ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
МӘДЕНИЕТТІҢ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ МӘНІ МЕН
МАЗМҰНЫ
Жоспар:
1. Педагогикалық шеберлік және педагогикалық мәдениеттің
компоненттері ретінде
2. Педагогикалық шеберлік компоненттері: гуманистік бағыт,
кәсіби білім, педагогикалық қабілет, педагогикалық техника.
3. Мұғалімнің кәсіби білімі - шеберлік негізі.
4. Педагог мамандығындағы актерлік және режиссерлік шеберлік
элементтері
5. Педагог мамандығындағы жеке шығармашылық қабілетті іске
асыру.
6. К. С. Станиславскийдің педагог дайындауда театрлық
жүйесінің принциптері.
Негізгі ұғымдар: шеберлік, педагогикалық шеберлік,
педагогикалық мәдениет, актерлік шеберлік.
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары,
зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк
туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке
жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ
бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады.
«Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз
келсе, «ең сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә.
Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз
елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал, педагогикалық
шеберліктің негізі неде?
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып,
оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен
тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын
айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп,
жанұя, мұғалімнің рөлін анықтау, студенттер мен мұғалімдер
ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге
негізделеді деп есептейміз.
14
Қазақстанда білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасында мемлекетіміздің білім беру
жүйесінде жүргізілетін реформалардың мақсаты – оның нарықтық
экономика жағдайында ғаламдық ауқымға ие болуын ескере
отырып, саналы өзгерістерін қамтамасыз ету деп көрсетілген.
Білім беруді реформалау осы саладағы жинақталған оң әлеуетті
жақтардың негізінде осы процесті тереңдету мен дамыту үшін жаңа
құқықтық, әдістемелік, қаржы материалдық жағдайларын жасауды
және тиісінше кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: “Болашақта еңбек етіп,
өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды
қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан
ұстазға жүктелер міндет ауыр,”- деген болатын. Қазіргі заман
мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи
танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси
экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап
етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны
құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп,
оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген педагог болуы
керек.
Қазақстан заңдары білім беруді қоғамның және мемлекеттің
рухани, әлеуметтік, экономикалық, мәдени дамуының негізі деп
жариялайды. Елімізде 1999 жылы қабылданған «Білім туралы»
Заңда білім беру жүйесінің басым міндеттері көрсетілген:
1 - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
2 - жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкін-
діктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік
негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау
арқылы интеллектілік байыту;
3 - азаматтық пен елжандылыққа, өз отаны Қазақстан
Республикасына
сүйіспеншілікке,
мемлекеттік
рәміздерді
құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конститутцияға қайшы
және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4 - әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ
халқы мен республикасының басқа да халықтарының тарихын,
дәстүрлерін, тілдерін меңгерту;
5 - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық
желілерге шығу;
15
6 - еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар
мен мамандар даярлау, оларды қайта даярлау және біліктілігін
арттыру.
Осы міндеттерді орындап, жүзеге асыруда мұғалімдердің рөлі
өте зор. Бүгін мұғалімдердің еңбегінің нәтижесі қандай болса, ертең
біздің қоғам сондай болады.
Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы
жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып,
жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен
қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында
сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген
құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып,
ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы
басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол
азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп
санайды.
«Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант
көбіне, ақын – жазушыларда, әртістерде, өнер адамдарында
кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан
келе бермей ме?» - деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талантты
болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып,
табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық
жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін
жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын
жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса,
педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып,
педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына
сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.
Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз
байланысты. К. Д. Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама
жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше,
бұған оның қолы жетпейтіндігін», - айтады.
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі
жүйелі түсінік «педагогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс
тілінің сөздігінде «шеберлік белгілі саладағы өнер деп анықтама
берілген, ал шебер өз ісінде өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген
маман» делінген (С. И. Ожегов, 1990). Педагогикалық шеберлікті
адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген
16
ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып , оның кәсіби қызметтік
және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру керек.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгерумен
шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде
кәсіби қызметінен көре аламыз ба? Жоқ, себебі педагог сағат
сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның
заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен тәрбиелікті жеткізе
білу керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы сөз болып
отырған, яғни нақты бір адамның-педагогтың өмірге көз қарасы,
қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын
кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден
қарастырамыз.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы
бойынша халық комиссары А. В. Луначарскийдің мақалалары
мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы
тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде ол
педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан:
«Егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алатын болса, онда оны
қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе, онда іске алғысыз
болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар – өмірге келетін
адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсіздіктің үлкен
күнәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді анықтап нақты,
айқын жұмыс істеу керек» дейді.
Н. К. Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан «Мұғалім туралы»
деген мақаласында «үлгілі мұғалімнің мерилі» ретінде төмендегі
критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті
ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек, оқушының
қабілетін оята білуі, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу мен тәрбие
жұмыстарын ұштастыра білуі, беделді бола білуі қажет.
Педагогикалық шеберлік туралы А. С. Макаренконың (1988)
пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл
«тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы».
Бұл жөнінде ол: «Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік
қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім»
дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті
ережелер қатары кездеседі, «дауысты келтіру – өнер , көзқарасы
мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі –
17
өнер болып табылады». «Мен өзімді нағыз шебер болдым деп
есептедім, тек «мұнда кел» деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын,
даусымды, бет- әлпетімді 20 түрлі етіп құбылта отырып, кімді болса
да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден
түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана» дейді.
Кеңес педагогикасы педагогикалық шеберлік корифейінің мәнін
мінез-құлық білігінің кең ауқымында қарастырады.
В. А. Сухомлинсий (1981) бұл түсінікке нақты анықтама
бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін,
өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады.
Ол : «Идеалдар мен қағидалардың, көзқарастары мен талғамының,
симпатия мен антипатияның, моральдық-әдептілік қағидаларының
педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы – міне, осындай
қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ
жұлдыз болады» дейді. Сондай –ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін
органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды, әрі жан дүниесін,
жеке бақытын, ой-санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы
екенін айтады.
А. И. Щербаков (1968) педагогикалық шеберлік – мұғалімнің
ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке
қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп санайды. Мұндай үйлесімді
тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны
айдан анық. Бұл өнердің негізгі атрибуты – өз жұмысын үлкен
жауапкершілікпен орындау дейді.
Ю. П. Азаров (1971), тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы
айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: «педагогикалық
шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып
табылады» дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас
бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген
анықтамасын дамыта түседі: «сезім мен техниканың өзара әрекеті
педагогтың жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды
образды ықпал жасауына әкелетінін айтады».
Міне , шеберліктің құдіреті – осындай тұтасқан үйлесімде.
Ю.П.Азаров (1989) қалың оқырман қауымына арнаған
публицистикалық басылымында : «мен шеберліктің формуласын
қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: технология, қарым-
қатынас, тұлға сияқты үштікте» дейді. Шеберлік ... істейтін
ісіміздің материалдық жағында болуы тиіс, мен технология деп
18
атап отырған. Бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның
арқасында қарым- қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені
және мен қатысатын балаларды қалыптастырады деген екен.
Н. В. Кузьмина (1972, 1980) шеберлікті маманның өз жұмыс
жағдайын зерттеп, зерделей білуі, кәсіптік міндеттерін оңтайлы
шешу үшін кәсіби біліктілікті меңгеруі деп анықтайды.
Н. В. Кузьминаның пікірінше (1980), педагогтың кәсіби шеберлігі
тәжірибе мен оқу міндеттерін шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру.
Бұл жалпы еңбек пен жалпы интелектуалдық білік қалыптасқанда
ғана жеткілікті биік дәрежеге ие болады (талдау, синтездеу,
жалпылау, ауыстыру, нақтылау саласында).
Ю. К. Бабанский (1989) «мұғалім – кәсіби технологияны
еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және бала
тәрбиелеуде ерекше шебер» деп көрсетті. Сондай –ақ автор педагог
еңбегінің қарапайым қырларын дұрыс талдау және педагогтық
оптималды шешім жасау мен оқушының жеке басы сияқты
қасиеттерге тоқталады.
Н. В. Кухарев (1990) мұғалімнің белгілі дәрежедегі педагогтық
шеберлігін қарастырудың дұрыстығын айта кетіп, оның шеберлігі
психологиялық- педагогтық дайындығының жоғары деңгейіне
негізделуі шарт дейді.
Павлютенкованың ойынша (1990), мұғалімнің кәсіби шеберлігін
төмендегі компоненттер құрайды: а) тұлғаның мотивациялық
саласы; ә) операциялық-техникалық саласы (интегралдық бірігу,
жалпы арнайы білім мәнділігімен сипатталады); б) тұлғаның өзін-
өзі тануы.
В. А. Сластениннің (1998) педагогикалық шеберлікке берген
анықтамасы Ю. П. Азаровтың (1989) пікіріне жақын, ол педагогтық
шеберлікті педагогикалық технологиямен өзара байланыстырады,
дегенмен, ол тек операциялық компоненттерімен шектелмеуі керек,
адамның жеке іскерлігі мен оның бойында педагогтік прцестің
жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып жатуы
керек деген пікір айтады.
И. П. Андриади (1999) педагогикалық шеберлікті жеке
тұлғаның рухани- әдеп және интелектуалдық дайындығы,
қоғамның әлеуметтік- мәдени құндылықтарын шығармашылықпен
ұғындыратын қасиеті деп қарастырады. Және де теориялық білімді
тәжірибемен ұштастыруда кәсіби білік, дағдының болуы маңызды
деп атап көрсетеді.
19
В. А. Мижоренко және М. И. Ермоленко (1999 ) педагогикалық
шеберлік педагогтік қызметтің дамуының биік сатысын жасай
отырып, педагогтың педагогикалық технологияны игеруін, кәсіби
және азаматтық бағытын, тәжірибесін, бүтіндей тұлғасын көрсете
алатынын айтады. Педагогтік шеберліктің мәні жоғары нәтижеге
қол жеткізетін білімді, білік пен дағдыға ұштастыру арқылы жүзеге
асқан қызметтің деңгейімен анықталады.
В. П. Куравлеваның (1999) анықтамасында педагогтік шеберлік
«...теориялық негіздемелер және мұғалім мен оқушының арасын
жоғары ақпараттық дәрежеде байланыстыратын педагогикалық
іс- тәжірибелер мен операциялардың тұрақты жүйесі» делінген.
Осы анықтаманы өрбіте отырып, автор теориялық білім мен
жоғары дамыған практикалық біліктің үйлесіп, біртұтас болуы
шығармашылықпен бекітіледі деп ой қосады. Шеберліктің нақты
көрсеткіштері оқытушының ісінде, оқу-тәрбие жұмыстарында,
еңбек сапасында, міндеттерін жауапкершілікпен орындау кезінде
көрінеді.
А. А. Сидоров, М. В. Прохорова, Б. Д. Синюхин (2000) педагогтік
шеберлік педагогикалық мәдениеттің тірек компоненті деп есептейді
және шеберлік сан алуан оқу-тәрбие ісіне байланысты міндеттерді
табысты шешуде педагогтың жеке басының қасиеттерімен қоса
оның психологиялық-педагогикалық ойлауы, кәсіби білігі, дағдысы
мен эмоциясы өзара сабақтастық табатын ерекшеліктері деп
анықтайды.
Л. А. Байкова, Л. К. Гребенкиннің (2000) дәлелдеуінше
педагогикалық шеберлік – бұл мұғалімнің шығармашылығымен,
оқыту өнерін үздіксіз жетілдірумен пайда болатын педагогикалық
шеберліктің жоғары деңгейі біріншіден, педагогтың жеке
тұлғасына, жеке басының қасиеттеріне байланысты, оның бұл
қасиеттері кәсіптік қызметін өз бетінше ұйымдастырудың жоғары
сатысына қол жеткізуіне жол ашады дейді. Яғни шебер-педагог
бойындағы жеке қасиеттер жиынтығы, оның оған оқу –тәрбие
жұмысын жақсы жүргізуіне септігін молынан тигізбек. Олардың
ішіндегі ең маңыздылары азаматтық және патриотизм, гуманизм
және зиялылық, жоғары рухтағы мәдениеттілік пен жауапкершілік.
Өте маңызды деп адамсүйгіштік пен адамдармен тіл табысу атап
айтылған.
Одан әрі авторлар педагогикалық шеберлік анықтамасына
тоқталады және технологиялық негізгі компоненттері жалпы биік
20
мәдениет пен ізгілендіру бағыты болатын көзқарастары жүйесі –
кәсіби білім , қабілеттілік, шығармашылық технологиялық құзырет
болып табылады деп тұжырым жасайды.
А. М. Новиков (2000), педагог тұлғасының әлеуметтік
рөлі өлшеусіз артып келеді, ол педагогтың жалпы және кәсіби
мәдениетінде, қарым-қатынасында, әдебінде, оның жан дүниесі
байлығында. Автор бүгін педагогты кітаппен, дербес компьютермен
немесе қашықтан оқытатын басқа құралдармен ауыстыруға
болмайтындығына көз жеткіздіреді. Осылайша нені үйретесің,
қалай үйретесің, немен үйретесің, кім үйренеді деген шынайылық
тұрады. Осыған байланысты А. М. Новиков (2000) педагогикалық
шеберліктің мазмұнын жаңа әлеуметтік –экономикалық жағдайды
ашып береді, оқушыға өз мақсатына – мұратына тез жетсем, өз
орнымды тапсам деген ой салу педагогтың дарынына байланысты
екеніне назар аударады.
Орыс ғалымы В. Г. Белинский былай дейді: «Тәрбиешілік
мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі десеңізші: оның
қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр».
Сондықтан шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі
ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі
болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке
жетелеуші - білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен
қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де
басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай
қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен,
терең білімділігімен көпке жақын адам.
Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп
отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа
тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік
білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің
қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне
деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.
Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жан-
жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді
оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық
шеберлік:
1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды,
моральды бойына сіңірген адам екендігі;
21
2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың
бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре
білгендігі;
3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгенін
қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен
талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.
Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен
дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен
педагогикалық ынтымақтастықтар, жұмыс атқарудың формаларын,
әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті
арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып
табылады.
Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап,
жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін
білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше
педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:
- педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;
- педагогикалық кәсіби білгірлігі;
- педагогикалық іс-әрекетке бейімділігі;
- педагогикалық техникасы.
Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз
байланыста жүзеге асады.
Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық
шеберлік жөніндегі ғылыми-зерттеу пайымдаулар мыналар:
- педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;
- тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;
- әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;
- іс-әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.
Сонымен қатар әлеуметтік-қоғамдық өмірдің жаңаруына
байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс.
Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер:
1. Педагогикалық білім бірлігі.
2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі.
3. Ситуацияларды меңгеру.
4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.
Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы,
әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері.
22
Қазіргі заман мұғалімінің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі
мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам
басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет.
Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір
қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым-қатынастың, шәкірттің іс-
әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы
бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің
қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске
асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.
Педагогикалық шеберлік – мұғалімге оқу-әрбие процесін
ұйымдастыруда қажетті кәсіби білім, білік және дағдылардың
жиынтығы. Педагогикалық шеберліктің негізі жоғары оқу орнында
қалыптасады. Оның мазмұнына:
1. Кәсіби педагогикалық білім;
2. Педагогикалық тәжірибе;
3. Шығармашылық тәжірибе;
4. Тұлғалық қасиеттері;
5. Кәсіби педагогикалық бағыты енеді.
Мысалы, педагогикалық тәжірибе – біріншіден, мұғалімнің нақты
жағдайларды, балалардың, балалар ұжымының ерекшеліктерін
және өзінің жеке ерекшелігін есепке ала отырып, педагогиканың
практикадағы заңдарын және принциптерін шығармашылықпен,
белсенді меңгеру мен іске асыруы.
Ал, педагогикалық шеберлікті меңгеру екі деңгейде жүргізіледі:
1. Кәсіби педагогикалық қызметке дайындық кезінде алынған
білім, білік, дағды.
2. Кәсіби педагогикалық қызмет барысында алынған білім, білік,
дағды.
Педагогикалық шеберліктің нәтижесі ретінде мұғалімнің
шығармашылығы, жеке тәжірибесі және оның жариялылығы
болып табылады. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби
қабілеттілігінің өзара байланысын А. С. Макаренко:
23
Педагогикалық мәдениет
Педагогтің кәсіби білігі
Педагогикалық этика
Педагогикалық қарым-қатынас
өіің
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті
Психо-педагогикалық білім
Педагогикалық шеберлік-бұл
оқытумен тәрбиелеу әрекетін
кәсіби меңгеру,тұлғаны жан-
жақты дамыту, көзқарасы мен
қабілетін қалыптастыру
мүмкіндігі.
Педагогикалық білім мен кабілет
педагогикалық шеберліктің туа біткен ерекшеліктері, қасиеттері
арқылы белгіленетінін жоққа шығара отырып, ол оның кәсіби
қабілеттілік деңгейіне байланысты екендігін көрсетті. Оның
айтуынша, іскерлікке, педагогикалық квалификацияға негізделетін
педагогикалық шеберлік - бұл тәрбие процесін білу, оны құру,
қозғалысқа түсіру. Педагогикалық шеберлікті меңгеруге әрбір
педагогтың жеке практикалық тәжірибесі мен еңбектенуі
нәтижесінде қол жеткізуіне болады.
Шебер педагог - бұл жоғары мәдениетті, өз ісінің шебері, оқыту
мен тәрбиелеу әдістемесін білетін, психологиялық білімі бар,
сонымен қатар әртүрлі ғылым саласынан хабардар маман.
Педагогикалық шеберлік – балаларды сүйетін, жүрек қалауымен
жұмыс істейтін, әрбір педагогтың қолы жетерлік тәрбие мен оқытуда
тұрақты жетілдіріліп отырылатын өнер.
Педагогикалық үрдістің ерекшелігі, оның кұрылымы және
мазмұны дамыту, оқыту, тәрбиелеу функцияларын тәжірибе бары-
сында тарататын шеберліктің ашылу себептері болып табылады.
Педагогикалык шеберлік педагогикалық мәдениеттің маңызды
құрамдас бөлігі бола отырып, мынадай төрт жүйені қамтитын
күрделі кұрылымды қамтиды:
Достарыңызбен бөлісу: |