180
СӚЖ
Оқу қорытындысы
Теориялық сабақ
Практикалық дағдылар.
Модульдік оқыту мынадай негізгі идеяларға негізделген: білім
алушы ӛзі оқу керек, ал педагог оның оқуын басқарып отыруға
міндетті, яғни оқуға деген мотив туғызу,
ұйымдастыру, реттеу,
кеңес беру, бақылап отыру керек. Бұл технологияның
авторларының кӛзқарасы бойынша, ол педагогикалық теория мен
практикада
жиналған
прогрестерді
кіріктіреді.
Яғни,
бағдарламалық оқытудан білім алушының әрекетіндегі нақты
логикалық процестердің белсенділік идеясы, оқу-танымдық
әрекетінің жеке қарқындығы алынды.
Ақыл-ой әрекетінің сатылы
қалыптасу теориясынан ең маңыздысы – әрекеттін бағдарлаушы
негізін қолданады. Модульдік оқытуды кибернетикалық бағыт
қатысушылардың іс-әрекетін ӛзі басқару арқылы икемді басқару
идеясымен толықтырып отыр. Психологиядан рефлекстік жағдай
қолданылады. Дефференциацияның теориясы мен практикасында,
оқытудың оптимизациясында жиналған жалпылаулар –
бұлар
модульдік оқытудың негізінде, принциптерінде, ережелерінде,
әдістері мен оқыту формаларында кіріктіріледі.
Модульдік оқытудың негізін қалаушы П.Ю. Цявичине. Оның
идеясын С.Я. Батышев, К.Я. Вазина, Н.Н. Суртаева, Т.Н. Шамова,
А.Жанпейсова жалғастырды.
Модульдік оқытудың мәні білім алушы толықтай ӛзі немесе
белгілі бір кӛлемдегі кӛмекпен
оқу-танымдық іс-әрекетте
модульмен жұмыс істеу арқылы мақсатына жетеді.
Модуль – дегеніміз мақсатты функционалдық байланыс, онда
оқу мазмұнымен оны меңгеру технологиясы байланысады.
Сондықтан, модуль модульдік оқытудың құралы болып табылады,
ӛйткені оған іс-әрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат банкі,
дидактикалық мақсатқа жету үшін методикалық басқару кіреді.
Модуль оқытудың программасы ретінде бола алады.
Модульдік оқыту кезінде әрбір білім алушы белсенді және
тиімді оқу-танымдық іс-әрекетке кіріседі.
Мұнда бақылау, ӛзін-ӛзі
бақылау, түзету, кеңес беру, ӛзбеттілігі қалыптасады. Білім алушы
ӛзін жетілдіруге зор мүмкіндік алады, ол оқуға деген құлшыныс,
мотивация тудырады. Бұл оқыту жүйесі әр білім алушыға білім
беру және оқуда жоғары сатыға кӛтерілуге кепілдеме береді. Білім
181
алушының ӛзбеттілік, ұжымшылдылық сияқты мінез сапаларын
дамытуға да мүмкіндік бар.
Әрине, оқыту үрдісіндегі педагогтің де орны ӛзгереді.
Педагогтің міндеті білім алушыларды оқуға мотивациялау, модуль
арқылы оқу-танымдық әрекетін басқару және үздіксіз кеңес беру.
Енді оқытудағы оның орны ӛзгереді: ол тақырыпты қалай
жеткізсем деп ойламайды, енді білім алушылардың әрекетін қалай
басқарсам,
бағыттасам
деп
ойлайды.
Модуль
арқылы
басқаратындықтан интегративті
дидактикалық модуль құру
педагогтің міндеті болып табылады. Ол үшін педагог ӛз
тәжірибесін, білім, іскерлігін, технологияларды талдайды. Іс-
әрекеттің мақсатын, оқытудың түрі мен әдістерін, кездесуі мүмкін
қиындықтарды алдын-ала ұйымдастыруы керек.
Модульдік оқытуға кӛшу үшін нақты жағдайлар туғызу керек:
1. педагогтің мотивациясымен байланысты;
2. білім алушылардың оқу-танымдық әрекеттерді ӛз бетімен
орындауға дайындығы;
3. мектептің материалдық мүмкіндігіне байланысты.
Модульдік технологияға кӛшу тәжірибесі бірден барлық топтың
кӛшпей, ондағы кіші топпен жұмыс істеуді кӛздейді. Бұл кӛлемін,
құрылымын, қиындық дәрежесін, білім алушылардың әрекеттенуін,
бақылау, ӛзін бақылау жүйесін кӛріп –
бағалауға, осыған
байланысты түзетуге мүмкіндік береді.
2. Модульдік оқытудың принциптері.
Модульдік оқыту теориясы жалпы дидактикамен тығыз
байланысты арнайы принциптерге жүгінеді. Модульдік оқытудың
жалпы бағыты, оның мақсаты, мазмұны мен ұйымдастыру әдістері
мынадай
принциптерді анықтап отыр:
модульдік;
оқытудың негізгі элементтерін бӛліп кӛрсету;
динамикалылық;
білімнің әрекеттілігі мен оперативтілігі және олардың
жүйелілігі;
икемдігі;
саналы перспективасы;
әдістемелік кеңестің әр түрлілігі;
паритеттілік (П.А. Юцявичене).
Осыларды жеке қарастырайық.