Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Жетілген бәсеке және оның орындалу шарттары



Pdf көрінісі
бет88/295
Дата11.04.2022
өлшемі2.49 Mb.
#456656
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   295
Экономикалык теория

6.2. Жетілген бәсеке және оның орындалу шарттары
Жетілген бәсеке нарығы дегеніміз – нарықтағы бағаға әсер ете 
алмайтын және оны өзгерте алмайтын, саны өте көп және көлемі 
жағынан шағын фирмалар жұмыс істейтін нарықтық құрылымның 
бір типі.
Жетілген таза бәсеке үлгісі нарықтық құрылымның бір тұрпаты 
ретінде бірқатар қатаң болжамдарға сүйенеді. Атап айтсақ, оның 
шарттары төмендегідей болып табылады:
1. Біртекті немесе стандартты өнім өндіретін және оны сататын 
сатушылардың саны және осы өнімді сатып алушылардың саны 
нарықта өте көп болады.
2. Фирмалардың салаға кіруі және одан шығып кетуі еркін және 
ол ешқандай тосқауылдармен шектелмейді.
3. Әрбір жеке фирманың нарықтық үлесі соншалықты мардымсыз 
болғандықтан олардың әрқайсысы бағаға бақылау жасай алмайды.
4. Сатушылар да, сатып алушылар да нарықтың әрекет ету 
жағдайлары мен бағалар туралы ақпараттарға толық ие бола алады.
Осындай нарықтық құрылымның аталған шарттарына байланысты 
оған жетілген бәсеке нарығы – бұл нарықтық бағаға әсер ете алмай-
тын, саны өте көп және көлемі жағынан шағын фирмалар әрекет ететін 
нарық құрылымының бір типі деп анықтама беруге болады.


109
Жетілген бәсекелес фирманың өніміне деген сұраныс қисығы баға 
бойынша өте икемді болып табылады. Ол абсцисса осіне параллельді 
түрде өтеді.
Жетілген бәсеке нарығының артықшылықтары:
1. Өнім өндіру технологиялық жағынан аса тиімді түрде жүзеге 
асырылады.
2. Ресурстар оңтайлы дәрежеде бөлінеді.
3. Кәсіпорындар тұрақты, әрі шығынсыз жағдайда жұмыс істейді.
Жетілген бәсеке нарығының кемшіліктері:
1. Нарықтың бұл типіне капиталдың үлкен бөлігіне ие бола 
алмайтын шағын кәсіпорындар тән болғандықтан, олар 
өнімділігі жоғары техника мен технологияны қолдануға 
қабілетсіз болып табылады;
2. Ғылыми-техникалық прогресстің дамуына үлес қоса алмайды, 
өйткені ұзақ мерзімде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік 
жұмыстарды жүргізу көп қаржыны талап етеді;
3. Қоғамдық игіліктерді өндіре алмайды.
Сәйкесінше, осы аталған артықшылықтар мен кемшіліктер тек 
жетілген бәсеке нарығына ғана тән болады алады, яғни осындай 
ерекшеліктер нарықтық құрылымдардың басқа да типтері үшін 
сипатты болып табылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   295




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет