Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде



Pdf көрінісі
бет4/169
Дата19.08.2022
өлшемі2.14 Mb.
#459982
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   169
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

 
2. Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде 
Педагогиканың нысанына адамның ӛз ӛмiрiнiң белгiлi бiр 
кезеңiнде кездесетiн әртүрлi оқу-тәрбие жүйелерi айналуда. Ал, 
педагогика ғылымының пәнiне еркiн, әлеуметтiк белсендi, 
шығармашылық тұлғаға бүкiл ӛмiрi бойына бiлiм беру алынуда. Ӛз 
пәнiн жан-жақты зерттеу және педагогика практикасын тек ӛзiнде 
тиiмдi ӛзгерту, түзету енгiзу үшiн дәстүрлi қалыптасқан құралдары 
жеткiлiксiз. Осымен байланысты К.Д.Ушинскийдiң мынадай сӛзiн 
еске түсiруге болады: «Педагогика үшiн, ол ӛз мақсатына жету 
үшiн адам денесi және жаны, табиғаты зерттелетiн және де қиялда 
емес, ақиқат құбылыста зерттелетiн барлық ғылымдардан сүзiп 
алынған қажеттi бiлiм, құралдар саналады».
Қоғамдық дамудың қазiргi барысы педагогика және бүкiл 
«адамтанушы» 
ғылымдардың 
– 
философия, 
әлеуметтану, 
психология, тарих, физиология, этика, зстетика, биология, 
медицина, кибернетика, лингвистика және т.б. терең ғылымаралық 
синтезiнiң қажеттiлiгiн объективтi түрде дәлелдеп отыр. Мұндай 
түсiнiкте педагогика адамтану мен қоғамтанудың маңызды 
саласының бiрiне айналуда, кӛптеген қоғамдық және жаратылыс 
ғылымдарының мәлiметтерiн ӛз пәнiнде синтездеушi адам тәрбиесi 
жӛнiндегi интегративтi ғылымға айналады. 
Бұл педагогика ғылымын жасанды дәрiптеу емес деп санаймыз. 
Шындығында да педагогика нақты адаммен, дара тұлғамен, топпен, 
ұжыммен, оны қалыптастыруды мақсат етiп қоя отырып, тiкелей 
байланысатын бiрден- бiр ғылым. Педагогикалық iс-әрекеттi 
жемiстi жүзеге асыру үшiн, педагогикалық ғылым мен практика сӛз 
жоқ бӛтен ғылыми бiлiмдерден барлық қажеттiлiгi мен 
құндылығын таңдап алуы керек. Педагогика адамды барлық 
жағынан тәрбиелегiсi келсе, онда ол бәрiнен бұрын оны барлық 
жағынан бiлуi керек. Бұл бiлiмдер педагогиканың әдiснамасын 


12 
жасау, кешендi педагогикалық зерттеулер жүргiзу үшiн әртүрлi 
оқу- тәрбие жүйелерi қызмет етуiнiң мақсатты бiлiм мазмұны, 
формасы, әдiстерi мен құралдары мәселелерiн шешу, оқу 
әрекетiнде олардың ӛзара әсерi мен сабақтастығын жүзеге асыру 
үшiн қажет.
Әрдеңгейлi бiлiм беру жүйелерi, олардың қызметiндегi 
сабақтастық- бұл үздiксiз бiлiм берудiң бiртұтас жүйесiнiң белгiсi. 
Мұндай жүйенi жасауға деген қажеттiлiк бүгiнгi күнi ерекше 
кӛкейтестi және қоғамның әлеуметтiк- экономикалық дамуынан 
туындап отыр. Рухани, әлеуметтiк, мәдени аймақта даму 
тенденциясы адамның жеке бiлiмдiк қажеттiлiгiнiң динамикасына 
байланысты пайда болуда. Ғылым аралық ӛзара байланыс- үздiксiз 
бiлiм беру жүйесiнiң теориялық дәлелдi тұжырымдамасын 
жасаудың қажеттi шарты. 
Педагогиканың ғылым ретіндегі зерттеу пәні – адам, яғни жеке 
тұлға, оның дамуы, қалыптасуы, әлеуметтенуі, білім алуы, тәрбиесі. 
Сондықтан ғылыми тұрғыда адамды, яғни жеке тұлғаны зерттеуде, 
оның дамуын дұрыс болжауда тұлға дамуының құрылымы мен 
заңдылықтарын, оның құрылымының жеке бӛлімдерінің ӛмір сүру 
ерекшелігіне, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортадағы алатын орны 
және т.б. ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеп меңгеруге 
мүмкіндік береді. Тұлға бұл сезімнің, әсердің, ішкі күйініш, 
сүйініштің бойға жинақталған және жан-жақты психикалық 
құрылым. 
Ол 
шындықтағы 
адамның 
әлеуметтік 
негізін 
сәулелендіруші. Танымның, ерік жігердің жаңа субъектісі, ӛмірдің 
белсеңді қайта құрушысы деп айта алмыз. Адамды, яғни жеке 
тұлғаны зерттеуде ғылыми танымның, білімнің, ғылыми-зерттеу 
әдістерінің алатын орны ерекше. Теория мен эмпирика, тарих пен 
логика, индукция мен дедукция, анализ және синтез ӛзара бір-
бірімен тығыз байланыста жүре отырып, осы ғылыми теорияның 
қалыптасуына негіз болады. Осы әдістердің негізінде белгілі бір 
қорытындыға келуде абстрактілі пайымдаудан нақты логикалық 
ойлауға, нәтижеге келеміз.
Ғылымның шыңына қол жеткізу оның негіздерін меңгеруден 
басталады. Олар оқу пәндерінде жинақталған. Ғылым және оқу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет