Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


курстағы педагогикалық практика «Ғылыми зерттеу



Pdf көрінісі
бет64/169
Дата19.08.2022
өлшемі2.14 Mb.
#459982
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   169
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

2 курстағы педагогикалық практика «Ғылыми зерттеу 
жҧмысының әдістемесі» деп аталады. Оның мақсаты мен 
міндеттері: ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау дағдысын 
қалыптастыру, қажетті әдістерді таңдай білу, экспериментті 
ӛзбетінше ұйымдастыру және зерттеу нәтижесін сапалы 
қорытындылау. 
Іс-әрекет мазмҧны: студенттің ғылыми зерттеу жұмысын 
жоспарлау, жоспар және зерттеу картасын құрастыру, зерттеу 
тақырыбы бойынша картотека құрастыру, студенттердің тұлғалық 
ерекшеліктері және танымдық қабілеттерін зерттеу мәселесі 
бойынша диагностикалық әдістерді таңдау (тест, сауалнама
жоспар, 
әңгіме, 
бағдарлама, 
бақылау), 
дидактикалық 
материалдарды таңдау зерттеу жұмысы тақырыбы бойынша 
кӛрнекі 
құралдар 
дайындау, 
психологиялық-педагогикалық 


165 
экспериментті құрастыру білігін жүзеге асыру және жүргізілген 
зерттеу жұмысының нәтижесін талдау дағдысын қалыптастыру.
Педагогикалық практика барысы бойынша қалыптасатын 
білім, іскерлік, дағды: ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау
зерттеу картасы мен картотека құрастыра білу, кластағы 
тұлғааралық қарым-қатынасты зерттеу, танымдық үрдістерін 
зерттеу (зейінін бағалау, есте сақтау, ақыл-ой деңгейіне 
диагностика жүргізу), жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу (ӛзін-
ӛзі бағалау, үрейлену деңгейі, агрессия, темперамент, мінез 
акцентуациясын, мамандық таңдау), дамыту жұмыстарын жүргізу, 
педагогке әрі қарай сыныппен жұмыстануға ұсыныс беру. 
Педагогикалық практиканы ҧйымдастыру принциптері: теория 
мен практиканың байланысы, практиканың кешендік сипаты, 
қазіргі оқу орыныте білім берудің талаптарына сәйкестігі. 
Студенттердің есеп қҧжаттары: зерттеу жұмысының 
жоспары, зерттеу картасы, зерттеу тақырыбы бойынша картотека 
құрастыру, диагностика қорытындысы, күнделік, білім алушыға 
педагогикалық-психологиялық 
мінездеме 
беру, 
ұжымға 
педагогикалық-психологиялық мінездеме беру, қатысқан тәрбие 
сағаттарына талдау жасау, педагогикалық практика бойынша есеп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет