Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігі жүйесін сертификаттау



бет135/147
Дата28.11.2023
өлшемі6.41 Mb.
#484771
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

10.7. Денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігі жүйесін сертификаттау

Соңғы кездері денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігі халықаралық стандарттардың мәні қазақстандық мекемелер тәжірибесінде көбеюде. Ол қазіргі экономиканың, сақтандыру үрдісі, Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіру талаптарымен мәжбүрленген. ИСО 9000 сапа жүйе халықаралық сертификатын алу талаптарымен қатар, көптеген шетелдік әріптестер қазастандық мекемелерден OHSAS 18001:1999 (Occupational health and safety management systems) денсаулық сақтау және қауіпсіздігі дүниежүзілік сертификатының болуын талап етеді.


Бұл стандарт мекемеде оқыс жағдайлардың пайда болуын максималды азайтады.
Өндірісте оқыс жағдайдың негізгі себебі «адам» факторы болып табылады, ешқандай автоматика өндірістің толық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Адам бұрынғыша ақырғы шешім қабылдайтын негізгі фигура болып табылады. Өндіріс ортасында адамның іс-әрекетін көптеген факторларға: кәсіптік білім, тәжірибе, көңіл-күй, физикалық жағдайы және тағы басқаға негізделеді. Кейбір жағдайларда адамның іс-әрекетін болжау мүмкін емес. Технологиялық үрдістің ағу үрдісі әрдайым өсіп отырады, мекеменің өндірістік күші, машина, механизмдер көбееді. Қызметкерлердің дұрыс емес істерінің нәтижесінде кейбір жағдайларда апаттық деңгейге барады және көп адам өлімі мен көптеген құралдардың жойылуына себепкер болады.
OHSAS 18001 стандартының негізгі жағдайлары мен принциптері ИСО 9000 стандарттарының құрылымына ұқсас.


  1. Жоғарғы басшылардың денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігі ойын ұстануы (ДСжЕҚ).

  2. ДСжЕҚ жұмыстарына барлық жұмысшыларды жұмылдыру

  3. ДСжЕҚ алдын алу және түзету шаралары .

  4. ДСжЕҚ жұмысын өзін-өзі басқару.

  5. ДСжЕҚ аймағында әрдайым жетілдіріп отыру .

  6. ДСжЕҚ аймағында бүкіл іс-әрекеттің толық құжатталуы .

  7. ДСжЕҚ аймағында барлық құжаттардың әрдайы жетілдіріліп отыруы және өзектілігі .

ДСжЕҚ-ға жалпы жауапкершілікті жоғарғы басшылар алады. Мекеме ДСжЕҚ бойынша сәйкес білімі бар менеджерді тағайындау керек. Әкімшілік қаржылық, адам, уақыт және тағы басқа ресурстарды ДСжЕҚ менеджментін ендіріп және жақсарту үшін беру керек. ДСжЕҚ менеджері:
1. ДСжЕҚ талаптарын жұмыс жағдайында орнатылғанын және қолдануын;
2. ДСжЕҚ жұмысы бойынша қорытындылар жоғарғы басқарушыларға жетуін, талдануын және ДСжЕҚ жұмысын жақсарту үшін қолданылуын қамтамасыз ету керек.
10.7.-суретте ДСжЕҚ менеджментінің қызмет ету сұлбасы көрсетілген.
Жағдайларды тереңірек қарастырайық.

Қолдану аймағы. Стандарт талаптары төмендегілерді қалайтын әрбір мекеме қолдана алады:


  1. ДСжЕҚ менеджменті жүйесін жұмысшыларға тәуекелділікті болдырмау немесе минималдау үшін жасау.

  2. ДСжЕҚ енгізу, жұмыс жағдайында ұстау және әрдайым жағдайын жақсартып отыру .

  3. Басқаларға бұндай сәйкестікті көрсету.

  4. Сыртқы мекемемен ДСжЕҚ менеджмент жүйесін сертификаттау немесе тіркеу.

  5. Анықталу және осы стандарттың талаптарына сай екендігіне мәлімдеме жасау.

ДСжЕҚ жүйесі қызмет етудің барлық әрекеттерін жабық цикл түрінде көрсетуге болады ( сапа спиралінің типі бойынша ): басқарушылар тарапынан талдау-саясат-жобалау-енгізу және қызмет ету, түзету жұмыстарын басқарушылар тарапынан талдау.
ДСжЕҚ жүйесінің нақты қызмет ету үшін құжаттардың жұмысын жасау қажет. ИСО 9000 стандарттар түрі бойынша ол негізгі үш деңгейден тұрады.
Мекемелер өзінің негізгі принциптері мен «саясатта» жетістігінің батылдығын құрайды. Негізгі стратегиялық мақсаттарды айқындайтын құжат. Саясат міндетті:

  1. Мекеменің ДСжЕҚ үшін мінездеме мен көлеміне сәйкес болуы керек.

  2. Әрдайым жақсаруға міндеттемелер қосу.

  3. ДСжЕҚ бойынша заңнаманы сақтау міндеттемесін қосу және басқа талаптар.

  4. Құжатталуы, енгізілуі және жұмыс жағдайында ұсталуы керек .

  5. ДСжЕҚ бойынша жұмысшылар өздерінің міндеттерін білу.

  6. Мүдделі тараптарға ашық болу.

  7. Мекеме үшін сәйкес және жарамды болу.

Ары қарай жұмыс құжаттары жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   147




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет