Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет59/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   295
Экономикалык теория

«Алтын стандарт» - бұл негізгі валютаның рөлін алтын атқаратын, 
бірақ айналыста оған айырбасталатын ақша белгілері болатын ақша 
жүйесі. Алтын стандарттың негізгі үш нышаны бар: алтын монеталық, 
алтын құймалық және алтын девиздік.
Алтын монета стандарты жағдайында қағаз ақшалар белгілі бір 
көлемде алтыны бар ақшаларға еркін айырбасталады. 
Алтын құйма стандарты кезінде ірі сомадағы банкноталар 
берілген жағдайда ғана құйма түріндегі алтынға айырбасталады 
(мысалы, Францияда ХХ ғасырдың 20-жылдары 215 мың франкіден 
кем емес сома 12,7 кг. салмақтағы алтын құймаға сәйкес келді
Англияда 1800 фунт стерлингке 12,4 кг. алтын құйма алуға болатын 
еді).
Алтын девиз стандарты банкнотаны тікелей алтынға емес
кейіннен алтын құймаларға айырбастайтындай етіп, басқа елдің 
валютасына айырбастау мүмкіндігін білдіреді.


73
Аталған алтын стандарт жүйесі бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін 
әрекет етті. Ал қазіргі кезде елдің алтын резервтері шетелдегі валюта 
биржаларындағы ұлттық валютаның құнын сақтау үшін керек.
Кез келген дамыған елде бүгінде ақша айналымы купюра
монеталармен ғана емес, банк есебіндегі құралдар арқылы да көрінеді. 
Оларды қолма-қол ақшаға айналдыруға немесе олар арқылы қолма-
қолсыз төлемді жүзеге асыруға болады.
Тауар құнының одан әрі дамуымен байланысты, ақша бүгінгі күні 
тауарлардың айырбасталуына ғана қызмет көрсететін техникалық 
құрал ретінде емес, ол жалпылама эквиваленттілік рөлін атқаратын 
абсолюттік өтімділікке ие ерекше тауар немесе тауарлардың тауары 
деп саналады. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсете алады. 
Олай болса, ақшаның экономикалық категория ретіндегі мазмұнын 
оның атқаратын қызметтерінен көруге болады.
Ақшаның атқаратын қызметтері:
1. Ақшаның құн өлшемі құралы ретіндегі қызметі. Ақшаның 
бұл қызметі өндірілетін барлық тауарлардың құнын көрсете алады, 
нақтырақ айтсақ, тауар құнының ақшалай көрінісін бағалар деп 
атайды. Осы жерде бағалар сұраныс пен ұсынысқа байланысты тауар 
құнынан ауытқып отыруы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет