323
ӛзектілігі
мен
қызықтылығына
байланысты.
Әңгімені
ҧйымдастырудың шарттары:
1.Әңгіменің проблемалық болғаны маңызды. Педагог білім
алушыларды үйреншікті емес сұрақтар қоюға ынталандырады, сол
сұраққа жауапты олардың ӛздерінің табуына кӛмектеседі.
2.Әңгіме алдын-ала дайындалған, жауаптарын айтып қойған
даяр сценарий бойынша жүрмеуі тиіс. Білім алушыларға ӛз
ойларын баяндауға мүмкіндік
беру қажет, оларды басқалардың
ойларын сыйлауға, оған дұрыс кӛзқарас нышанымен қарауға
үйрету керек.
3.Әңгімені дәріске айналдыруға болмайды.
4.Әңгіме
құралдары
тәрбиеленушілердің
эмоиионалды
тәжірибесіне жақын болғаны абзал.
5.Әңгіме кезінде барлық кӛзқарастар мен пікірлерді анықтап,
оларды салыстыра білудің маңызы зор.
6.Әңгімеге дұрыс жетекшілік жасау – тәрбиелеушінің оңды
шешімге ӛз бетімен келуіне арқау болу.
Пікірталас – бұл білім алушылардың пайымдауын (пікір
айтуын),
баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста
тақырып бойынша білім алушы ӛзінің кӛзқарасын, ойын дәлелдейді.
Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе
таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа педагог пен білім
алушылар бірдей дайындалады. Оның тақырыбы және сұрақтары күні
бұрын
хабарланадырылады.
Пікірталас
білім
алушыларды
қателіктермен
жалпы
кӛзқарастармен
күресуге
үйретеді.
Пікірталастың құндылығы сонда, ол білім алушылардың ойлану
сезімін оятады, талаптандырады, ал
бұл дұрыс идеяларды ұстауға,
қателіктерден бас тартуға мүмкіншілік береді. Пікірталастың
соңында басқарушы білім алушылардың жауабын жинақтайды,
талдайды, баға береді, қорытады.
Ӛнеге – ӛте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс мына заңдылыққа
негізделеді: кӛру арқылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір
қиындықсыз санада бекиді. Сонымен бірге кітаптағы,
кинодағы бас
кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды, атақты тұлғаларды, саяси
майталмандарды т.б. ӛнеге ету үлкен тәрбиелік мәнге ие. Ӛнегенің
психологиялық негізі - еліктеу. Оның арқасында білім алушылар
әлеуметтік және адамгершілік тәжірибе жинақтайды.
Айта кету керек, педагогтың ӛз ӛнегесін,
білім алушыларға
қатынасын, іскерлік қасиеттерін, жеке басының қадірін мысал етуі
324
тәрбиенің дұрыс жүргізілуіне әсерін тигізеді. Педагогтың ӛз
тұлғасымен, қадір-қасиетімен жүйелі және бірізді әрекет жасаса,
ӛзін
ӛнеге етудің
оңды әсері ұлғая түседі.
Достарыңызбен бөлісу: