Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


 Тұтынудың кейнстік функциясына сәйкес



Pdf көрінісі
бет185/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   295
Экономикалык теория

25. Тұтынудың кейнстік функциясына сәйкес:
а) тұтыну пайыз мөлшерлемесіне тәуелді емес
ә) тұтыну пайыз мөлшерлемесіне тәуелді
б) тұтыну ағымдық табысқа тәуелді емес
в) тұтыну перманентті табысқа тәуелді
Е) тұтыну жиналған байлыққа тәуелді
26. Ұзақ мерзімде жалпы өндіріс көлемінің әлеуетті өндіріс 
көлемімен сәйкес келген кездегі тұтыну шығындарының өсуі 
нені тудырады?
А) жалпы өндіріс көлемінің өсуін
В) баға деңгейінің өсуін
С) жалпы өндіріс көлемінің және баға деңгейінің өсуін
D) жалпы өндіріс көлемінің төмендеуін және баға деңгейінің өсуін
Е) баға деңгейінің өзгермеуін
27. Тұтынушының қарыздары ағымдағы тұтынуды қысқартады, 
сол себепті:
А) жиынтық сұраныс көлемі қысқарады
В) жиынтық сұраныс қысқарады
С) жиынтық сұраныс көлемі қысқармайды
D) жиынтық сұраныс қысқармайды
E) жиынтық ұсыныс көлемі қысқарады
28. Тұтыну функциясы қай түрде жазылады:
А) С = C (Y-T). 
В) C = C (r). 
С) C = C (W/P). 
D) C = (K)→F(K). 
E) C = C (R).
29. Қолда бар табыс мыналардың қайсысының айырмасына тең?
А) жеке табыс пен ұлттық табыстың
В) жеке табыс пен жеке салықтардың


229
С) жеке табыс пен трансферттік төлемдердің
D) жеке табыс пен жанама салықтардың
Е) ешқайсысының айырмасына тең емес
30. Тұтыну функциясы белгілі бір бұрышқа сәйкес орналасады, 
ол бұрыш:
А) автономды тұтыну мөлшерімен анықталады
В) тұтыну мен табыстың арасындағы байланысты анықтайтын 
коэффициентпен анықталады
С) тұтынуға деген шекті бейімділікпен анықталады
D) тұтынуға деген орташа бейімділікпен анықталады
Е) жинақтауға деген орташа бейімділікпен анықталады
31. Тұрақты табыс жағдайындағы МРС және MPS көрсеткіштері-
нің соммасы неге тең:
A) 100. B) 1000. C) 0. В) 1. Е) -1.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет