Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет285/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   295
Экономикалык теория

Тігінен қосылу – дайын өнімнің әртүрлі сатыларын жүзеге 
асыратын екі немесе одан да көп фирмалардың біртұтас фирма болып 
толығуы.
Тік кесінді – толық жұмысбастылық жағдайында өндіріс көлемінің 
толық өндірілуін сипаттайтын жиынтық ұсыныс қисығының тік 
сегменті.
Туынды сұраныс – дайын игіліктердің сұранысына тәуелді болып 
табылатын ресурстарға деген сұраныс.
Тұрақты шығындар – фирманың өндіретін өнім көлеміне тәуелді 
болмайтын шығындар.
Тұтынуға деген орташа бейімділіксалықтарды төлеп 
болғаннан кейінгі үй шаруашылықтарының тұтыну тауарлары мен 
қызметтерін сатып алуға жұмсайтын табыстарының бір бөлігі; тұтыну 
шығындарының қолда бар табысқа қатынасы.
Тұтынуға деген шекті бейімділік – қолда бар табыстың кез-
кел ген өзгеруіндегі тұтыну тауарларына кететін шығындардың 
үлесі; қолда бар табыс өзгерісінің тұтыну шығындарының өзгерісіне 
қатынасы.
Тұтынушылық бағалар индексі – тұтынушының статистикалық 
орташа есеппен сатып алатын құрамына 300-ден астам тұтыну 
тауарлары кіретін «тұтыну қоржынының» бағалар деңгейін өлшеу 
үшін қолданылатын индекс.
Тұтынушының егемендігі – шектеулі ресурстармен өндірілетін 
тауарлар мен қызметтердің түрлеріне тұтынушының еркін таңдауы-
ның болуы.
Ұзақ мерзімді тренд – көптеген жылдар аралығында экономика-
лық белсенділік деңгейінің көтеріліп немесе төмендеп отыруы.
Ұлттық табыс – ресурстардың жалпы ішкі өнім өндірісіне қосқан 
үлесі үшін сол ресурс иелерінің жалақы, пайыз, рента және пайда 
түрінде алатын жиынтық табыстары.


351
Ұсыныс – сатушының белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір 
бағамен тауардың немесе қызметтің белгілі бір көлемін нарықта сатуға 
деген дайындығы және сата алу қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет