Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет14/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   295
Экономикалык теория

1. Позитивті экономикалық талдау – бұл қазіргі экономиканың 
дәл өзін сипаттайтын нақты қалыптасып отырған құбылыстар мен 
деректер негізінде алынған шындық жайттар. Талдаудың бұл түрі 
субъективтік бағалауға ие болмайды.
2. Нормативті экономикалық талдау – бұл қандай да бір елдің 
экономикасы туралы субъективтік бағалауларды қарастыру негізінде 
экономикалық саясатты іске асырудың кепілдемелері. Талдаудың бұл 
түрі кезінде орын алатын субъективтік бағалаулар экономика үшін 
қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.
Позитивті және нормативті талдаудың арасындағы айырмашылық 
оларда субъективтік бағалаулардың орын алуынан көрінеді. Бұл 
айырмашылықты дәлме-дәл көрсете білген ағылшын экономисі Джон 
Невилл Кейнс (Джон Мейнард Кейнстің әкесі) болды. Оның ойынша, 
позитивті экономикалық ғылым не бар деген сұраққа жауап береді. Ал 
нормативті экономикалық ғылым экономика қандай болуы керек және 
мақсаттарға жету үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап іздейді.
Экономикалық құбылыстар мен мәселелердің күрделілігі 
экономикалық ғылымдардың жіктелуіне алып келеді. Олай болса, 
экономикалық теория барлық экономикалық ғылымдарды үшке бөліп 
көрсетеді:
1. Жалпы экономикалық ғылымдар, оларға экономикалық 
тарих, экономикалық ілімдер тарихы және басқа да ғылымдар кіреді. 
2. Қолданбалы экономикалық ғылымдар, оның өзі екіге 
бөлінеді: а) функционалдық экономикалық ғылымдар: қаржы, 
несие, банк ісі, маркетинг, бухгалтерлік есеп және т.б., ә) салалық 
экономикалық ғылымдар: ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, 
сауда, өнеркәсіп, т.б.
3. Біріктірілген экономикалық ғылымдар, оларға экономикалық 
география, экономикалық құқық, экономикалық информатика
математикалық экономика және басқалары жатады.


20
Кез келген ғылым сияқты экономикалық теория бірнеше 
қызметтерді атқарады. Экономикалық теорияның экономикалық 
ғылымдар жүйесіндегі рөлін ескере отырып, оның төмендегідей 
қызметтерін бөліп көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет