7. Айталық, инвестиция 10 млрд. теңгеге өскенде ұлттық табыс
20 млрд. теңгеге өсті. Бұл жерде мультипликатор коэффи-
циенті қаншаға тең болады?
А) 20 млрд. В) 2 млрд. С) 30 млрд. D) 200 млрд. Е) 10 млрд.
8. Жиынтық ұсыныс сілкінісінің әсері қалай байқалады?
A) жиынтық ұсыныс қисығының солға жылжуынан (жоғарыға)
B) жиынтық ұсыныс қисығының оңға жылжуынан (төменге)
C) қисық бойымен солға жылжуынан (төменге)
D) жиынтық ұсыныс қисығы көлбеуінің өзгеруінен
Е) жиынтық сұраныстың өзгеруінен
9. Мұнайға деген бағаның өсуі ұсыныстың сілкінісі ретінде
қарастырылуы мүмкін, бірақ ол:
А) мұнай ұсынысының өсуіне алып келеді
B) жалақы шығындарын арттырады
C) мұнайды тұтынушылардың тәуелсіздігін шектейді
D) материалдық шығындарды арттырады
Е) мұнай ұсынысының өзгермеуіне алып келеді
10. Классикалық бағытты жақтаушылардың ең негізгі қағидасы:
А) экономикада мемлекеттік сектордың басым болуы
В) ең төменгі жалақы туралы заң енгізу
С) жиынтық сұранысты ынталандыру үшін мемлекеттік шығын-
дарды өсіру
D) экономикаға мемлекеттің араласпау саясаты
Е) ең жоғары жалақы туралы заң енгізу
11. Жиынтық сұраныстың бағалық емес факторлары:
А) ұлттық өнімге деген сұраныс көлемінің өзгерісін тудырады
В) ұлттық өнімге деген жиынтық сұраныстың өзгерісін тудырады
С) ұлттық өнімге деген жиынтық сұраныс көлемінің өзгерісін
тудырады
D) ұлттық өнімге деген жиынтық ұсыныстың өзгерісін тудырады
Е) ұлттық өнімге деген жиынтық ұсыныс көлемінің өзгерісін
тудырады
12. AS қисығының кейнсиандық кесіндісіне сәйкес AD-ның өсуі
кезінде бағалар мен ЖІӨ көлемі қалай өзгереді?
А) бағалар тұрақты, ал өндіріс көлемі ұлғаяды
В) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі өзгеріссіз қалады
С) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі ұлғаяды
D) бағалар өседі, ал өндіріс көлемі төмендейді
Е) бағалар да, өндіріс көлемі де өзгермейді
226
Достарыңызбен бөлісу: |