Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет283/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   295
Экономикалык теория

Сұраныс заңы – тауардың бағасы мен оның сатып алу көлемі 
арасындағы кері байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным.
Сұраныс қисығы – сатып алушының белгілі бір уақыт аралы-
ғында әртүрлі бағамен тауардың немесе қызметтің қандай да бір 
көлемін сатып алуға деген дайындығын көрсететін қисық сызық.
Сұраныс инфляциясы – жиынтық сұраныстың өсуімен байланыс-
ты туындайтын инфляция.
Сұраныс көлемі – сатып алушының белгілі бір уақыт мезетінде 
белгілі бағамен сатып алғысы келетін тауарларының немесе 
қызметтерінің жалпы шамасы.
Сұраныстың бағалық икемділігі – тауарға сұраныстың пайыз-
дық өзгеруінің оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы; тауар 
бағасының өзгеруіне сұраныс көлемінің өзгеру реакциясы.
Сұраныстың қиылысқан икемділігі – бір тауарға сұраныстың 
пайыз-дық өзгеруінің екінші бір тауар бағасының пайыздық өзгеруіне 
қатынасын білдіретін коэффициент. Коэффициенттің оң мәнді 
болуы тауарлардың өзара алмастырушылар, ал теріс мәнді болуы 
тауарлардың өзара толықтырушылар екендігін көрсетеді.
Сұраныстың табыс бойынша икемділігітабыс көлемінің 
пайыздық өзгеруінің тауар бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы.
Сыртқы қарыз – мемлекеттің шетел азаматтарына, фирмаларына 
және мекемелеріне деген борышы.


349
Сэй заңы – тауарлар мен қызметтер өндірісі (жиынтық ұсы-
ныс) соларға тең жиынтық сұранысты тудырып отырады деген 
макроэкономикалық қағида (шешімін таппаған теория).
Табыстардың теңсіздігі – елде өндірілген жиынтық табыстың 
жекелеген тұлғалар мен жанұяларға тең бөлінбеуі.
Таза бәсеке – стандартты тауарлар сататын фирмалар санының көп 
болуы, салаға еркін кіріп одан шыға алу мүмкіндіктерінің болуы, жеке 
сатушының сатылатын тауарының бағасына бақылау жасай алмауы, 
бағалық емес бәсекенің болмауы, сатып алушылар санының көп болуы 
сияқты шарттары орындалатын нарықтың жағдайы.
Таза монополия – фирманың жақын алмастырушысы жоқ ерекше 
тауарды сатуы, салаға кіру мүмкіндігі жоқтығы, сатылатын өнімінің 
бағасына толықтай бақылау жасай алуы сияқты шарттар орындалатын 
нарықтың жағдайы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет