Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет87/169
Дата19.08.2022
өлшемі2.14 Mb.
#459982
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   169
muhanbetjanova-pedagogikany-okytu

Жалпы педагогикалық білім, білік, дағдының қалыптасу 
кезеңдері 
Жалпы педагогикалық білім – мұғалімнің кәсіби функцияларын 
жүзеге асыруға қажетті педагогикалық білім, практикалық білік 
және дағды жүйесі. Ол мына бӛліктерден құралған: 
- фундаментальды 
әдіснамалық 
білім 
(педагогикалық 
ғылымның әдіснамасын білу, оқыту және тәрбие теориясын білуі
педагогикалық менеджментті меңгеруі); 
- оқыту мен тәрбиенің кейбір жақтары, озат педагогикалық 
тәжірибе жайындағы теориялық-практикалық білім; 
- оқыту мен тәрбиені ұйымдастыру формалары, әдіс-тәсілдері 
жайындағы әдістемелік білім. 
Педагогикалық жоғары оқу орнының оқу жоспарларына 
педагогикалық пәндер енгізілген. Олардың кейбіреуі міндетті 
болса, басқалары – жоғары оқу орнының, факультеттің профилімен 
анықталады. 
Болашақ 
мұғалімнің 
кәсіби 
қызметінің 
ерекшеліктерімен танысу «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» 
курсынан басталады. Бұнда түрлі тарихи кезеңдердегі мұғалім 
мамандығының мазмұны мен спецификасы, педагогикалық 


212 
мамандықтың даму перспективасы, педагогикалық қызметтің 
гуманистік сипаты жайында түсінік беріледі. 
Педагогикалық мамандықты таңдау мотивтері 
Жалпы педагогикалық мамандықты таңдаудың 8 факторы 
белгіленген. Бұл факторларды анықтаған педагог В.А.Климов. 
1.Жанұяның және үлкендердің кеңесі. 
2.Жолдастарының кеңес беруі. 
3.Мектептегі педагогикалық ұжымның кеңес беруі. 
4.Жеке кәсіби және ӛмірлік жоспары. 
5.Қабілеттері және олардың кӛрінуі. 
6.Қоғамдық құрметке бӛлену сезімі. 
7.Кәсіби қызмет жайында толық білуі. 
8.Бейімділік. 
Сонымен қатар, мамандық таңдаудың сыртқы және ішкі 
мотивтері анықталған. Сыртқы мотивтер - мамандықтың қоғамдағы 
орны, жұмыс жасау барысында шығармашылық кӛзқарас, басқа 
адамдармен қарым-қатынасқа түсу, оларды басқару. Ішкі 
мотивтері: жалақысы, құрметке иеленуге бағытталуы, қорқыту, 
сӛгу. Ішкі мотивтер екіге бӛлінеді: жағымды, жағымсыз. Жағымды 
мотивтерге материалдық тұрақтылық, қызметтік ӛсу мүмкіндігі, 
ұжымның, әкімшіліктің риза болуы. Жағымсыз мотивтерге 
жазалау, қорқыту, үстемдік жасау ықпалдары. 
Жоғары оқу орындарындағы педагогика мамандығына кәсіби 
бағыттау жұмыстары мына бағыттарда жүргізіледі: 

мектептегі оқушылар мен жоғарғы оқу орнындағы 
студенттердің ӛзара байланысқан және сабақтасқан әрекеттері. 

студенттердің мінез-құлқының ерекшеліктерін ескере отырып, 
жоғары оқу орнында белгілі бір бағдарлама бойынша дайындығын 
ұйымдастыру. 

студенттерді мектептегі кәсіби бағытталу жұмыстарына 
енгізу. 
Мұғалім мамандығына кәсіби бағыттау жүйе ретінде мына 
компоненттерден құрылған: мамандық жайында білім алу, 
профессиограмма, мамандық жайында ақпарат алу, кәсіби таңдау, 
кәсіби бейімделу. 
Мамандық жайында білім алу мектепте жүргізіледі. Бұнда 
мамандықтың негізгі қасиеттері, оған қойылатын талаптар және 
ерекшеліктері айтылады. 


213 
Профессиограмма - бұл мұғалім мамандығының суреттелуі. 
Онда мұғалімге қойылатын талаптар, психологиялық және 
физиологиялық қасиеттері, мұғалім тұлғасының жетілуі схема 
түрінде кӛрсетіледі. 
Мамандық жайында кеңес алу - мамандықтың ерекшеліктері 
жайында оқушының тұлғасына сәйкес келуі, келмеуі айтылады. 
Кәсіби таңдау - оқушыға үйлесімді, қажетті, келісті 
мамандықты таңдауы. 
Кәсіби бейімделу - бұл жас адамның ӛңдірістік, еңбек 
ұжымына, жұмыс жағдайларына бейімделуі. Кәсіби бейімделу
мектептен-ақ басталады. 
Кәсіби бағытталуға аталған компоненттерден басқа мына 
факторлар да әсер етеді: 
1.Экономикалық 
2.Әлеуметтік. 
3.Психологиялық. 
4.Дәрігерлік, физиологиялық. 
5.Педагогикалық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет