар- жақ социологиялық пікірлер айтуын автордың бұрын-соңды ғылыми- зерттеушілік жұмыста қалыптасқан тәжірибесінің жоқтығынан және әде- биеттің таптығы позициясына саяси астар бере отырып қарауынан деп білу қажет. Жалпы С. Мұқановтың әдебиетші, зерттеуші ретіндегі тұл- ғасының қалыптасу жолы мен ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірінің өсу эволюциясынан қазақ әдебиеттану ғылымының туу, жетілу жолындағы жетістіктер мен қателіктерді анық көруге болады. Бұған С. Мұқановтың сәл кейінірек жазған: «Ол кезде мен саяси шала сауатты едім, ғылымға шалағай едім, менің ол кезде саяси білімім де, жалпы білімім де баста- уыш көлемде ғана еді. Сондықтан мен ескі әдебиет мұраларына сын көзбен қарай отырып, олардың пай- далы жағын алу дегенді білмедім, совет әдебиеті бұрынғы бұқарашыл әдебиеттің заңды жалғасы, ілгері өрлеуі екенін ұқпадым», – деген пікірі айқын дәлел. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ағартушылық, ағартушы-демократтық және бұқа-




рашылдық сарынды байқамай, зерт- теушілік көзқарасында теориялық қателер жіберіп алуының бір сыры да осында жатыр.
С. Мұқанов осы оқулығы арқы- лы отызыншы жылдардағы қазақ әдебиеттану ғылымын, әдеби-тео- риялық және әдеби-тарихи тал- дау жасау бағытындағы ғылыми- зерттеушілік ой-пікірді жаңа ойлар- мен байытты. Қазақ әдебиеті тари- хын зерттеудің кезең үшін өзектілі- гі мен маңызына тоқтала келіп, өз оқулығының ғылыми-зерттеушілік сипатын, мақсаты мен міндетін, дә- уір талабына сай практикалық қа- жеттілікпен туғанын ашық та анық түсіндіреді. «Әдебиетті зерттеудің толып жатқан тармағы бар: Мәселен, осы әдебиеттің тарихы, қисыны, әдісі, сыны, тағы сондайлар. Осы- лардың ішінен біздің міндетіміз та- рихын жазу еді. Екінші сөзбен айт- қанда, алып отырған дәуіріміздің пікірі қай кезде қалай өркендегенін, қалай шегінетінін, оған нелер себеп болғанын тексеру еді. Біз бұл тарих- та одан гөрі кеңірек жайылдық. Көп жерде кейбір шығарманың шыққан тарихы, себебін тексерумен қатар, ішкі, сыртқы құрылысына тоқталып, өзімізше сын бердік. Кей жерде көркем шығарманы тану, іздеу әдіс- терінен де азырақ сөз қозғадық. Кей жерде тіл, ырғақ, көркемдік жа- ғына көз салып, қисын жағына да көңіл бөлдік. Бұлардың бәрі, әрине,
әлдеқалай істелген жоқ, әдейі істелді. Өйткені белгілі бір дәуір тарихы ту- ралы болғанмен, бұл кітап мектепке арналған бірінші оқу құралы бол- ғалы тұр. Мектептеріміз әдебиетті тану ретінде оқу құралына әлі кедей. Сондықтан тарих көлемінен шығып, әдебиеттанудың басқа жүйелерінен де кей жерде мәлімет беріп отыру- ды пайдалы деп түсіндік», – деген пікірдің сол кездегі ғылыми-зерт- теушілік ой-пікірде тың бағыт еке- ніне көңіл аудармасқа болмайды. Оқу- лыққа тән сипат, әдеби-теориялық талдау, әдеби-тарихи тұрғыда зерт- теу ғылыми-зерттеушілік арнасында бас қосып, бірін-бірі толықтырып отырғандықтан еңбек монография- лық мәнге ие болған.
С. Мұқанов өз оқулығына «І бө- лім. Ұлтшылдық, байшылдық дәуір» деп ат қойып, айдар тағуына қара- ғанда, ХХ ғасыр басынан отызын- шы жылға дейінгі қазақ әдебиетінің тарихын «ұлтшылдық, байшылдық әдебиет» және «пролетарлық әде- биет» деп екіге бөліп зерттеуді мақ- сат тұтқаны байқалады. Осы ойын автор «ХХ ғасыр әдебиетін тексеріп отырғандықтан, бізге қазақ әде- биетінде жиырмасыншы ғасырда байшыл әдебиетке қарсы туған про- летариат әдебиетін, оның өркендеу дәуірін жазу керек еді. Біз бұл жолы оны істегеніміз жоқ. Байшыл дәуір мен пролетаршылдық дә- уірді қосып кітап қылсақ, ең алды-




мен, үлкен іс болар еді. Екіншіден, асығыстық істеуге тура келеді. Сон- дықтан әдебиетіміздегі пролетариат дәуірінің өркендеуін алдыңғы күн- нің міндетіне қалдырдық», – деп ашық жазды. Бұл пікірге тереңірек мән беретін болсақ, жиырмасын- шы жылдардың бас кезінде қазақ әдебиетінің қазақ тарихын ауызша және жазба әдебиет деп қана бөле алған ғылыми-зерттеушілік ой-пікір М. Әуезов пен Х. Досмұхамедовтің еңбектерінде «ХV-XVІ ғасырлар- дағы әдебиет және XVІІІ-XІX ғасыр ақындары» деген ғылыми термин- дік ұғыммен толықса, С. Мұқановта
«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» де- ген дәуірге тармақталған. Әдеби мұ- раны зерттеуге деген оң бағыттағы көзқарас 1925 жылдан бастап өріс ала бастағанын ескеретін болсақ, қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңінде әдебиет тарихын дәуірге бөліп тексеру жолындағы жаңа қадам екенін атап айтпауға болмайды.
С. Мұқановтың еңбегін сөз еткен- де сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік хал- ахуалға тарихи шындық тұрғысы- нан қарамаса болмайды. Ұлттық ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірге маркс- тік-лениндік әдіснаманың үстемді- гі толық орнап, В. И. Лениннің «екі түрлі мәдениеттің элементі бола- тыны туралы» қате қағидасына сай оларды әдебиет тарихынан табу орын алып жатқан болатын. «Ұлтшылдық- буржуазиялық әдебиетті» іздегенде
оған кеше ғана «Алашорда» құра- мында болған ақын-жазушылар- дың ілінгеніне еш таңдануға бол- майды. Өйткені, оқулық шығардың алдында ғана олар социалистік қо- ғамға жат элементтер ретінде алас- татылды, сотталды, атылды. Сая- сат пен идеология қатаң талап етіп отырғанда, бұған яғни, «ұлтшыл- алашордашыларды» әшкерелеуге, төң- керісшіл бағыттамын деп есептей- тіндердің бәрі қатысты. Олар жина- лыстарда, жарыссөзде сөйледі, ма- қалалар жазды, айыптағыш баянда- малар жасады. Оған ҚазАПП тарапы- нан болған әпербақандықты айтсақ та жеткілікті. Міне, осындай жағдайда оның барлығына С. Мұқановты кінәлі санап, қазірде кейбір мақалаларда ай- тылып жүргендей, олар туралы кітап жазғанын тілге тиек ете берудің жөні жоқ. Жалпы Сәбең оқулығына пікір айтқан уақытта біріншіден, «ұлтшыл- алашордашыл» атанған арыстары- мыз кітап шыққанға дейін-ақ атыл- ғаны атылып, қалғаны айдалып кет- кені есте ұсталуы керек. Екіншіден, маркстік-лениндік әдіснама негізінде еңбек жазған, пікір білдірген жалғыз С. Мұқанов емес екенін ұмытпаған жөн, «ұлтшыл-алашордашылдыққа» деген қате көзқарас бертінге дейін жалғасып келді. Сәбеңді кінәлағыш
«білгіштердің» қалған елу жылға тар- та уақыт ішінде бұл кемшілікті неге түзетіп алмағанын тіке сұрау керек.




Сонда ғана тарихи шындыққа сай пікір айта аламыз.
С. Мұқанов оқулығында В. И. Ле- ниннің әр ұлттың мәдениетінде екі түрлі мәдениеттің элементі болаты- ны, мәдени-әдеби мұраны зерттеген- де қай таптың идеологиясы тұрғы- сынан жазылғанына ерекше назар аудара отырып тексеруді басты мақ- сат етіп қойғандықтан, «ұлтшылдық- байшылдық дәуір», «пролетарлық дәуір» деп жіктеп әкеткен. Бұлай бөлуге сол кездегі қатты өріс алған
«ұлтшыл-алашордашыларға» қарсы күрес ерекше ықпал жасап, ақын- жазушылардың шығармаларын тал- дау барысында обьективтілік пози- ция ұстауға мәжбүр болған. Ленин- нің әдеби мұра туралы пікірлері мен сталиндік социализм жеңген сайын тап күресінің күшейе түсетіні ту- ралы көзқарастың әсерінен туын- даған көркем әдебиет саласындағы қателіктер бұл оқулықта да орын алған. «Ұлтшыл-алашордашылар» деп жала жабылған дарындарды бы- лай қойғанда, С. Торайғыров, С. Дө- нентаев, Б. Күлеев, М. Әуезовтер де ұлтшылдық әдебиеттің өкілі ретінде көрсетіліп кеткен. Бүгінге «ұлт- шыл-алашордашыл» атанған қа- зақ зиялылары ақталғаннан кейін бұл оқулыққа ғылыми дәйексіз пі- кірлер де айтыла бастады. «ХХ ға- сырдағы қазақ әдебиетіне» баға бергенде Қазақстанда «ұлтшыл- алашордашыларға» қарсы күрес
тек қазақ әдебиеттану ғылымында ғана емес, мәдениеттің барлық са- лаларында жүргенін және оны тудырған С. Мұқанов емес екені есте ұсталуы қажет. Әдебиеттегі «ұлт- шыл-алашордашыларды» әшкерелеу сол кездегі барлық мақалаларда, Ғ. Тоғжановтың, Е. Бекеновтің, т.б. еңбектерінде, М. Қайыпназаровтың баяндамаларында ғана емес, Қа- зақстан өлкелік партия ұйымының қаулы-қарарларында да айтылып қалып отырылды. Ендеше бұл кү- рестің С. Мұқанов оқулығында кө- рінуін сол дәуірдегі идеологиялық күрестің әсерінен, заман ағымынан деп түсінген жөн. Бірақ, біздің оқу- лықтағы артық-кем пікірлерді за- манға жауып, С. Мұқановты ақ- тап алайық деген ойымыз жоқ. Еңбекте ақын-жазушылардың шы- ғармаларының мазмұны мен идея- сы бұрмаланып, шектен тыс қаза тексеріліп ұлтшылдық сарын іздеу айқын сезілетіні рас. Тіпті С. То- райғыровтың «Кедей» поэмасын ұлтшылдық көзқараста деп талдауы, М. Әуезовтің «Қилы заман» по- весіндегі он алтыншы жылғы ұлт- азаттық көтеріліс кейін социалистік заманға қарсы күреске жалғасты де- ген сияқты пікірлерін кейінірек автор- дың өзі де, басқа әдебиетші-ғалым- дар да түзетті. Ал А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Айма- уытов шығармашылығы туралы кел- сек, олар жайында «ХХ ғасыр басын-




дағы қазақ әдебиетінің шындығы мен дамуы жайында дұрыс еңбек С. Мұқановтың 1932 жылғы кітабы- нан кейін жазылған жоқ, зерттеу ісі жүргізілген жоқ». Қазақ әдебиетінің осы дәуірін зерттеушілер олардың
«ұлтшылдығын», шығармаларын- да ескілікті көксейтіндігі, төңкеріс туғызған жаңа заманды түсінбеге- нін, соған лайық шығармалар бере алмағанын бірінен соң бірі қайталап айтып, оларға С. Мұқанов берген бағаны да айта алмады. Ал зерттеуді енді ғана қолға алып, олардың әде- биет тарихында алатын орнын бел- гілеуге кірісіп жатқандарға бұл кітап негізгі табан тірер тірек болып, «та- рихи деректердің көзі болып қала берері даусыз». С. Мұқановтың осы ақын-жазушыларға заман ағымымен,
«ұлтшыл-алашордашыларға» қарсы күрестің ықпалымен және «сола- қайлықпен айтылған пікірлерін әри- не түзету керек». Бұл жолда оқулық авторын орынсыз кінәлай бермей, қазақ әдебиеттану ғылымы ғылыми- зерттеу әдіснамасының әлі меңгере қоймаған, қазақ әдебиетінің тари- хын зерттеу мен дәуірге бөлу әлі бір жүйеге түспеген, жеке ақын-жа- зушының халықтығы мен таптық сипатын ашу басты мақсат болған отызыншы жылдардың талап-ті- легімен қараған дұрыс болады. Қа- зақ әдебиеттану ғылымында бұл оқулықты әр түрлі ғылыми аспектіде қарастырған Е. Бекенов, Т. Нұртазин,
Т. Кәкішев, Р. Бердібаевтар жеке да- рындарды бағалаудағы кемшілікте- рін ғылыми тұрғыда талдай келіп, алғашқы монографиялық зерттеу деп бағалайды.
Қорыта айтқанда, С. Мұқанов- тың «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» оқулығы ғылыми-зерттеушілік ой- пікірдің әдебиет тарихын тексеруде тереңдей түсуіне әсер еткен, қазақ әдебиеттану ғылымында әдебиет тарихын дәуірге бөліп зерттеудегі ізденісті жалғастырған, XX ғасыр басындағы әдебиеттің көрнекті да- рындарының шығармашылығын тек- серуді қолға алу қажеттігін көрсетіп берген, мектептерде әдебиет пәнін тарихи курс ретінде жүргізілуіне бас- тама салған еңбек деген тұжырымға келеміз.
С. Мұқановтың осы бастамасын жалғастырып, қазақ әдебиетін оқы- туды әдебиеттің тарихи курсы жоба- сына жақындату талабымен көрін- ген, әдебиет тарихын дәуірге бөлудің жаңа да тиімді жобаларын ұсынған оқулықтар жазылып шыға бастады. Солардың бірі – І. Жансүгіров пен Ғ. Мүсірепов құрастырып шығар- ған «Көркем әдебиет жинағы» атты хрестоматия. Бұл жинақта қазақ әдебиетінің тарихи курсына тән ғы- лыми-зерттеушілік сипат та, ақын- жазушылар өмірбаяны мен шығар- маларын талдау жұмыстары да жоқ. 1914-1933 жылдар арасындағы ақын-жазушылардың көркем шығар-




малары ғана берілгендіктен хрес- томатия түрінде қалып қойды. Оны авторлар да түсініп: «Жинақ тұрақты оқу құралының тізіміне кіре алмайды. Бұдан соңғы жыл- дары болатын кітаптың керегіне жарайтын оқу құралына материал ғана», – деп ескертіп өтеді. Әйтсе де «Көркем әдебиет жинағының» әдебиет тарихын дәуірге бөлуде ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірді дамы- та түскен жаңашылдығы болды. Авторлар қазақ әдебиетін оқыту ту- ралы 1933 жылғы бағдарламаны бас- шылыққа ала отырып, көңіл ауда- рып отырған кезеңнің әдебиетін төрт дәуірге бөледі. Атап айтқанда:

    1. Октябрь төңкерісі алдындағы бұқарашыл әдебиет (1914-1917).

    2. Октябрь төңкерісі мен азамат соғысы тұсының әдебиеті.

    3. 1923-1928 жылдар арасындағы әдебиет.

    4. Реконструкция дәуірінің әде- биеті (1928-1933).

Басты мақсат қазақ кеңес әде- биетінің туу, қалыптасу жолын аң- ғарту, жырлаған тақырыптарын бай- қату, жанрлық баюын көрсету, әде- биет пәнін тарихи курсқа жақындату болғандықтан, шартты түрде болса да осы дәуірге бөлу қазақ әдебиетта- ну ғылымында XX ғасыр әдебиетін кезеңге бөлген тұңғыш жоба болды.
С. Мұқановтың оқулығы мен
«Көркем әдебиет жинағы» әде- биетті тарихи курс ретінде оқыту
жолындағы талабы арқылы қазақ әдебиеті тарихының даму проце- сіндегі белгілі бір дәуірлерді ашып, қазақ әдебиеттану ғылымының ал- дына дәуірге бөліп зерттеу және оны бір жүйеге түсіру проблемасын қойды. Ал жүйелі түрде дәуірге бө- лу дегеніміз – әдебиет тарихының тарихи сабақтастық дәстүріндегі даму жолын танып білу үшін ең басты принциптердің бірі. Осы принципке сай қазақ әдебиетінің тарихын дәуірге бөлудің жаңа жо- басын ұсынған оқулық М. Жолды- баев, М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаевтар жазған «XІX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құралы» болды. Авторлар оқулыққа тақырып етіп алған дәуірдегі қазақ әдебиетінің тарихын хронологиялық тәртіппен таныстыруды басты мақсат етіп алып, оны іштей үш кезеңге бөлген. Әр кезең ақындарын жеке- жеке қарастырмас бұрын сол уақыт шамасындағы қоғамдық құрылыс пен қазақ халқының бастан кешкен та- рихында болған елеулі оқиғалар мен өзгерістерді, түрлі қозғалыстарды сипаттаған қысқаша шолулар беріп, олардың жыраулар мен ақындар по- эзиясына тигізген әсерінің сырын ашуда нақты тұжырымдар білдіреді.
Авторлар «Өлкенің патша үкі- метіне бағынып, отарлану дәуірінің әдебиеті» деп атаған кезеңге Бұқар жырау, Махамбет, Нысанбайларды жатқызып, олардың өмірбаяны мен




шығармашылығына монографиялық сипаттағы әдеби-тарихи талдау жа- сайды. Оқулықты «XІX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебие- ті» деп атай отырса да, XVІІІ ғасырда өмір сүрген Бұқар жырауды тұңғыш рет әдебиетіміздің тарихына кіргі- зіп, өмірі мен шығармаларынан мол мәлімет береді. Бұқар толғаулары көтерген қоғамдық, әлеуметтік тақы- рыптарды саралай отыра, бірлікке, бейбітшілікке, адамгершілік пен әді- леттілікке шақырған жырларына ерекше тоқталады. Бұқар поэзиясы мен өнерпаздық тұлғасын бағалауда әдеби-тарихи талдау бағытындағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікір маркс- тік-лениндік әдіснаманың әдебиеттің таптығы принципіне сай көрінді. Ав- торлар Бұқар толғауларын ел бірлігін сақтау мен жоңғар шапқыншылығы- на қарсы күресті жырлаудағы маңы- зын ерекше атап көрсете отырса да, ішкі қоғамдық мәселелерде үстем тап жыршысы болғанын нақты үзінді- лермен дәлелдеу орын алғанымен, кейінгі зерттеулерде тереңдетіле, ке- ңейтіле айтылған талдаулардың оқу- лық көлеміне тән алғашқы нұсқасын жасаған. Арғынның табан Шөңгел биі, Абылай ханмен дәрежесі тең адам болғанын айта келіп: «Ол хан атынан билікті айта алады, халыққа сүйеніп ханға да қарсы тұра алады. Билеу- ші таптың тілегін, талабын бүрке- мей көрсетіп ұстаған ақын екенін Бұқардың жалғыз тақырыбы мен сөз
мазмұны ғана емес, толғауларының түрі, теңеулер, сырт қалыптары да байқатады», – деп бағалайды [52, 17]. Бұқар жырау отызыншы жылдардағы қазақ әдебиеттану ғылымында халық жыршысы деп асыра дәріптелмей, хан жақтасы деп тым датталмай барынша әділ бағаланған ең бірінші ақын бол- ды. Бұқар шығармасын кейінгі кезде зерттеушілер осындағы ғылыми тұ- жырымдарды әрқашан негізге алып отырғанына көңіл аударсақ, оқулық- тың сол кезеңде ғылыми-зерттеу ең- бек ретіндегі маңызының зор болға- нын байқаймыз.
Оқулықта Махамбет пен Нысан- бай ақындардың өмірбаяндық де- ректері ХІХ ғасырдың бірінші жар- тысындағы дәуір шындығына тығыз байланыстылықта беріліп, салыс- тырмалы түрде қарастырылған. Иса- тай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі мен Кенесары-Наурызбай қозғалысының тарихи мәнін баға- лауда, оны екеуінің хандық билік- ке таласу жолындағы күресі деп қате көрсете отырса да, Махамбет шығармашылығының бүкіл көте- рілістің айнасы болғандығын, жа- уынгерлік рухқа толы патриотизм мен романтикалық сарынның өте күшті екеніне жан-жақты тоқталған. Х. Досмұхамедовтің «Исатай-Махам- бет» еңбегіндегі Махамбет жырла- рына айтылған пікірлеріне сол кез- дегі саяси күрестің, «ұлтшылдыққа» қарсы күрестің әсерімен қарсы келе




отырып, авторлар оның ақындық ерекшелігі, хан-сұлтандарға өткір де батыл айтылған сындары, күрес дәуірінің ащы шындығын бейнеле- ген реалистік сипаты турасында тың тұжырымдар білдіреді. Авторлар- дың көркем шығармашылықты зерт- теуде маркстік-лениндік әдіснаманы негізгі басшылыққа алып отырғанын мына пікір дәлелдей түседі. «Өзі болған жорықты, өзі көрген тарихи үлкен қимылды жыр қылушы қазақ әдебиетінде екі-ақ ақын. Бірі – Ма- хамбет, екіншісі – Нысанбай. Бірақ бұл екеуінің жыр, толғауларында екі алуан басшылық бар. Махамбет – қозғалыстың басшысы, найза басы батыры. Оның сөзі де сол көпті же- тектеп, сүйреп майданға шақырып отыратын сөз. Ал мынау (Нысанбай.
Ж. С.) жорықтың басшысы да, ба- тыры да емес. Көбінесе Кенесары- дай ханның көңілін ашар ермегі... Нысанбай Кенесарының хандығын, жеке өмірін жоқтаушы, құптаушы бо- лады. Сондықтан оның тарихи жыры да көбінесе сол қошемет жыры бола- ды. Шығармаларының барлық қалпы хан жорығын мадақтап, үстем тап жыршысының үлгісін көрсетеді» [52, 28].
Махамбет шығармашылығының негізгі ерекшеліктерін ашу мақса- тында Бұқар толғауларымен салыс- тырып, тақырыптық айырмасына,
«майданға көпті еліктіре сөйлеген, шабуыл, атой ұран» сипатындағы
мағынасына және өлең өрнегіне ерекше көңіл аударады. Авторлар
«Ереуіл атқа ер салмай» өлеңін тал- дау барысында ғылыми-зерттеушілік ой-пікірді теориялық негізде өрбі- тіп, ақын тұлғасын ашып көрсететін дәрежедегі монографиялық портрет жасаған. «Бұрынғы өлең-жырда әр жерден шаң беріп, басы қосылмай, бытырап жүретін суреттер мынада қатты жымдасып, екшеліп, бір бас, бір тас боп алады. Ақынның көпке тастап отырған ұранындағы тілек- талап та сол. Жырдың ішкі-сыртқы құрылысы табиғи тұтас біткен бі- рыңғай бүтіндікті білдіреді» деген секілді пікірлер оқулықтың ғылыми- зерттеу еңбек ретіндегі маңызын көтере түсетіні анық.
«Бұл оқулықтың практикалық ма- ңызының мәні сол – бұрынғы екі ұш- ты бағаланған немесе аталмай жүр- ген ақындар жөнінде нақтылы, анық сипаттама берілді. Мұнда Шортан- бай, Мұрат, Абай, Ыбырай, Әбубә- кір, Шәңгерей, Омар, Сұлтанмахмұт, С. Дөнентаев сияқты ақындардың шығармашылығына арнайы тал- дау жасалған» [47, 191]. Авторлар бұл ақындардың алғашқы алтауын:
«Бектік құлауға айналып, өндіріс капиталы дәуірлей бастаған кездің әдебиеті» (1870-1905) деп аталған дәуірге жатқызса, қалғандарын «ұлт- шылдық әдебиеттің бас кезі» атты кезеңге кіргізген. «Әдебиет тари- хын дәл осылай дәуірге бөлудің,




жіктеудің кемшілігі бола тұрса да, ол зерттеушілік ойдың өрістеуіне түрткі салды, ертеде өткен ақындар шығармашылығын молырақ та ке- ңірек тануға көмектесті».
Оқулықтың ғылыми-зерттеу ең- бек ретінде қазақ әдебиеттану ғылы- мына, ғылыми-зерттеушілік ой-пі- кірге енгізген жаңалығы – әдебиет тарихын зерттеуде әлі дау-дамайға түсіп жүрген осы ақындардың шы- ғармашылығына барынша әділ баға беруге қадам жасаулары еді. Себебі, оқулық шыққан уақытта басқа түгіл Абайдың өзінің өнерпаздық тұлғасы толық танылып, қазақ әдебиетінің классигі екені айтыла қойған жоқ еді. Сондықтан бұл еңбектегі Абай поэзиясы туралы айтылған тың пі- кірлердің ұлы ақынның қайтыс бол- ғанына 30 жыл толуын атап өтуге байланысты шыққан мақалаларға өз әсерін тигізгені даусыз. Сол ке- зеңдегі «тұрпайы социологиялық» тұжырымдардың әсерінен ара-тұра
«Абай, Алтынсарыұлы сияқтылар да біраз қазақ ерекшеліктерін ала кірген либерал-буржуазияға айналды» де- ген секілді пікірлер кездескенімен, әдеби-тарихи талдау жасау бағы- тындағы ғылыми-зерттеушілік ой- пікір өзінің сөз етіп отырған ақын шығармасының мазмұнын қаза тек- серіп, таптық мін іздеп, идеясын бұр- малаудан, үстем тап жыршысы деген үстірт қорытынды жасаудан айыға бастағанын көреміз. Авторлар өздері
бөлген жүйенің екінші дәуіріне бер- ген шолуда: «Бұлар да ескілікке қарсы тұрып, оны шенейтіні бар, бірақ со- нымен қатар бұның ішінде сол ескіні қалайтыны да бар. Осы жағдайға қарай бұл таптың адамдарының өзі де әр алуан, өз таптарының әр то- бының күйін әр алуандау айтатыны бар. Әдебиеттегі осы күйдің мы- салын Мұрат, Шортанбайлардан бір көрсек, Абай, Алтынсариннен та- ғы көреміз. Бұлардың кейбірі ескі- ліктің көлеңкесіне қарап, құр соны қимағандықты айтса, екінші біреу- лері әр алуан жаңашылдықтан үй- ренуді, құптауды мақұл көреді», – деп сол кездегі ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде ғылыми мәні зор, кейінгі зерттеулерге бағыт боларлық тың ой білдірген. Шынында да Шор- танбай, Дулат, Мұрат т.б. ақын- жыраулар поэзиясын зерттеуде бұл пікір тереңдетіліп әкетілгені белгілі. Ал оқулық Шортанбай, Мұрат, Шәңгерей шығармаларындағы за- маннан түңілер торығу, мұң-шер айрықша көрінетінін салыстырмалық сипаттағы жаңа ойға негіздей оты- рып, қазақ поэзиясында «зар заман» аталатын ағын басталғанын ғылы- ми тұрғыда дәлелдеген. Х. Досмұ- хамедов еңбектерінде айтылған тү- сіндірмелік мәніндегі жалпылама пікір нақтылана түсіп: «Бұлар ша- руашылық, әлеуметтік, саяси тұр- мысқа кірген көп ірі жаңалық, өзге- рістерге қарсы болумен бірге өз




тұсындағы тұрмыстық ұсақ белгі, ұсақ өзгерістерін де жақтырмайды. Шошынып, тыжырынып, немесе күр- сініп отырып, сынап шенейді. Шор-
танбай шығармалары оны ескілік үшін және діншілдік үшін күрескен феодалдар тобының жыршысы қып шығарады... Мұрат ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы жаңаға бой ұсынбай кеткен, ылғи ескімен болған зар заман ақындарының соңы», – деп бағаланады [52, 72].
Оқулық жаңашылдықты құпта- ған, одан үйренуді, мәдениетке жету- ді насихаттаған ақындар деп Абай мен Ыбырайды ерекше атай отыр- са да, шығармаларының ағартушы- демократтық сипатына терең мән бер- меген. Оларды Әбубәкір, Шәңгерей, Мәшһүрлер деңгейінен көреді. Со- ның салдарынан әдебиеттің өркендеу процесі айқындықпен жіктелінбей қалғаны аңғарылады. Әйтсе де осы дарындар туралы берген бағалары сол кездегі ғылыми-зерттеушілік ой-пікір үшін соны тұжырымдар екенін де байқаймыз. Олар Абай- ды: «Бұл дәуірдің ақындары, әсіресе Абай жалғыз өзі, өз тұсының айна- сы емес, өзінің алдындағы бірқатар заманды да сөз қылып, суретке ба- сып, өзі де танып, өзгеге де нық та- нытып кеткен ақын болады. Сондай ірі ерекшеліктерімен қатар жиын- да білім беріп, бұрынғының өмірін танытып, дәулердің таптық сырын ашатындық жағынан Абай бүкіл ХІХ
ғасыр әдебиетінің ең үлкен тұңғы- шы боп саналады» десе, Ыбырайды
«Алтынсарыұлы – қазақ әдебиетіне өнер мен техниканы жырлау сары- нын енгізген ең бірінші адам. Ба- тыс мәдениетіне шақыру пікірі, ба- тыстың техникасын жырлауы қазақ даласындағы жаңаша қозғалысқа өту тұсынан әкелген жаңалық олжа- сы», – деп, қазақ әдебиеті тарихында алатын орнын белгілеуге алғашқы қадам жасайды. Бірақ Абай мен Ыбырайдың өнерпаздық тұлғасын сөз еткенде, олардың қазақтың клас- сикалық жазба әдебиетінің негізін салудағы еңбегі атап айтылып, ғы- лыми тұрғыда дәлелденбеген. Оны белгілі ғалым, әдебиетші Т. Кәкішев атап айта келіп: «Ауыз әдебиетінің дәстүрінде көрінген ақын-жазушы- лардың шығармашылығын білгір- лікпен байқап, қажетті жерінде теориялық тұрғыдан қисын ай- тып, эстетикалық түсіндірме беріп отырған авторлар Ыбырай, Шәң- герей шығармашылығының негізгі сипатын көп ақын-жыраулар ағы- нына қосып жібереді де, қазақ әде- биетінің тарихында сыншыл реа- лизмді, ағартушы-демократтық ба- ғыттағы... жазба әдебиеттің сапалық жаңалығын айшықтап көрсетпей кеткенін, сондықтан бұл дарындар хронологиялық ұзақ-сонар баян- даудың өрісінен шыға алмай, зор тұлғаларын көрсете алмай қалғанын байқаймыз», – деп жазады [31, 56].




Бұл кемшіліктің болуы қазақ әде- биеттану ғылымының қазақ әдебиет тарихын зерттеудің барлық пробле- малары мен принциптерін әлі толық меңгере алмай жатқанын анық таны- тады. Ол оқулықтың үшінші бөлі- мінде Ғ. Қарашев, С. Торайғыров, С. Дөнентаев шығармашылығын зерттеуде де көрінеді.
Авторлардың үшінші дәуірді «ұлт- шылдық дәуірдің бас кезі» деп ата- уына біз жоғарыда сөз еткен С. Мұ- қановтың оқулығының әсері болған секілді. Бірақ, бұл оқулықта А. Бай- тұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов алынып тасталып, тек олардың осы кезеңге кірген ақындар шығармашылығына тигізген «зиян- ды салқыны» ғана аталып өткен. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің кескін-келбетін танытуға жасаған шолуда дәуір шындығын, қазақ әде- биетінің даму процесіне әсер ет- кен ағартушылық, бұқарашылдық идеяның мәнін аша отырса да, ав- торлар Сұлтанмахмұт, Ғұмар, Сә- бит үшеуінен басқа ақындарды бұл дәуірге кіргізбеген. «Ұлтшыл-алаш- ордашылар» аталғандарды былай қойғанда, М. Ж. Көпеев, С. Көбеев, М. Сералин және тағы басқалары атаусыз қалып қойған. Авторлар С. Торайғыров шығармашылығын сөз еткенде С. Мұқанов оқулығында кеткен ұшқары пікірлерді түзете ке- ле соны тұжырымдар білдіргенімен, сол кезеңде қазақ әдебиеті тарихы-
ның «ұлтшылдық дәуірі» деп ата- лып жүрген кезеңге қалыптасқан көзқарастың ықпалынан шыға алмай қалған. Ғ. Қарашев шығармаларын талдауда да осыны анық сезуге бо- лады. Ал С. Дөнентаев барынша әді- летті бағаланып, жаңа заманды жыр- лаудағы сәтті шығармалары аталып өтіледі.
Ғылыми зерттеудегі негізгі қарас- тырылған ақындар қазақ әдебиеті- нің ХІХ және ХХ ғасыр басындағы дәуірлерінің көрнекті өкілдері бола тұрса да, авторлардың басты мақса- ты ғылыми-педагогикалық талаптар- ға және әдебиетті мектепте тарихи курс ретінде тереңдете оқытуға сай тұрақты оқулық жасау болғандық- тан, орыс классиктерінен А. С. Пуш- кин, М. Ю. Лермонтов, А. И. Чехов, Л. Н. Толстой, М. Горькийлердің өмірі мен шығармашылығын таныс- тыруды жөн санаған. Бұл оқу құралына қарағанда әдебиет хрес- томатияларына тән құбылыс. Хрес- томатияда көбіне көркем шығарма мәтіні мол беріліп, оның маңызы мен авторы жайында қысқаша тү- сініктемелер келтіру сипаты басым болғандықтан, әдеби білім беруде туысқан республикалар әдебиетінің көрнекті өкілдерін таныстыру, клас- сикалық туындыларды өскелең ұр- пақтың эстетикалық рухани азы- ғына айналдыру педагогикалық та, әдістемелік те жақтан тиімді еке- ні рас. Орыс классиктерінің өмірі




мен шығармаларын қазақ зерттеу- шілерінің қалай танып-білгендігін, шығармаларын талдағанын көрсету үшін емес, орыс әдебиеттану ғылы- мының сол кездегі бағытын таныту үшін кейбір тұжырымдарын кел- тіре кеткен орынды. Өйткені, қазақ әдебиетінің тарихын, әрбір ақын-жа- зушының дүниетанымы мен шығар- машылығын бағалауға тәжірибесі мол орыс әдебиеттануының қандай ықпал жасағанын байқар едік.
«Алты жүз жылдан бері үзілмей келе жатқан ақсүйек тұқымнан шық- қан Пушкиннің либерализмі өзі- нің шаруашылығын капиталистік үлгімен қайта құруға ұмтылған ор- таша ақсүйектің салт-санасын көр- сететін либерализм» болса, «Лер- монтов алдыңғы қатарлы ақсүйек- тердің көзқарасын, күй шабытта- рын көрсетуші болып қала береді». Толстой «төрешіл чиновник, капи- тализмді өлтіре сынады, сүйте оты- рып қарсыласпа деп, диуаналық уағыз таратты», Чехов «өзінің жап- жақсы шығармаларын торығу, түңілу қасіреттер бұдан 100-200 жылдан кейінгі адамдар жақсы бола ма деген үмітсіз қиялмен жырлады» [52, 37]. Осы сипаттағы тұжырымды пікірлер қазақ әдебиеттану ғылымында ұлт ақын-жазушыларының шығармашы- лығын бағалауға әсер етпей қалған жоқ емес.
Қазақ әдебиеті оқулығына орыс дарындарын кіргізудегі осы автор-
лар салған бастама 30-жылдардағы барлық оқу құралдары мен хрес- томатияларда орын алды. Бұл қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жазу мен дәуірге бөлуде басты мән ат- қармағанымен, кейінірек ұлттық ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірді орыс әдебиеттану ғылымындағы маркстік- лениндік әдіснаманың бағыт-бағ- дарын ұстануға және оқулықтар мен хрестоматиялардың ғылыми-педо- гогикалық, оқу-әдістемелік дәре- жесін арттыруға әсерін тигізді. Қорыта айтқанда, «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әде- биетінің оқу құралындағы» әдебиет тарихын дәуірге бөліп тексерудегі жаңа жүйе, соны топшылаулар мен тұжырымдар зерттеушілік ой-пікір- дің тың бір қадам жасағанын бай- қатады. Оқу құралында көптеген эстетикалық-социологиялық мәселе- лердің беті ашылып, қазақ әдебие- тінің тарихын ғылыми арнамен жазу қажеттігін танытқан сәтті ізде- ністердің бірі болды. Қазақ әде- биеттану ғылымының туып, қалып- тасу процесіне осындай мәнді педо- гогикалық еңбектердің септігі тиген- дігін айқындала түсті.
1930 жылдардың бас кезінде жарық көрген оқу құралдары мен оқулық-хрестоматиялар тек әдебиет тарихын зерттеу мен дәуірге бөлуде ғана емес, жалпы әдеби-теориялық, әдеби-тарихи, ғылыми-зерттеуші- лік ой-пікірдің өсу, кемелдену, дәуір




талабына сай маркстік-лениндік әдіснаманы игере отырып тереңдеу жолын да көрсетеді. Бірақ, бұл про- цесс ешбір кідіріссіз алға баса бер- ген жоқ. Оған басты себептердің бі- рі «тұрпайы социологизмнің» қатты өріс алуы еді. Бұл теория әсіресе мек- тептерге арналған оқу құралдарын- да қатты сезілді. Тексеріліп отыр- ған дәуір әдебиетін тарихи тұрғыда зерттеп, даму жолын таныту мен көркем шығармашылыққа, жеке шы- ғармаларға ғылыми талдауға ерек- ше қадам жасаған оқу құралдарға қарағанда, оқулық-хрестоматияларда ақын-жазушының өмірінен қысқаша мәлімет беріп, өнерпаздық тұлғасына аз сөзбен баға беру тән болатыны бел- гілі. Бұл бағалаулар «тұрпайы социо- логизм» тұрғысынан айтылып қалып жатты. Осы кемшіліктер 1934 жылы М. Жолдыбаев, М. Қаратаев, Ә. Қо- ңыратбаевтар бірігіп құрастырған
«Әдебиет хрестоматиясынан» айқын көрінді. Онда ұлттық әдебиет та- рихы дәуірге бөлінбегенмен, ақын- жазушылар өмір сүрген кезеңіне бай- ланысты хронологиялық тәртіппен берілген. Әрқайсысының өмірбаяны келтіріліп, әдебиет тарихында ала- тын орны бағаланған. Авторлар «Ер- тегілер» және «Шаруашылық өлең- дер» деген алғашқы бөлімдерде бұл өлең-жырлар еңбекшілердің ой-ар- манын, ал негізінен таптық мүд- дені көрсететінін ерекше айта ке- ліп, төңкеріске дейінгі әдебиеттен
Ыбырай, Абай, М. Ж. Көпеев, С. То- райғыров шығармаларына кең орын береді. Олардың өмірбаянын сөз қылғанда ата-тегіне көңіл аударған. Сол себептен Ы. Алтынсаринді «Қа- зақ феодалдарының патша үкіме- тіне берілген, туып келе жатқан ка- питализмді мойындаған мәдениет- шіл жігінің ақыны» деп, ал Абайды
«қазақ феодалдар табының ақыны, құдайшыл ақын» деп таныстырады. М. Ж. Көпеев пен С. Торайғыровта молда-билерді, бай-болыстарды сы- нап-мінеу, әшкерелеу айқын көріне- тінін атап көрсете отырса да, «Мәш- һүр пролетариат ақыны болған емес. Ол негізінде буржуазияшыл-төң- керісшіл ақын, буржуазиялық ұлт қозғалысының солшыл ақыны» бо- лып бағаланады да, С. Торайғыровтың ағартушы-демократтық бағытынан көрі алашорданы жақтағанына баса тоқталып: «Алашорда жеңілгеннен кейін сары уайымға, торығуға түскен, тап тартысынан қашықтап, қысыр қиялға берілген, буржуазияшыл- ұлтшыл ақындардың бұқарашыл сол қанатының мәдениетшіл ақыны» екені ерекше көрсетіледі. Автор- лар бұл ақындардың шығармаларын маркстік-лениндік сыншыл көзқарас- та ғана оқып-пайдалану керектігін ескертуді де ұмытпаған. Хрестома- тияда бұлардан соң Сәкен, Бейімбет, Ілияс, С. Мұқанов, О. Бековтердің шығармашылығына орын беріп, өмі- рі, жазушылық жолы, қазақ проле-




тариат жазушылары екенін атап өтіп отырған. Орыс жазушыларынан Че- хов пен Горький кіргізілген.
Қазақ әдебиеттану ғылымында әдебиет тарихын зерттеу, дәуірге бөлу, жеке дарындарды бағалау жұ- мыстары қателіктерге ұшырай оты- рып, ізденіс жолында әр түрлі ба- ғыттарда болғанын, осы оқу құ- ралдары мен хрестоматия анық байқатады. М. Жолдыбаев, М. Әуе- зов, Ә. Қоңыратбаевтың «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» (1930) оқу құралында ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірдің ке- мелдене түсіп, бір саты жоғары кө- терілгенін көрсек, М. Жолдыбаев, Ә. Қоңыратбаев, М. Қаратаев құрас- тырған «Әдебиет хрестоматиясын- да» (1934) «тұрпайы социологизм» теориясының ықпалынан шыға алмай қалған. Оған осы еңбектер- ді қарастырғанда жоғарыда келті- рілген мысалдар айқын дәлел. Бұл оқулықтарды жазған авторларды мұқату үшін емес, ғылыми-зертеу- шілік ой-пікірдің өсу жолын, ұлттық әдебиеттану ғылымының туу кезеңі өте қиын жағдайда өткенін білдіру мақсатында бір мәселені айта кетейік. Арасында бір жыл ғана салып шыққан екі оқулықтың авторлары негізінен сақталған. Тек алғашқы оқулықтағы Мұқтар Әуезовті кейінде М. Қара- таев ауыстырған. Алғашқысында та- рихи тұлғасы біршама дұрыс баға- ланған Абайдың енді «қазақ фео-
далдар тобының ақыны, құдайшыл ақын», болып кетуінде көп сыр бар. Біріншіден, алғашқы кітап «тұрпайы социологизм» көзқарасындағы әде- би сын нысанасына түсіп тас-талқан болды. Екіншіден, «ұлтшыл – алаш- ордашылдыққа» қарсы күрес сал- қынынан М. Әуезовке сенімсіздікпен қараудың айыға қоймағанынан ха- бар береді. Үшіншіден, әдебиеттану ғылымының тууына көп үлес қос- қан әдебиетшілер ұсталғаннан ке- йін ғылыми-зерттеушілік ой-пікірде
«тұрпайы социологизм» мен маркс- тік-лениндік әдіснама мидай арала- сып тұрған әрі-сәрі халін байқатады.
Көркем шығармалар жинағы тү- рінде болып келген басқа хресто- матияларға қарағанда, бұл әдебиет хрестоматиясының, оқулық-хресто- матия сипатында шыққан алғашқы еңбектің, көңіл аударарлық бір бас- тамасы болды. Атап айтқанда, қазақ әдебиеті тарихының төңкеріске де- йін өмір сүрген жеке дарындары туралы ғана емес, сонымен қатар, өзінің жаңа заманға лайық идеялық- шығармашылық бағытын айқындай қалыптасып келе жатқан кеңестік қазақ әдебиетінің көрнекті ақын- жазушылары жайында да ғылыми сипаттағы тұңғыш тұжырымдарды кездестіреміз. Ғұмырнамалық, анық- тамалық, түсіндірмелік деректер жи- нақталып болашақ монографиялық зерттеулерге негіз боларлық алғаш- қы қадамдар жасалды. Осы бастама




кейін шыққан барлық оқулық хре- стоматияларда орын алды. Солардың бірі – Сәкен Сейфуллин мен Ө. Тұр- манжановтың «Көркем әдебиет» ат- ты оқулық-хрестоматиясы. Үлкен үш бөлімнен тұратын бұл оқулық- хрестоматиясының «Кеңес жазушы- лары» атты тарауында қазақ кеңес әдебиетінің ақын-жазушыларымен таныстыру негізгі мақсат болған. Б. Майлин, С. Сейфуллин, С. Мұ- қанов, І. Жансүгіров, Ғ. Мүсірепов- тердің өмірбаяны мен әдебиетке келу жолы көбіне ҚазАПП-тың құ- рылғанына алты жыл толуына байла- нысты «Жаңа әдебиет» журналында 1931 жылы жарияланған анкета-жа- уаптан үзінділер келтіре отырып то- лық баяндалса, Ж. Сыздықов, А. Тоқ- мағамбетов, Ө. Тұрманжанов, Қ. Әбді- қадыров, Т. Жароковтар туралы қыс- қаша ғана мәлімет берілген. Осы ақын- жазушылардың ең үздік деген көр- кем туындылары келтіріліп, соңынан әр автордың жырлаған тақырыбы, айтатын ойы, көркемдігі мен тілі жөнінде шағын әдеби-теориялық тал- дау түріндегі түсіндірмелер жасалған. Сонымен қатар, оқушыларға ұғымдар қалыптастыру мақсатында әңгіме, повесть, поэма, өлең, оның ұйқасы, тармағы, буын, ырғақ жайында әде- би-теориялық түсінік беріп отыр- ған. Мысалы, Т. Жароковтың «Бес жылдықтың балғасы» деген өлеңін талдай келіп: «Өлеңнің, жырдың ырғақ, жүйе, буын, ұйқас шумағы
неше түрлі болады. Қара сөзден өлең- нің айырмасы – өлеңде белгілі ұйқас, ырғақ, шумақ болады. Қара сөзде ол болмайды, болуы шарт емес», – деп мектеп шәкірттерінің ұғымына ла- йық анықтама береді. Сөйтіп, ең- бектің оқулық-хрестоматиялық си- патын айқындай түскен. Ғылыми- зерттеушілік сипаттағы ой-пікір анық көрінбегенмен, бұл ақын-жа- зушылар туралы айтылған алғашқы тұжырымдардың таныстыру мақса- тындағы мәні мен қазақ кеңес әдебиетінің өсу жолын көрсетудегі жаңашылдығын жоққа шығаруға болмайды. Авторлар «Кеңес Ода- ғындағы көршілес елдердің жазушы- ақындары» атты тарауда М. Горький, И. Крылов, Ә. Лагути, Ғ. Ғұлам, А. Тоқамбайұлын сөз еткенде де жоғарыдағыдай жүйені ұстанған. Ғылыми-зерттеушілік сипат «ХІХ ға- сырдың ақырындағы, ХХ ғасырдың басындағы қазақ ақындары» деп атал- ған тарауда қарастырылған ақындар туралы талдауларда анық көрінеді. Хрестоматияда осы дәуірдегі әде- биет өкілдерін таныстырардан бұрын
«Классик жазушылардың мәні» деген атпен қысқаша шолу беріледі. Онда әдеби мұраны түсінуде маркстік- лениндік көзқараста қарау қажет- тілігі түсіндіріле келіп, бұрынғы әдебиетті қалай оқып, білу керектігі мен таптық тұрғыда бағалау атап көрсетіледі. Авторлардың Абай мен Сұлтанмахмұтқа қоса О. Қарашевты




де классик деп санағанына келіс- песек те, бұлар туралы алдыңғы
«Әдебиет хрестоматияда» айтылған
«тұрпайы социологиялық» пікірлер кездеспейді. Абайдың ата-тегін қаз- баламай, орыс әдебиетінің ақын по- эзиясына тигізген ықпалына, жаз- ба әдебиетті тудырудағы еңбегіне, ағартушылық идеясына көбірек тоқ- талады. Ұлы ақынның осында бе- рілген «Аттың сыны», «Аңшылық туралы», «Жылдың төрт мезгілі» («Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс» өлеңдері топтастырылған. – Ж. С.) атты туындыларын талдағанда көр- кемдігі мен тіліне, өлең өрнегіне ай- рықша көңіл аударады. «Қазақ тілінің барлық байлығын, барлық тұлғасын Абай шығармалары толық көрсете алады. Оған қазақ тілін сұлулап, көркем нақыштап, әдемі кестелеп, әсерлі жыр, сұлу күйлі өлең қылып шығару ретінде де Абай – үлгі-өрнек болатын үздік шебер ақын. Сондық- тан Абай шығармаларының мәні зор» [53, 191]. Бұл пікір Абай туралы тұң- ғыш айтылмағанымен, оқу құралда- ры мен оқулық-хрестоматияларда ең алғаш рет «Абай – үстем тап ақыны» деген ұшқары бағасыз айтылды. Бұ- ған Абайдың қайтыс болғанына
30 жыл толуына байланысты зерт- теулер мен мақалалардың да әсері болғаны даусыз.
Ғ. Қарашевтың «Өрнек», «Ба- ла тұлпар», «Аға тұлпар» атты жи- нақтарындағы ағартушылық ба-
ғытты білімдарлықпен танып, шы- ғармашылығындағы ерекшеліктерін біршама дұрыс бағалайды. Дүние- танымдық көзқарасының қалып- тасуына 1905 жылғы қозғалыс пен Х. Досмұхамедов жазғанындай Шәң- герей ақын ықпал еткеніне тың де- ректер келтіреді. «Омар айтайын дегенін суреттей, бейнелей, әсіре- лей, анықтай сөйлеп, жырларын түйдектетіп, маржандай қылып шы- ғарады. Ырғақты, екпінді тілі қа- зақтың ескі бай ауыз әдебиетінің мүсініндей болып келеді, сондықтан оның тілі де бай», – деп ақындық табиғатының ерекшелігі де атап өтілген. Сол секілді С. Торайғыров шығармашылығын сөз еткенде «ала- шорданы» жақтау себебін ашып айт- паса да, «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген кінә тағылмаған. Керісінше,
«Кедей» поэмасы ақынның таптық көзқарасын анық танытатын, үстем тап заманының шындығын айқын бейнелеген реалистік туынды екеніне барынша көңіл бөлген. «Өткен өмір- дің нақтылы суретін баяндау Сұл- танмахмұттың «Кедейінен» көрінеді. Өлеңдері ыза, қайрат кернеген, бой- дан қайнап шыққандай екпінді ке- леді. «Кедей» – ең мәнді жазылған еңбегі», – деген пікір тұжырымдала айтылған. «Көркем әдебиеттің» со- ңында «Ауыз әдебиеті және оның түрлері» деген тақырыппен қазақ фольклорының мақал-мәтел, жұм- бақ, төрт түлік мал туралы өлеңдер




сияқты жанрларына да тоқталған. Негізгі мақсат фольклордың таптық сипатын ашу болған. «Бұрынғы ақ сүйек, байлар табының ауыз әдебиеті бар. Бұқараның ауыз әдебиеті, оның ішінде малшы-жалшылардың шы- ғарған, қара шаруаның шығарған ауыз әдебиеті бар. осы мұраны Ле-
нинше ұғып, пайдамызға асыру біз- дің әдебиетіміздің, әдебиетшілеріміз- дің міндеті», – деп ғылыми-зерттеу- шілік ой-пікір алдына әдебиеттің таптығы принципіне сай жаңа бағыт ұсынады [53, 200]. Негізінен алғанда, авторлар өткен дәуір әдебиеті неме- се совет тұсындағы әдебиет өкілде- рін тексергенде, қазақ әдебиет- тану ғылымында маркстік-лениндік әдіснаманың әдебиеттің таптығы принципін басты назарда ұстағанын анық байқаймыз. С. Сейфуллин мен Ө. Тұрманжановтың бұл оқулық- хрестоматиясы отызыншы жылдар- да қазақ әдебиеттану ғылымының жетілуіне өзіндік ерекшеліктерімен үлес қосқан еңбек болды. Әдебиет тарихында елеулі еңбек сіңірген да- рындардың творчестволық жолын дәуір шындығы деңгейінде бар қай- шылығы, жетістігі, көркемдігі тұр- ғысынан бағалауда мәнді үлгі көр- сетті.
Қазақ әдебиетінің хрестоматиясы- ның, оқулық-хрестоматиясының жә- не оқулығының әдебиеттану ғылы- мының туғызудағы рөлін әңгімелеген уақытта әр оқу құралының шыққан
мерзімін ескергендегі басты мақса- тымыз, әдебиет тарихының зерттелуі мен дәуірге бөлу процесінің қандай қиындықпен, қандай жолмен жүр- генін анықтау еді. Отызыншы жыл- дардың алғашқы жартысында ха- лық фольклоры мен ХVІІІ-XІX ға- сырлардағы қазақ әдебиеті тарихы кейде даралана, кейде қосарлана баяндалып, ал ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің кескін-келбеті, ағым-ба- ғыттары, маркстік-лениндік әдіс- нама принциптері белсене араласқан күннің өзінде де әлі толық дұрыс ғылыми шешім таба қоймағаны, жоғарыда біз сөз еткен оқу құралдары мен оқулық хрестоматиядан анық байқалады.
1930 жылдардың екінші жар- тысына қарай оқулықтардан көрі хрестоматиялық сипаты басым оқу құралдарын шығару тенденциясы орын алды. 1936 жылы С. Әлімбаев, Ә. Қоңыратбаевтың 3 класс үшін, 1937-1938 жылдары М. Әуезовтің VІ класс үшін, Үсеновтің ІХ класс үшін, М. Жанғалин мен С. Ерубаевтың Х класс үшін, Ә. Тәжібаевтың V класс үшін, Д. Әбіловтің VІІ класс үшін, С. Мұқанов пен Х. Бекхожиннің VІІІ, Х кластар үшін, Е. Ысмайыловтың ІХ класс үшін әдебиет хрестоматия- лары шығып, мектептерді оқу-құ- ралдарымен қамтамасыз етуді талап еткен дәуір тілегінің қажетіне жара- ды. Бәрін сөз ету мүмкін болмаған- дықтан бір-екеуіне қысқаша тоқтала




кеткен жөн. М. Әуезовтің орталау, орта мектептердің VІ класына арнал- ған «Әдебиет-хрестоматиясы» халық ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске байланысты туған жырларға дейін- гі аралықтағы шығармаларды бер- ген, ешбір талдау түсіндірмелер жоқ, таза хрестоматиялық жинақ түрінде болды. Бұнда фольклорлық нұс- қалардан соң, Крылов, Махамбет, Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Шев- ченко, Абай, Некрасов, Ыбырай, Тол- стой, Сұлтанмахмұт шығармаларына кең орын берілген. Бұл хрестома- тиялар оқушы шәкірттердің білімін молайтуға, әдеби-эстетикалық таны- мын көтеруде ғана болмаса, қазақ әдебиеттану ғылымының туып, қа- лыптасу жолына пәлендей еңбек сіңірді деп айта алмаймыз. Соны- мен қатар, бұл оқулықтардың да ғұ- мыры ұзаққа бармады. Сталиндік зұлматтың «халық жауларын» әш- керелеу науқанына орай көптеген оқулықтар қолданудан шығарылып тасталды. Жеке ғылым саласы ре- тіндегі кескін-келбетін енді таны- тып келе жатқан қазақ әдебиеттану ғылымына әдебиет тарихын зерттеу мен оқулықтар жазу проблемасы тағы да қойылып, оларды тек маркстік- лениндік әдіснаманың сталиндік бұ- ралаң жолдарының талап-тілегіне сай орындау керек болды.
Қазақ интеллигенциясының ба- сына екінші рет төнген осындай
қиын-қыстау кезінде Е. Ысмайылов пен Т. Ақшолақовтың 1938 жылғы құрастырған «Әдебиет хрестоматия- сы» ғылыми-зерттеушілік сипат- тағы оқулық-хрестоматия дәреже- сінде көрінді. Мұнда әрбір жазушы жөнінде өмірбаяндық толық де- ректер, шығармаларына әдеби-тео- риялық, шығармашылығына әдеби- тарихи талдаулар беріліп отырылған. Біздің ойымызша, осы оқулық- хрестоматиялар өз кезеңінде үш бірдей үлкен міндетті абыроймен атқарып шықты. Біріншіден, мек- тептерде хрестоматиялық жинақтың міндетін атқарса, екіншіден, оқулық, оқу құралының да орнына пайдала- нылды. Ал үшіншіден, әдебиет та- рихын зерттеу, ондағы жеке дарын- дардың алатын орнын белгілеу мен дәуірге бөлу жұмысын да қоса ат- қарды. Әдебиет туралы ғылым өзінің туғандығын дәлелдеп келе жатқан кезеңі үшін – бұл маңызды міндеттердің бірі. Оны біз жоғарыда сөз еткен М. Жолдыбаев, М. Әуезов, М. Қаратаевтар құрастырған, С. Сей- фуллин мен Ө. Тұрманжановтар шы- ғарған «Әдебиет хрестоматиялары- нан» бір көрсек, енді Е. Ысмайылов пен Т. Ақшолақовтың оқулық-хрес- томатиясынан тағы да байқар едік.
Бұл оқулық-хрестоматия ғы- лыми-зерттеушілік ой-пікірде маркс- тік-лениндік әдіснаманың толық үстемдік алғанын ғана емес, ұлт- тық әдебиеттану ғылымының туған-




дығын, енді осы әдіснама талапта- рына сай даму жолын бастайтынын да дәлелдеп берді. Ғасыр басынан бері келе жатқан әдебиетті тарихи тұрғыдан тану жолындағы әдеби- тарихи ізденістер мен көрнекті да- рындардың шығармашылығы туралы әр түрлі сипатта айтылып, әр мақала, әр оқу құралында шашылып жүрген ғылыми көзқарастағы пікірлер мен тұжырымдарды бір жүйеге түсіре баяндап берді. Авторлар «тұрпайы социологизм» теориясының ықпа- лымен ғана емес, «ұлтшыл-алашор- дашылдыққа» қарсы күрестің әсері- нен тым артық айтылған пікірлер- ді де түзетіп, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің кең өріс алуына бастай- тын тың жатқан проблемаларды да көрсетіп берді. Сондықтан әр ақын- жазушы шығармашылығын зерттеу- дегі соны ойлардың айтылуын ұзақ- сонар баяндаудан көрі, осы өзекті мәселелерді атап өтсек те жеткілікті. Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт мұрасын зерттеуде, олардың дүние- танымын, өнерпаздық тұлғасын ба- ғалауда, ағартушылық көзқарастары мен сыншыл реализмін тереңдете ашуда, мына бағыттарда тексеру қа-
жет дейді.

  1. Ыбырай – тұңғыш педагог-ағар- тушы, жаңашыл, прогресшіл, қазақ- тың таза әдеби тілі мен прозасының негізін салушы.

  2. Абай – өз заманының сыншы- сы, көркем әдебиет тілінің негізін

салушы, үлкен классик, көркем сөз шебері, новатор.

  1. Сұлтанмахмұт – әділет іздеген шыншыл да сыншыл, Абайдан кейін- гі ұлы реалист, классик ақын.

Әрине, маркстік-лениндік әдісна- маға сай осы дарындар мұрасының халықтық, таптық сипатын таныту- да жаңа тұжырымдар да айтылып отырылған. Ыбырайдың еңбек тақы- рыбындағы шығармаларына, Абай- дың саяси-әлеуметтік лирикасына, Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлу» ро- манына жасалған ғылыми талдаулар көңіл аударарлық.
Хрестоматияда Шәңгерей, Нар- манбет, М. Ж. Көпеев, О. Қарашев, С. Дөнентаев творчествосынан сол кезең идеологиясына сай келмейтін қайшылықтарды іздей отырып, за- ман талабына тән баға берілсе, С. Көбеев пен 1916 жылғы ұлт-азат- тық көтеріліске байланысты туған жырлар оқу құралы жүйесіне ең алғаш рет кіргізілген. Оқулық-хрес- томатия болғандықтан көркем шы- ғарма мәтіні мол берілуі және мо- нографиялық портреттің мектеп оқу- шыларының жас ерекшелігіне лайық болуын ойлағандықтан авторлар тал- дау, зерттеу барысында еркін құлаш сермеп тереңдеп кете алмағандығы байқалады.
Сонымен, Ұлы Отан соғысына дейін қазақ мектептері хроноло- гиялық тәртіппен жасалған жүйелі хрестоматиялар мен оқулықтармен




қамтамасыз етіліп, әдебиет саба- ғын жоғарғы кластарда тарихи- әдебиеттік курс болып оқыту қа- жеттігі айқын сезіле бастауы қазақ әдебиеттану ғылымының нақты ту- ғандығын, енді даму жолына бет бұрғандығын көрсетеді. 1939 жылы Ш. Кәрібаев пен А. Көшімбаев мек- тептегі әдебиет сабағының жаңа бағдарламасын жасап, оны мұғалім- дердің, әдебиетшілердің мәжілісі- не талқыға салды. Онда 8, 9, 10 сы- ныптарда әдебиетті оқыту тарихи- әдебиеттік курс принципінде жү- руін ұсынып, қазақ әдебиеттану ғылымының алдына қазақ әдебиеті тарихының даму жолдары, көрнекті өкілдері және әр дәуірлері тура- лы жүйелі білім беретін, нақты ғы- лыми қорытындылар жасалған оқу құралдары мен оқулықтар жасау міндетін қойды. Қазақ ССР халық комиссариаты бекіткен осы бағ- дарламада ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихынан екі оқулық жасау көзделінген. Бірі – Октябрь- ге дейінгі әдебиеттің даму процесін баяндаса, екіншісі, қазақ совет әде- биетінің туу, қалыптасу кезеңдерін тексеруге тиіс болды. Осы міндет негізінен Е. Ысмайыловқа жүкте- лінді.
Е. Ысмайыловтың осындай дәуір талабынан туған «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» оқулығында мы- нандай дәйектеме берілген: «Бұл еңбек ХХ ғасырдың алғашқы
15-16-жылындағы қазақ әдебиеті- нің тарихынан жазылған алғашқы еңбек деуге болады. Мұның үстіне, ХХ ғасырдың революцияға де- йінгі қазақ әдебиеті бір өрісті әде- биет емес, тіл, түр жөнінде де, стиль және идеялық мазмұн жөні- нен де бірнеше ағымдарға жіктел- ген, кейбір бұқарашыл деген ақын- жазушылардың кейбір шығарма- ларында да буржуазияшыл-ұлтшыл- дық сарындағы қайшылықтар бар. Міне, бұл сияқты бұрын зерттел- меген әдебиет тарихынан мектеп оқушыларының білім көлеміне сәй- кестіріп программа бойынша оқу құралын жазып шығару, әрине, оңай жұмыс емес. Сондықтан, тұңғыш жазылған бұл сияқты әдебиет оқу құралында кемшіліктер мен қателер болуы мүмкін. Кітаптың келесі ба- сылуында түзетіліп, стабильдік оқу құралы болып шығуы үшін жалпы оқулықтар мен мұғалімдер жұрт- шылығы кемшіліктерін көрсетіп, ат салысып көмегін тигізер деп сенеміз» [54, 2].
Осы оқулықта ХХ ғасыр басын- дағы қазақ әдебиетінің даму процесі біршама тарихи-әдеби шындыққа негізделіп жазылғанын, соны прин- цип негізінде ғылыми пікір тұжырым- далғанын байқаймыз. Е. Ысмайы- лов революция қарсаңындағы қазақ әдебиетінің даму жолын іштей жік- тей, жүйелей, ақындар шығармала- рын түгелдей болмағанмен, солардың




мәнді үлгілерін танып-білуге және ғылыми-эстетикалық талдау жасауға айрықша назар аударған. Бұрынғы- ға қарағанда әдеби процестің ішіне кіріп, ажырата жіктеу принципінің бой көрсетуі қазақ әдебиеттану ғы- лымының өрелі биікке қол созғанын аңғартады. Осы ғылыми тенденция жетекші бағыт болып, кейінгі кезде дамытыла, жетілдіріле баяндалып ке- леді. Әрине, соңғы еңбектерде атау терминдер әр қилы және ақын-жазу- шыларды белгілі бір ағымның өкілі санау әр алуан болғанымен, жалпы ой аңғарының арғы бастауын тану қиын емес.
Е. Ысмайыловтың «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» оқулығының осындай ғылыми жүйесін айта отырып, әдеби процесті іштей жіктеп-талдауында бірқыдыру ұтымдылық та, сондай-ақ кемшілік те барын тасада қалдыр- мау керек. Оқулық үлкен кіріспе- мен ашылып, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі біршама жүйелілікте баяндалады, соны де- ректер мен тарихи мағлұматтар мол келтіріліп отырылады. Ой өрбіту, пікір түйіндеу жөнінде де ғылыми еңбектің сүрлеуі танылады. Алайда, қазақтың жазба әдебиетінің өкілде- рін ағым мен бағытқа бөлуі сақтана қарауды талап етеді. Ең алдымен
«сыншыл реализм әдебиеті», «демо- кратияшыл әдебиет» деп екі үлкен топқа жіктеуінің өзі барынша шарт- ты екені аңғарылады. Соның салда-
рынан, жалпы әдеби даму процесі жан-жақтылықтан гөрі, бір қырындау әңгімеге өзек болған. Бұл сипаттан қазақ әдебиеттану ғылымы арылып болды деу қиын.
Ал «сыншыл реализм әдебиеті» мен «демократияшыл әдебиет» деген жіктеулердің өзінде үлкен айқындық жетіспейді, олар бір өрісте болып көрінеді. Нақты айтсақ, «сыншыл реализм» әдебиеті ХХ ғасырдың ал- ғашқы 15-16-жылдарында туған де- мократияшыл әдебиетпен бір ба- ғыттағы, алдына қойған мақсаты бір әдебиет» дегені – осының айқын дәлелі. Ал автор бұл дәуірді қалай- ша жіктеді дегенге назар аударсақ, онда «ХХ ғасырдың алғаш 15-16-жы- лындағы қазақ жазушыларында екі ұрпақ жазушылардың творчество- лық беті айқын көрінеді. Бірінші – әуелгі ұрпақ, сыншыл реалист жазу- шылар (Омар, Нарманбет, Нұржан, т.б.). Бұл жүйелі жазушылардың шығармасындағы бір өзгешелік – прогресті жақтайды, оны ұрандайды, халық басындағы аянышты халдерді көріп, соған қайғырады, мұңаяды. Екінші жағынан, кейде ескі көшпелі ауылды да көксейді.
Екіншісі – соңғы ұрпақ, 1910 жыл- дардан бастап қалам ұстаған жас жа- зушы-ақындар (Сұлтанмахмұт, Сә- бит, Ә. Ғалымов, т.б.).
Бұлар шығармасындағы бір ерек- шелік қайғы-зарға салынбай, опти- мизмде жырлайтындығы, мақсатты




талаптарын ашық қоя білетіндігінде, қазақ ауылындағы тап күресін дұ- рыс байқайтындығында. Бірақ бұл екі ұрпақ жазушылар негізінде бір- біріне қайшы бағыттағы әдебиет ағымы емес, қайта жалпы әлеумет- тік бет алыстарында бір-бірін жақ- тай отыратын жазушылардың топта- ры», – деп ажырата жіктеп, қайтадан тұтастырып жіберуінен әдебиет- тің таптығы принципіне сай туған шарттылықтың сипатын аңғару қиын емес [54, 7].
Оқулықтағы тағы бір үлкен мәселе – сыншыл реализм деген терминді қолдану жайы. Е. Ысмайы- лов сыншыл реализмді көркемдік әдіс тұрғысынан емес, идеялық ны- сана дәрежесінде түсініп, ғылыми қателікке ұрынған. Шындығына кел- генде «Қазақ әдебиетінде сыншыл реализм әдебиеті Асан қайғы, Бұқар жыраудан басталып, Шортанбай- дың заманында толық қалыптасты. ХІХ ғасырдың 50-60-жылдары от- аршылдар мен аға сұлтандар елді қырумен, талаумен, атып-шабумен халықтың айбынды ерлік күрестерін басу нәтижесінде туған ауыр жағ- дай, ауыр қайғы, мұң-зардың болуы сыншыл реализм әдебиетін туғыза- ды (Шортанбай, Әубәкір, Мұрат)», – деп тұжырымдауына қарағанда, сын- шыл реализмді көркемдік әдіс ма- ғынасында емес, әр ақын-жазушы- лардың шығармасының мазмұнына лайықтап, сынап-мінеу тұрғысынан
ғана түсінгендігін шамалауға бола- ды. Қазақ әдебиеттану ғылымында сыншыл реализмнің теориялық негізі бұл кезде толық айқындалмағанын ескерсек, мұндай қате көзқарасқа ұрыну бір себептен түсінікті де еді.
Міне, сондықтан алғашқы бас- таудан кеткен қателік авторды екін- ші қателікке жетектеген. Оны біз демократияшыл әдебиетке берген анықтамасынан байқаймыз. «Қа- зақтың демократияшыл әдебиетінің негізі – фольклорда. Демократия- шыл әдебиет ағымы Абай шығарма- ларында басталған болатын, ал ХХ ғасыр әдебиетінде демократияшыл әдебиет дамып, шын мәнінде жа- салды. Демократияшыл әдебиеттің ерекшелігі не еді? Мұның идеялық көркемдік беті, өрісі қандай болды?
Бұл әдебиеттің алдына қойған та- лаптары, алған тақырыптары халық өмірінің ең түйінді мәселелері болып отырды. Халықтың саяси правосы, рухани-экономикалық құлдықтан азат болуын жылау-жалбарыну жолымен, немесе тәңірден тілек тілеу жолымен емес, күреспен, қалың бұқараның күшін біріктіру жолымен жеңу, ке- лешектен жақсылық күту», – деген тұжырым жалпы сыншыл реализмнің мән-мақсатын, негізгі идеялық ны- санасын жыға түсінбеуден туған. Сол себептен де сыншыл реализм- ге тән сипаттарды демократияшыл әдебиетке оп-оңай дарыта салғанын көреміз. Әйтсе де жаңа көзқарастағы




«демократияшыл әдебиеттің көр- некті өкілдері – С. Торайғыров, С. Көбеев, С. Дөнентаев, Ә. Ғалымов, Б. Өтетілеуов, М. Ж. Көпеев, т.б. Бұл ақын-жазушылар заманға, халық тағ- дырына байланысты әлеуметтік мә- селелерде өздерінің көзқарастарын өте ашық айтады. Бұлар мұңға бату, жалтақтау дегенді білмейді», – деген пікірдің ғылыми нақты айтылғанын дәлелдеп жатудың қажеттігі шамалы.
Осы кездегі ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің әдебиет тарихын тануға деген жаңаша көзқарасының әсері Е. Ысмайылов еңбегінен байқалады. Ол өзі сыншыл реализмнің өкілі деп таныған Н. Орманбетовтің, Ғ. Қа- рашевтың, Н. Наушабаевтың, демо- кратияшыл әдебиеттің ең көрнекті өкілі деп тапқан М. Ж. Көпеевтің шығармашылығының ерекшелігін ба- рынша ашып көрсетуге ұмтылдырып, бірақ бәрін де бүкіл халық қамқоры етіп баяндауға жетелеген. Оқулықта ұлттық әдебиеттану ғылымының енді ғана туған кезеңіне тән олқылықтарды айтқан уақытта, автордың ғылыми- эстетикалық талдауларының жүйелі екенін, өз ой-пікірін дәлелдеп айта алатындығын, қазақ әдебиеттануы мен сынының өкілдері ғылыми па- расат таныта бастағанын байқамасқа еш болмайды.
Оқулықтың үшінші бөлімі – ха- лық шығармашылығының ерек- ше танылған шағын ұтымды әңгі- мелейді. «1916 жылғы көтеріліс
және халық поэзиясы» деген мәнді тарауда ұлт-азаттық күрестің ішкі себептеріне, Аманкелді образының жасалу жолдарына, «Бекболат» поэ- масының ерекшеліктеріне, халық поэзиясының түрлеріне айрықша на- зар аудара келіп, «1916 жылғы халық көтерілісінің поэзиясы ХХ ғасыр- дағы революция алдындағы дәуірде революцияшыл поэзияны тудырып, жаңа туашақ қазақ совет әдебиетіне ұштасқанын» орынды атап көрсетеді. Оқулықтың төртінші бөлімінде қазақ әдебиеттану ғылымында тұң- ғыш рет кітаби ақындар шығарма- шылығына көңіл бөлініп, Жүсіпбек Шайхисламов шығарған «Мұңлық- Зарлық» дастанына көлемді талдау жасалады. Бірақ, бұл бастама кейінгі уақытта қолдау таппай қалғанын, жал- пы әдебиет тарихынан өзіне лайықты орын ала алмай, оның көп өкілдері арнайы зерттелмей келе жатқанын айтып өткен жөн. «Қазақ әдебиетінің тарихы» көп томдығындағы «Қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен бай- ланысы» деген тарау бұл саладағы міндет-парыздың бәрін түгел атқара
алмасы анық.
Қорыта айтқанда, Е. Ысмайылов- тың бұл оқулығы бірқыдыру кем- шілігіне қарамастан, ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің жай күйін, даму барысын, дарынды өкіл- дерінің шығармаларын танып-білуге және ғылыми тұрғыда зерттеуге кең жол салып берген еңбек болды.




Ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің қазақ әдебиетінің тарихи толық курсын жасауды нақты қолға алуы, 1920-1930 жылдардағы әдебиеттің де даму-өркендеу процесін зерттеп, оқу бағдарламасына арнайы жүйеде енгізуді талап етті. Оның алғашқы оқу құралы «Қазақ совет әдебиеті» деген атпен 1942 жылы жарық көрді. Оны Е. Ысмайыловтың басшылығымен Қ. Бекхожин, С. Айтмұқанов, С. Сейі- товтер жазды. Оқулықта «ұлтшыл» атанған арыстарымыздың шығарма- шылығын былай қойғанда, «халық жауы» делінген ақын-жазушыларға орын берілмегені айтпаса да түсінікті. Сондықтан да кеңестік идеология та- лаптарына ғана сай жазылған, ұлт- тық ғылыми-зерттеушілік ой-пікірге айтарлықтай ештеңе қоса алмаған кезеңдік қана еңбек болып шықты.
Отызыншы жылдардың аяғында
қазақ әдебиетінің тарихын дәуірге бөлу проблемасын арнайы сөз еткен бірнеше мақалалар ұлт әдебиетінің ғылыми, тарихи курсын жасау жо- лында нақты ұсыныстар білдірді. Е. Ысмайылов «Қазақ әдебиетінің тарихын жасау туралы» деген ма- қаласында дәуірге бөлуді мынандай үлгіде салалайды [55].

    1. Қазақ фольклоры.

    2. ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті.

    3. ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Негізгі жүйесі дұрыс болғанмен,

ХVІІІ ғасырға дейінгі ақын-жырау-
ларды ауыз әдебиетіне қосып жіктеуі ғылыми тұрғыда дәйексіз болды. Оған қоса автор әр дәуірді іштей кезең-кезеңге сараламай, жалпыла- ма сөз етіп кеткен. Ал Қ. Жұмалиев қазақ әдебиетінің тарихын Бұқар жыраудан бастау керек деген жаңа пікірді ұсына келіп, оны:

  1. ХVІІІ ғасырдың екінші жарты- сындағы әдебиет.

  2. ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет.

  3. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиет.

  4. ХХ ғасырдың басындағы әде- биет, – деп бөледі [56].

Қазақ әдебиеттану ғылымының туу кезеңі үшін маңызы болғанымен, дәл осы дәуірлеу кейінде бұлжымас концепцияға айналып, ұлттық әдебие- тіміздің арғы арналарын көркемдік дамудың тарихи сабақтастығы прин- ципіне орай тексеруге кедергі келтір- гені мәлім.
Бұл мәселеге тың бағыттағы ой айтуға ұмтылған С. Мұқанов ХІХ ға- сырға дейінгі әдебиетті:

  1. Алтын Орда тұсындағы әдебиет.

  2. Астрахань, Қазан хандықтары- ның тұсындағы әдебиет.

  3. Ақтабан-шұбырындының тұ- сындағы әдебиет, – деп дәуірлейді. [57]. Бірақ 1942 жылғы оқулығын жазу барысында Қ. Жұмалиевті қостап кеткен. ХVІІІ ғасыр әдебиетінен Бұ- қар жырауды ғана алып, ХІХ ғасыр әдебиетін іштей «Бостандық күресі»,




«Зар заман» деген кезеңдерге жіктей отырып, Абайға дейінгі ақын-жырау- ларды жатқызған.
1930 жылдардың соңында мек- теп пен оқу орындарын тұрақты оқу құралымен қамтамасыз ету, әде- биетті оқытуды тарихи-әдебиеттік курс принципінде жүргізу мәсе- лелері көтеріліп, Қазақ ССР Оқу комиссариаты 1941 жылы респуб- ликалық мұғалімдер съезінде қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеу ар- найы талқыланбақ болмақ еді. Б. Кен- жебаевтың осы съезде «Қазақ әде- биетін дәуірлеу мәселелері тура- лы» тақырыбындағы баяндамасы- ның негізгі түйіні «Социалистік Қазақстанда» жарияланып, толық нұсқасы сәл кейінірек жарық көрді. Автор мақалалар мен оқу құрал- дарындағы дәуірге бөлуде жасалған алғашқы үлгілерді нақтылай келіп, қазақ әдебиетінің тарихи даму жолын ғылыми негізде жүйелеудің тың жо- лын ұсынады [58].
І. Қазақ хандығы тұсындағы әде- биет, яғни, XV ғасырдың ортасы- нан бастап ХVІІІ ғасырдың соңына дейінгі әдебиет.
ІІ. ХІХ ғасырдың алғашқы жарты- сындағы әдебиет.
ІІІ. ХІХ ғасырдың екінші жарты- сындағы әдебиет.
ІV. ХХ ғасырдың алғашқы 20-жы- лындағы әдебиет.

  1. Совет әдебиеті.

Қазақ әдебиетін дәуірге бөлу проблемасының ғылыми-зертеуші- лік сипатта қарастырылып, жоғары- дағыдай дәрежеде шешілуі қазақ әдебиеттануының туу дәуірі үшін аз табыс емес екені анық.
Сонымен, осы тараудағы Ұлы Отан соғысына дейінгі оқу құралдары мен оқулықтарды қарастырғанда, қазақ әдебиеті тарихының мектептік курсы жасалып, әдебиеттану ғылымы туып, өркен жайды деген тұжырымды қо- рытындыға келеміз. Мектепті оқу- лықпен қамтамасыз ету, оған жүйелі курс жасап беру тек мәдени-әлеу- меттік тұрғыдан ғана емес, ғылыми- педагогикалық жағынан да айрықша атап өтетін және қазақ әдебиеттану ғылымының туып, енді қалыптасу кезеңінің басталғанын танытатын социологиялық, эстетикалық мәнді құбылыс болды.
Қазақ әдебиетінің тарихын дә- уірлеу проблемасы 1930 жылдардағы мектепті әдебиеттік оқу құралымен қамтамасыз ету ісі арқылы ғылы- ми негізге қойылды. Оның алғашқы оқулықтан бастап қалай жіктелгені, бірте-бірте қалай нақтыланғанына осы тараудағы оқулықтарды сөз ет- кенде келтірілген деректер айқын дәлел. Әдебиет тарихын дәуірлеу мәселесі әдебиет тарихын жасаудағы ең негізгі проблеманың бірі бол- са, оны қазақ әдебиеттану ғылымы өзінің туу кезеңінің өзінде біршама дұрыс шешіп алды. Бұл дұрыс шешіп




алу – кейінгі ғылыми зерттеулердің бәріне негізгі өзек, басты арна болды да, уақыт озған сайын осы ғылымның қалыптасу, өсу, өркендеу жолына бай- ланысты толысып отырылды. Соны- мен қатар, әдебиет тарихын жүйелеу үлкен ғалымдық парасаттылықты, сыни-эстетикалық таным-білікті та- лап ететінін ескеретін болсақ, соғыс- қа дейінгі дәуірдегі оқулық жазу мен
әдебиет тарихын жасауда ұлттық әдебиеттану ғылымының ғалым- зерттеуші, сыншы, әдебиетші кадрла- ры жасақтала бастады. Қорыта кел- генде, ғасырымыздың ұлы жазушысы М. Әуезовтің «әдебиеттану жүйесі бізде орта мектепте оқу құралын жа- саудан туды» деген пікірінің асқан білімдарлықпен айтылғанына куә бо- ламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет