Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет61/169
Дата19.08.2022
өлшемі2.14 Mb.
#459982
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   169
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

 
4. Студенттердің ӛздік жҧмысы
Колледж және жоғары оқу орнындағы оқытудың басты міндеті 
– ӛз бетімен жұмыс жасау, шешім табу, ойлау іскерліктерін дамыту. 
Кредиттік жүйе бойынша ӛзіндік жұмыстарға бӛлінетің сағат 
санының кӛбеюі, білім алушының танымдық ӛзбетілігін және 
олардың 
әдебиет 
кӛздерімен 
жұмыс 
істеу 
дағдысын 
қалыптастырады.
Педагогикалық жүйе ретінде қалыптасқан студенттердің 
ӛздігінен 
орындайтын 
жұмыстары 
олардың 
танымдық 
белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттырып, оларды 
тиянақтылыққа, ұстамдылыққа, бастаған істі аяғына дейін 
жеткізуге тәрбиелейді. Шебер оқытушы ӛзіндік ойдың пайда 
болуына жағдай жасап, оны қолдайды, ойдың зияткерлік құқығын 
сақтайды, әрбір нәрсеге ӛз күшімен, еңбегімен, белсенді іс-
әрекетімен жету дағдысын дамытады. Кітаппен жұмыс, кітапханада 
жұмыс, пікірталастар, ӛздік тәжірибелер, проблемалық міндеттерді 
шешу, ғылыми әдебиетті, журналдарды оқу, пікір алмасу, ӛлең, 


157 
мақала, шығарма, баяндама жазу – бұл білім алушылардың 
қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ететін еңбек түрлері. Сондай 
оқытудың бір түрі – студенттердің ӛздік жұмысы (СӚЖ). 
СӚЖ-н жекелеу. СӚЖ үшін жеке тапсырмалар жасауда 
адамдардың интеллектуалдық сапаларынан шығу керек. «Жай 
ойлайтындар» бар, «жылдам қабылдайтындар» бар, «идеяны 
тудырушылар» бар, «идеяны орындаушылар» бар. Біреулер жеке 
жұмысты таңдаса, басқалары – ұжымда жұмыстануға бейім болып 
келеді. СӚЖ орындауда студенттерге ӛз мінез-құлқындағы 
кемшіліктерді жоюға кӛмектесу керек. Тӛмендегі ұсыныстар 
оқытушыларға түрлі сипатты студенттермен жұмыстануда жекелеу 
тұрғысын қолдануға мүмкіндік береді: 

аудиториялық сабақтарды ӛткізгенде ӚЖ-тың белгілі бір 
минимумын барлық студенттердің орындауын қамтамасыз етуі 
тиіс, ал жақсы дайындығы бар білім алушылар үшін күрделі 
тапсырмалар даярлаған жӛн; 

СӚЖ-ның орындалуын міндетті түрде белгіленген уақыты 
бойынша тексеру қажет және оқытушының жеке кеңес беруі 
жоспарланғаны 
жӛн. 
Бұнда 
студенттердің 
оқытушымен 
педагогикалық қарым-қатынас жасауы ерекше орынға ие; 

СӚЖ-ның дұрыс орындалуы үшін оны орындау бойынша 
нақты әдістемелік нұсқаулар беру қажет. Семестрдің басында 
оқытушы бірінші сабақтан-ақ студенттерді СӚЖ-ның мақсатымен, 
құралдарымен, қиындық деңгейімен, орындалу уақытымен
бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау формаларымен таныстырғаны жӛн. 
ӚЖ кестелері тӛменгі курстарда қажет, ал жоғары курстарда – 
студенттерді ӛз жұмысын жоспарлауға үйреткен жӛн; 

кез-келген пән бойынша пратикалық сабақтардың үй 
тапсырмалары жинағында болуы тиіс: бақылауда берілетін 
тапсырмалардың барлық типтері; жоспарланған іскерліктерді 
меңгеру үшін қажетті ұғымдар, фактілер, заңдар мен әдістер тізімі; 
олардың ішінен жатқа білуі тиіс ұғымдар кӛрсетіледі; 

тапсырмалар жинағы семестр басында беріледі, оны 
тапсырудың уақыты белгіленеді; 

СӚЖ-на тапсырмалар екі бӛлімнен тұруы мүмкін – 
міндетті және факультативті. Факультативті бӛлігі дайындығы 
жоғары студенттерге арналған, оалрдың орындалуы қорытынды 
тексеруде ескеріледі; 


158 

Практикалық сабақтар барысында тапсырмаларды дұрыс 
және жылдам орындайтын студенттерді анықтау оңай. Оларға 
күрделендірілген жеке тапсырмалар беруге, СҒЗЖ-на қатысуға, 
дайындығы тӛмен студенттерге кеңес беруге болады. 
СӚЖ-ын белсендендіру. СӚЖ-ын белсендендірудің түрлі 
тәсілдері педагогикалық әдебиеттерде қарастырылған және 
практика жүзінде қолданылып келеді. Олардың кӛп таралған 
түрлері: 
1. Студенттерді ӚЖ әдістеріне үйрету: уақытты жоспарлау 
дағдысын қалыптастыру үшін СӚЖ-ді орындауда уақытта бағдар 
беру; ӛзін-ӛзі талдау және ӛзін-ӛзі бағалауға қажетті рефлексивті 
білім беру. 
2. Болашақ оқу және кәсіби әрекеті үшін дәрісте, әдістемелік 
нұсқауларда, оқу құралдарында берілетін оқу материалын меңгеру 
қажеттілігін сенімді түрде кӛрсету. 
3. Ғылым 
мен 
техникада 
қолданылатын 
шынайы 
талқылаулардың типтік тәсілдерін кӛрсететін материалды 
проблемалық ұсыну. 
4. Теория мен практиканың бірмәнді байланысын орнату 
мақсатында 
заңдар 
мен 
анықтамалардың 
операциялық 
формулировкаларын қолдану. 
5. Белсенді оқыту әдістерін (нақты ситуацияларды талдау, 
пікірталас, топтық және жұптық жұмыс, қиын сұрақтарды 
ұжымдық талқылау, іскерілк ойын) қолдану. 
6. Пәннің құрылымдық-логикалық сызбасын және оның 
элементтерін жасау және студенттерді онымен таныстыру; 
видеоқатарды пайдалану. 
7. Тӛменгі курс студенттеріне жан-жақты алгоритмі берілген 
әдістемелік нұсқаулар беру. Студенттердің ӛз бетімен жұмыстану 
дағдысын қалыптастыру мақсатында курстан курсқа кӛшкен сайын 
түсіндірмелі бӛлігі азая береді. 
8. Теориялық материалды, әдістемелік нұсқауларды және 
тапсырмаларды жинақтаған кешенді оқу құралдарын жасау. 
9. Пәнаралық сипаттағы оқу құралдарын жасау. 
10.Үй тапсырмаларын және зертханалық жұмыстарды жекелеу, 
ал топтық жұмыста – оны топ мүшелері арасында дұрыс бӛліп беру. 
11.Типтік тапсырмаларды күрделендіру. 
12.Әрбір дәріс соңында дәріс легіне бақылау сұрақтарын беріп 
отыру. 


159 
13.Оқытушы кӛмегімен алдын-ала даярланған дәріс бӛлігін (15-
20 минут) студенттердің оқуы. 
14.Үлгерімі жоғары студенттерге барынша кӛмек жасай 
отырып, «студент-кеңесші» мәртебесін бекіту. 
15.Ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс жасау әдістерін ӛңдеу 
және енгізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет